128
| Қазақ
аккумулятор температурасы тым жоғары болғанын
білдіреді және электр құралы автоматты түрде өшіп
қалады.
Электр құралын өшіріп, жұмысты жалғастырмас бұрын
аккумуляторды суытыңыз.
Температураны бақылау/артық жүктемеден қорғаныс
индикаторы
(9)
қызыл түспен
жыпылықтаса
, электр
құралы бұғатталып, автоматты түрде өшіп қалады.
Электр құралын дайындамадан тартып шығарыңыз.
Бұғатталу жойылғаннан кейін электр құралы реттелген
жүріс санымен жұмысын жалғастырады.
Пайдалану нұсқаулары
u
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
u
Қылышты ара тұрып қалса электр құралын бірден
өшіріңіз.
Кеңестер
u
Жеңіл құрылыс материалдарын аралау кезінде
материал өндірушісінің нұсқаулықтары мен
ұсыныстарын орындаңыз.
Ағаш, АЖТ, құрылыс материалдарын және т.б. аралау
алдында ине, бұранда және т.б. сияқты бөгде заттардың
бар-жоғын тексеріп шығыңыз және жарамды ара төсемін
пайдаланыңыз.
Электр құралын қосып өңделетін дайындамаға апарыңыз.
Тіреу тақтасын
(2)
дайындама бетіне қойып, материалды
бірқалыпты ретте басып немесе жылжытып аралаңыз.
Жұмыс әрекетін аяқтағаннан соң электр құралын
өшіріңіз.
Ара төсемі тұрып қалса, электр құралын бірден өшіріңіз.
Араланған аралықты сайкес аспаппен аз кеңейтіп электр
құралын шығарыңыз.
Батырып аралау (E суретін қараңыз)
u
Батырып аралау кезінде тек ағаш, гипсокартон
және т.б. сияқты жұмсақ материалдарды өңдеуге
болады! Батырып аралау кезінде металл заттарды
өңдемеңіз!
Батырып аралау үшін тек қысқа ара төсемдерін
пайдаланыңыз.
Электр құралын тіреу тақтасының
(2)
жиегімен ара
төсемін
(1)
дайындамаға тигізбей дайындамаға қойыңыз
және іске қосыңыз. Жүріс басқаруы бар электр
құралдарда максималды жүріс санын таңдаңыз. Электр
құралын қатты дайындамаға басып, ара төсемін ақырын
дайындамаға кіргізіңіз.
Тіреу тақтасы
(2)
дайындамаға толықтай жайылғанда,
қалаулы кесік сызығымен аралаңыз.
Белгілі бір жұмыстарда ара төсемін
(1)
180°-қа бұрап
(тістерін жоғары қаратып), қайта орнатуға және электр
құралын тиісінше бұрап бағыттауға болады.
Суыту/майлау құралдары
Металды аралауда қызып кетуі себебінен кесік
сызығында суыту немесе майлау құралын сүру керек.
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы
нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура
ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте
қалдырмаңыз.
Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және
құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
орындаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
u
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
u
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Ара дискісінің бекіткішін жұмсақ қылшақпен ақырындап
тазалаңыз. Ол үшін ара дискісін электр құралынан
шығарып алыңыз. Ара дискісінің бекіткішін тиісті
майлағыш заттарды пайдалану арқылы ақаусыз күйде
сақтаңыз.
Электр құралының қатты ластануы жұмыс ақаулықтарына
алып келуі мүмкін. Сол үшін қатты шаң жасалатын
материалдарды төменнен баспен араламаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Жарылу сызбалары мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтерді төмендегі мекенжайда табасыз:
www.bosch-pt.com
Bosch бағдарламасы кеңес тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімдің зауыттық тақтайшасындағы
10-санды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош”
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен
1 609 92A 4T8 | (26.03.2019)
Bosch Power Tools