134
| Қaзақша
1 609 92A 0MA | (10.7.14)
Bosch Power Tools
Тік ажарлауыш қауіпсіздік нұсқаулары
Тегістеуге қатысты қауіпсіздік техникасы бойынша
жалпы нұсқаулар
Бұл құралды тегістеу машинасы ретінде пайдалану
керек. Электр құралымен бірге алған барлық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын, ескертпелерді,
суреттер мен деректерді сақтаңыз.
Төмендегі
нұсқаулықтарды орындамау тоқ соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттарға алып келуі мүмкін.
Электр құралы егеуқұм қағазымен, сымды
қылшақтармен жұмыс істеуге, жылтырату және
абразивтік кесуге жарамайды.
Электр құралына
арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті және
жарақаттар тудыруы мүмкін.
Осы электр құралына арналмаған және
өндірушімен ұсынылмаған жабдықтарды
пайдаланбаңыз.
Электр құралында берік бекіту
мүмкіндігі бар жабдықтар ғана қауіпсіз пайдалануды
қамтамасыз етеді.
Ажарлау жабдықтарының рұқсат етілген
айналымдар саны кемінде электр құралында
белгіленген максималды айналымдар санына
сәйкес болуы керек.
Рұқсат етілгеннен жылдам
айналатын ажарлау жабдығы бұзылып, шашылып кетуі
мүмкін.
Жұмыс құралының сыртқы диаметрі және
қалыңдығы электр құралдың өлшемдеріне сәйкес
болуы керек.
Өлшемдері қате анықталған салынған
бөлшек жеткілікті қорғалмайды және бақылаудан
шығуы мүмкін.
Тегістеу шеңберлері, тегістеу білікшесі немесе
басқа керек-жарақтар электр құралыңыздың
тегістеу шпинделіне немесе қысқышына сай болуы
керек.
Электр құралының патронына дұрыс
тұрмауынан алмалы-салмалы аспапқа соғылып
айналады, қатты дірілдейді және бақылауды жоғалтуға
әкелуі мүмкін.
Тиекте орнатылған шеңберлер, тегістеу
цилиндрлері, кесу саймандары немесе басқа керек-
жарақтар қысқыш немесе қысқыш патронға толық
орнатылуы керек. Ажарлау құралы мен қысқыш
немесе қысқыш патрон арасындағы „дөңес“
немесе тиектің бос тұрған бөлігі минималды болуы
керек.
Егер тиек жеткілікті қысылмаса немесе тегістеу
құралы тым ұзақ тұрса, алмалы-салмалы аспап босап,
жоғары жылдамдықпен лақтырылуы мүмкін.
Бұзылған алмалы-салмалы аспапты
пайдаланбаңыз. Жұмыс құралдарында, мысалы,
тегістеу шеңберлерінде, әр пайдалану алдында
сынықтар және жарықтар, тегістеу білікшесіне
сынықтар, өтпес болып қалу және қатты тозу бар-
жоғын, сымды щеткаларда бекітілмеген және
сынған сымдар бар-жоғын тексеріңіз. Электр
құралын немесе алмалы-салмалы аспапты түсіріп
алсаңыз, оны тексеріңіз, тек зақымдалмаған
алмалы-салмалы аспапты пайдаланыңыз. Алмалы-
салмалы аспапты тексеріп пайдалану кезінде
өзіңіздің және өзге адамдардың айналатын
алмалы-салмалы аспаптан қашық жерде
тұрғанында ғана пневматикалық құралды бір минут
ішінде максималды айналымдар санында
қосыңыз.
Зақымдалған алмалы-салмалы аспаптар
тексеру кезінде анықталады.
Жеке қорғаныс жабдықтарын киіп жүріңіз.
Жұмыста бетті толық қорғайтын масканы, көз
сақтауышын немесе қорғаныш көзілдірікті киіңіз.
Қажет болса шаңтұтқыш, қорғауыш қолғапты,
алжапқышты немесе басқа да қорғаныс киімдерін
киіңіз.
Көздер әртүрлі жұмыстардан пайда болып
шашылатын бөтен бөлшектерден қорғануы қажет.
Шаңтұтқыш және газқағар жұмыс кезінде пайда
болатын шаңды сүзгіден өткізеді. Дыбысы қатты
шуылда көп болу есту қабілетіңізді төмендетуі мүмкін.
Басқа адамдардың жұмыс кеңістігінен қашық
тұрғанына көз жеткізіңіз. Жұмыс кеңістігіне кірген
әрбір адам жеке қорғаныш жабдықтарын киюі
қажет.
Дайындама немесе бұзылған алмалы-салмалы
аспаптың сынған бөлшектері атылып жұмыс
кеңістігінен тыс жерде да зақым келтіруі мүмкін.
Алмалы-салмалы аспаптың жасырын тоқ сымына
тиюі ықтимал жұмыстарды орындауда құралды тек
оқшауландырылған тұтқасынан ұстаңыз.
Тоқ өтетін
сымға тию металлды құрал бөлшектеріне тоқ беріп,
соғуына алып келуі мүмкін.
Іске қосуда электр құралын берік ұстаңыз.
Толық
айналымдар санына көтерілген кезде қозғалтқыштың
реакциялық моменті электр құралының бұралып
кетуіне алып келуі мүмкін.
Мүмкін болса, дайындаманы бекіту үшін
қысқышты пайдаланыңыз. Пайдалану кезінде
ешқашан бір кіші дайындаманы бір қолда ұстап
электр құралды басқа қолда ұстамаңыз.
Кіші
дайындамаларды қысып қою арқылы екі қолмен электр
құралын жақсы бақылауға болады. Ағаштық дюбель,
темір шыбық немесе құбыр сияқты домалақ
дайындамаларды ажыратуда олар домалап кетіп,
алмалы-салмалы аспапты қысып сізге айналып соғуы
мүмкін.
Алмалы-салмалы аспап толық тоқтамайынша
электр құралын босатушы болмаңыз.
Айналып
тұрған алмалы-салмалы аспап қойылған жеріне тиіп,
электр құралын бақылауды жоғалтуыңыз мүмкін.
Алмалы-салмалы аспапты алмастырғаннан немесе
аспап параметрлерін өзгерткеннен соң қысқыш
сомынын, қысқыш патрон немесе басқа бекіту
элементтерін бекітіңіз.
Бос бекіту элементтері
кездейсоқ жылжып, бақылаудың жоғалтуына алып
келуі мүмкін; бекітілмеген, айналып тұрған
кұрамдастар лақтырылып тасталады.
Электр құралын тасымалдау кезінде қосушы
болмаңыз.
Кездейсоқ тиюі арқылы айналып тұрған
алмалы-салмалы аспап киіміңізге оралып, денеңізді
ауыр жарақаттауы мүмкін.
OBJ_BUCH-1461-003.book Page 134 Thursday, July 10, 2014 10:26 AM