156
| Қaзақша
1 609 92A 0J8 | (4.7.14)
Bosch Power Tools
Редукторлық басты бұру
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Редукторлық басты 90°
қадамдармен бұруға
болады. Осылайша
сөндіргішті жұмыс үшін
ыңғайлы күйге орнатуға
болады, мысалы, сору
жұмыстары үшін
соратын қалпақпен
және
бағыттауыштармен
18
немесе солақай үшін.
4 бұранданы
толығымен бұрап босатыңыз. Редукторлық басты
корпустан алмастан
жаңа күйге жайлап бұрыңыз.
4 бұранданы берік бекітіңіз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Элект құралы қуат қоры жеткіліксіз немесе іске қосу тогын
күшейтетін сәйкес кернеу реттегішімен жабдықталмаған
электр генераторларынан қуат алса, қосу кезінде қуат
төмендеуі немесе электр құралы әдеттен тыс әрекет етуі
мүмкін.
Генератордың жарамдылығын, әсіресе, желі үшін
жарамдылығын тексеріңіз.
Қосу/өшіру
Электр құралды
қосу үшін
сөндіргішті
16
алға
жылжытыңыз, содан кейін басыңыз.
Электр құралды
өшіру
үшін қосқышты/өшіргішті
16
жіберіңіз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Пайдаланудан алдын ажарлау құралдарын қайта
тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш
кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде сынау
жұмысын жүктемесіз орындаңыз. Ақауы бар,
домалақ емес және дірілдейтін ажарлау
құралдарын пайдаланбаңыз.
Бұзылған ажарлау
құралдары жарылып зақымдарға алып келуі мүмкін.
Іске қосу тогының шектеулері (GWS 24-300 J)
Іске қосу тогын шектеудің электрондық жүйесі электр
құралды қосу кезіндегі қуатты шектейді және 16 А
розеткадан жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Пайдалану нұсқаулары
Тірек қабырғаларда ойықтар жасағанда абайлаңыз,
„Статика туралы нұсқаулар“ тарауын қараңыз.
Салмағы тұрақты қалыпты қамтамасыз етпесе,
дайындаманы бекітіңіз.
Электр құралға тоқтағанша жүктеме түсірмеңіз.
Жоғары жүктемеден кейін электр құралдың біраз
салқындауына, бірнеше минут бос жүрісте жұмыс
істеуіне мүмкіндік беріңіз.
Тегістеу және кесу шеңберлеріне тимеңіз.
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Тегістеу шеңберлерін соқтығысудан, соққыдан және
майдан қорғаңыз. Тегістеу шеңберлерін бүйірлік
қысымнан сақтаңыз.
Металдарды кесу
Алмасты абразивтер көмегімен кесу үшін әрқашан
кесуге арналған қаптаманы 6 пайдаланыңыз.
Тегістеу шеңберімен кескенде біркелкі, материал үшін
дұрыс берумен жұмыс істеңіз. Кесу шеңберіне қысым
түсірмеңіз, оны еңкейтпеңіз және шайқамаңыз.
Бүйірлік қысыммен айналғанында кесу шеңберін
тоқтатпаңыз.
Электр құралды
әрқашан айналу
бағытына кері жүргізу
керек. Әйтпесе
бақылаусыз
кесілген
жерден шығу қаупі
туындайды.
Профильдерді немесе
төрт қырлы
құбырларды кесу
кезінде кесуді ең аз
көлденең қимада
бастаңыз.
OBJ_BUCH-280-005.book Page 156 Friday, July 4, 2014 10:30 AM