43
Бірінші рет пайдалану алдында
Мұнда тамақты бірінші рет әзірлеу алдында газ әзірлеу бетімен
не істеу керек екенін біле аласыз. Алдымен
Қауіпсіздік техникасы
туралы нұсқаулар
тарауын оқыңыз.
Сағатты орнату
Қосқан кезде дисплейде
0
таңбасы және үш нөл жанады.
Сағатты орнатыңыз.
1.
0
түймесін басыңыз.
Дисплейде 12:00 уақыты пайда болады және
0
таңбасы
жыпылықтайды.
2. + түймесінің немесе - түймесінің көмегімен уақытты
орнатыңыз.
Бірнеше секундтан кейін орнатылған уақыт қабылданады.
Духовка шкафын қыздыру
Жаңа құрылғының иісін кетіру үшін бос духовка шкафын
қыздырыңыз. Бұл жағдайда шкафты Жоғарғы/төменгі ыстық
%
режимінде 240 °C температурасында қыздыру тамаша шешім
болып табылады. Жұмыс камерасында орама қалдықтары
болмауын қадағалаңыз.
1. Функциялар ауыстырып-қосқышының көмегімен Жоғарғы/
төменгі ыстық
%
режиміне орнатыңыз.
2. Температура реттегішінің көмегімен 240 °C мәнін орнатыңыз.
Бір сағаттан кейін духовка шкафын өшіріңіз. Функциялар
ауыстырып-қосқылын және температура ауыстырып-қосқышын
нөл күйіне орнатыңыз.
Құралдарды тазалау
Құралды бірінші рет пайдаланбай тұрып ыстық сабынды сумен
және жұмсақ шүберекпен мұқият тазалаңыз.
Газ жанарығысыынң бастарын және
қақпақтарын алдын ала тазалау
Газ жанарғысының қақпағын (1) және басын (2) жуғыш затты
қосып тазалаңыз. Барлық бөлшектерді жақсылап құрғатыңыз.
Жалын бөлгішті және жанарғы қақпағын конфорка корпусына (5)
қайтадан орнатыңыз. Білте (3) және жалын датчигі (4)
зақымдалмауын қадағалаңыз.
Форсунка (6) құрғақ және таза болуы керек. Жанарғы қақпағын
жалын бөлгіште әрқашан тегіс орнату керек.
Қолайлы ыдыс
Пайдалану туралы нұсқаулар
Келесі нұсқаулар қуатты үнемдеуге және ыдыстың зақымдалуын
болдырмауға көмектеседі:
Жанарғы/электр
конфорка**
Кәстрөлдің ең аз
диаметрі
Кәстрөлдің ең үлкен
диаметрі
Электр конфорка*
14,5 см
14,5 см
Wok жанарғысы** 3,6
кВт
24 см
28 см
Үнемді жанарғы 3 кВт 24 см
28 см
Стандартты жанарғы
1,7 кВт
18 см
24 см
Үнемді жанарғы 1 кВт 12 см
18 см
* Опция (электр конфорка бар үлгілер үшін)
* Опция (Wok жанарғысы бар үлгілер үшін)
Әр жанарғы үшін өлшемі
қолайлы ыдысты
пайдаланыңыз.
Үлкен жанарғылар үшін өлшемі
шағын ыдысты пайдаланбаңыз.
Жалын ыдыстың бүйірлеріне
тимеуі керек.
Әзірлеу бетінде тұрақты
тұрмайтын пішіні өзгерген
ыдысты пайдаланбаңыз. Ыдыс
аударылуы мүмкін.
Тек түбі тегіс немесе қалың
ыдысты пайдаланыңыз.
Қақпақсыз немесе жылжып
кеткен қақпақпен әзірлемеңіз.
Қуаттың көп мөлшері
тұтынылады.