123
ҚАЗАҚ
Сорғыштың алдыңғы жақтағы айырып-
қосқыштары:
A
ҚОСУ – АЙЫРУ бастырмасы
Қажетті қызметті алу үшін, бір немесе
бірнеше рет басыңыз:
ҚОСУ: сорғыш соңғы таңдалған
жылдамдықта қосылады.
АЙЫРУ: жарықтандырудан басқа
барлық қызметтер өшеді.
B
Жылдамдықты (сорғыштың қуатын)
таңдайтын бастырма
Сорғыштың тиімді жылдамдығын
(1 – 2 – 3) таңдау үшін, бір немесе
бірнеше рет басыңыз.
C
Дисплей: сорғыштың таңдалған
жылдамдығын (1-2-3) көрсетеді, (
F) фильтрлердің шамадан тыс
ластанғанын хабарлайды.
D
Жоғары жылдамдықты қосу
бастырмасы.
Қосқан кезде сорғыш жоғары
жылдамдықта бес минуттай істейді
де, сорғыш қайтадан бұдан бұрын
таңдалған жылдамдыққа (бірден
үшке дейін) ауысады немесе
егер бұдан бұрын ешқандай
жылдамдық таңдалмаса өшеді.
Бес минут өтпестен бұрын жоғары
жылдамдықты сөндіру үшін,
A
немесе
B
бастырмасын басыңыз.
E
Жарықты қосып-айыру бастырмасы
Егер сорғыш немесе айырып-қосқыштар
істемей қалса, бес секундтқа сөндіріңіз
де қайтадан қосыңыз. 15 секунд күтіп
сорғыштың дұрыс істейтініне көз
жеткізіңіз.
Майды өткізбейтін және көмір
фильтрлердің реттеушілері
Сорғыш майды өткізбейтін және
көмір фильтрлерін тазалау қажеттігін
көрсететін құрылғымен жабдықталған
(фильтрлерді өндіретін өндіруші көмір
фильтрімен бірге сатады).
Өндіруші мына сорғышты көмір
фильтрісіз ұсынады, сондықтан
фильтрлердің шамадан тыс ластану
индикаторы өшірулі.
Егер Сіз көмір фильтрмен сорғышты
пайдаланатын болсаңыз, индикаторды
мына ретпен қосу қажет:
Сорғышты «АЙЫРУ»-ға орнатыңыз
B
мен
D
бастырмаларын бір
мезгілде басып үш минуттай ұстап
тұрыңыз, F индикаторы жанады да, 1^
жылдамдық индикаторы жыпылықтайды.
Бір секундтан соң 2^ жылдамдық
индикаторы жыпылықтайды да, жүйе
дұрыс күйге келтірілгенін көрсететін
қысқа белгі беріледі.
Көмір фильтрінің белгісін алып тастау
үшін
B
мен
D
бастырмаларын бір
мезгілде басып үш минуттай ұстап
тұрыңыз, F индикаторы жанады да, 1^
(майды өткізбейтін фильтрі) мен 2^
жылдамдық индикаторы жыпылықтайды.
Бір секундтан соң 1^ жылдамдық
индикаторы ғана жыпылықтайды да,
күйге келтірілгенін хабарлайтын жүйе
қысқа белгі береді.
Майды өткізбейтін фильтрдің
шамадан тыс ластанған индикаторы
(1)
Майды өткізбейтін фильтрді тазалау
қажет кезде, 1 жылдамдық индикаторы
жыпылықтайды.
Көмір фильтрдің шамадан тыс
ластанған индикаторы (2)
Көмір фильтрді тазалау немесе
ауыстыру қажет кезде, 2 жылдамдық
индикаторы жыпылықтайды.
Көмір фильтрді тазалау немесе
ауыстыру туралы мәлімдемені нұсқауда
зейін салып оқыңыз.
Шамадан тыс ластанған индикаторды
қалпына келтіру
Фильтрлерді күйге келтіргеннен кейін,
1 мен 2 индикаторлары жыпылықтауды
қойғанша,
A
бастырманы басып үш
секундтай ұстап тұрыңыз.