Қазақ |
115
Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және
құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
орындаңыз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Қосу/өшіру
Электр құралын
қосу
үшін ажыратқышты
(3)
ауыстырып-
қосқышта
І
көрсетілетіндей алға жылжытыңыз.
Электр құралын
өшіру
үшін ажыратқышты
(3)
ауыстырып-қосқышта
0
көрсетілетіндей артқа
жылжытыңыз.
Қайта іске қосылудан қорғаныс
Қайта іске қосылудан қорғаныс қуат берілуі үзілгеннен
кейін электр құралының бақылаусыз іске қосылуына жол
бермейді.
Қайта іске қосу үшін ажыратқышты
(3)
өшірулі күйіне
келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз.
Бірқалыпты іске қосу
Электрондық бірқалыпты іске қосу құралы қосу кезінде
айналу жиілігін шектеп, қозғалтқыштың қызмет ету
мерзімін ұзартады.
Кесу бағытын ауыстыру
Кесу бағытын ауыстыру үшін қалып ұстағышын
(7)
90°
шамасына жылжытылған үш позицияға бұрауға болады.
Артқа қарай кесу (корпуска қарай) мүмкін емес.
Қалып ұстағышын
(7)
бұрау үшін бұранданы
(4)
қалып
ұстағышы бұралғанша босатыңыз. Оны электрлік
құралының бойлық осіне 90° шамасына оңға немесе
солға бұраңыз.
Бұранданың
(4)
қалып ұстағышындағы
(7)
саңылауға
кіргеніне көз жеткізіңіз. Бұранданы бұрап бекітіңіз.
Пайдалану нұсқаулары
u
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
u
Электр құралы тұрақты пайдалануға арналмаған.
Оны, мысалы, қысқыш немесе верстакке бекіту мүмкін
емес.
u
Жұмыс істеген кезде қорғауыш қолғапты кийіңіз.
Кесілген табақта өткір қыр пайда болып,
жарақаттануыңыз мүмкін.
u
Кесік жоңқасымен жұмыс істегенде сақ болыңыз.
Жоңқаның қырлары өткір болып, сізге жарақат тигізуі
мүмкін.
Электр құралын дайындамаға тек қосулы күйде
апарыңыз. Электр құралын әрдайым табақ бетіне тігінен
ұстап, оны қисайтпаңыз.
Кесу штемпельді төмен қарай жылжыту арқылы
орындалады. Электр құралын кесу бағытымен біркелкі
және азғантай қысыммен жүргізіңіз. Тым қатты қысым
алмалы-салмалы аспаптың қызмет ету мерзімін
айтарлықтай қысқартады және электр құралын
зақымдауы мүмкін.
Электр құралы кесу кезінде сәл көтерілсе, баяу жұмыс
істейді. Штемпель кесу кезінде қысылып қалса, электр
құралын өшіріп, штемпельді майлаңыз да, табақты
босатыңыз. Күш салмаңыз, әйтпесе штемпель мен қалып
зақымдалады.
Кесілетін табақтың максималды қалыңдығы
Кесілетін табақтың максималды қалыңдығы d
max
өңделетін
материалдың беріктігіне байланысты болады.
Электр құралымен ең көбі мына қалыңдыққа ие
табақтарды кесуге болады:
Материал
макс. беріктігі
(Н/мм
2
)
d
max
(мм)
Болат
400
1,6
600
1,0
800
0,7
Алюминий
200
2,0
Штемпельді майлау/суыту
Штемпельдің
(8)
қызмет ету мерзімін ұзарту үшін жақсы
салқындататын майлағыш құралды (мысалы, кескіш
құралға арналған майды) пайдалану керек.
Табақтың жоғарғы жағына жоспарланған кесік
сызығының бойымен майлағыш құралды жағыңыз.
Кертілген таңба немесе үлгі бойынша кесу
Электр құралы сызғыш бойынша бағыттау кезінде тік
кесіктер оңай орындалады.
Электр құралын үлгі бойымен бағыттау арқылы
контурларды кесуге болады.
Ішкі кесіктер жасау үшін
22
мм диаметріндегі саңылауды
алдын ала бұрғылау қажет.
Температураға тәуелді артық жүктемеден қорғаныс
Мақсатына сәйкес пайдалансаңыз, электр құралына
артық жүктеме түспейді. Артық жүктеме түскенде немесе
рұқсат етілген аккумулятор температурасының
диапазонынан тыс болғанда, жүріс саны қысқарады
немесе электр құралы өшеді. Жүріс саны қысқарғанда,
электр құралы аккумулятор рұқсат етілген температураға
жеткеннен кейін толық жүріс санымен жұмыс істейді.
Автоматты түрде өшкен жағдайда электр құралын өшіріп,
аккумуляторды суытыңыз да, электр құралын қайтадан
қосыңыз.
Bosch Power Tools
1 609 92A 7AW | (25.02.2022)