48
Жуғыш заттар
Беттер дұрыс емес тазалау заттармен зақымдалмауы үшін келесі
ақпаратқа назар аударыңыз.
Әзірлеу бетін тазалағанда
■
араластырылмаған жуғыш затты немесе ыдыс жуу
машинасына арналған жуғыш затты пайдаланбаңыз,
■
ешбір қырғыштарды,
■
духовкалардағы тазалағыштар немесе дақ кетіргіштер сияқты
агрессивті тазалағыш заттарды пайдаланбаңыз,
■
ешбір қысымы жоғары тазалағыштарды немесе бу
тазалағыштарын пайдалануға болмайды.
■
Жекелеген элементтерді ыдыс жуу машинасында
тазаламаңыз.
Духовканы тазалағанда
■
агрессивті немесе абразивті тазалағыш заттар
■
құрамында спирт көп ешбір жуғыш заттарды,
■
ешбір қырғыштарды,
■
ешбір қысымы жоғары тазалағыштарды немесе бу
тазалағыштарын пайдалануға болмайды.
■
Жекелеген элементтерді ыдыс жуу машинасында
тазаламаңыз.
Бірінші рет пайдаланбай тұрып жаңа губкаларды мұқият жуыңыз.
Тот
баспайтын
болаттан
жасалған
беттер
Құрылғыны сумен және азғантай жуғыш зат мөлшерімен жуыңыз. Әрқашан текстуралық суретке параллель
сүртіңіз. Әйтпесе сызаттар пайда болуы мүмкін. Құрғақ шүберекпен құрғатыңыз. Әк, жануар майы, крахмал
және ақуыз дақтарын бірден кетіріңіз. Абразивті тазалағыш заттарды, сызат түсіретін губкаларды немесе
тазалауға арналған қатты шүберектерді пайдаланбаңыз. Тот баспайтын болаттан жасалған беттерді күтуге
арналған арнайы заттармен жылтыратуға болады. Өндіруші нұсқауларын орындаңыз. Тот баспайтын болатқа
арналған арнайы тазалағыштарды біздің сервистік қызметтен немесе арнайы дүкеннен сатып алуға болады.
Эмальдалған
және
лакталған
беттер
Жуғыш заттың азғантай мөлшерімен және ылғалды шүберекпен сүртіңіз. Құрғақ шүберекпен құрғатыңыз.
Жанарғылар
және
конфоркалар
үстіндегі
болат
тор
Ыдыс жуу машинасында тазаламаңыз. Торды алыңыз және губка, жуғыш зат және жылы судың азғантай
мөлшерінің көмегімен тазалаңыз. Жанарғылардың корпустарын және қақпақтарын алыңыз. Тазалау үшін
губканы, жуғыш затты және жылы судың азғантай мөлшерін пайдаланыңыз. Жанарғы корпусындағы газ
шығару тесіктері таза және бітелмеген болуын қадағалаңыз. Жандыру білтесін шағын, жұмсақ щеткамен
тазалаңыз. Газ жанарғылары жандыру білтелері таза болса ғана қызмет етеді. Жуғыш зат және ылғалды
шүберек көмегімен тамақ қалдықтарын кетіріңіз. Бұл кезде судың азғантай мөлшерін пайдаланыңыз. Су
құрылғы ішіне кірмеуі керек. Тазалау кезінде форсунканың зақымдалмауын қадағалаңыз және қақпақты тура
жанарғының корпусына орнатыңыз. Конфорка бөлшектері тегіс орнатылмаса, онда оны жандыру қиын
болады. Жанарғылардың қақпақтары қара эмальмен жабылған. Жоғары температураларға байланысты
эмаль түсін өзгертуі мүмкін. Бұл жанарғының қызметіне әсер етпейді. Торды духовкаға қайтадан орнатыңыз.
Электр
конфорка
(
опция
)
Тазалау губкасының бүдір жағымен, азғантай тазалағыш затпен тазалаңыз. Тазалаудан кейін құрғату үшін
электр конфорканы қысқа уақытқа қосыңыз. Ылғалды конфоркалар уақыт өте келе тот басады. Аяқтағанда
әрқашан күту затын жағыңыз. Ағып кеткен сұйықтықтарды және тамақ қалдықтарын әрқашан бірден кетіріңіз.
Электр
конфорканың
металл
қыздыру
сақинасы
(
опция
)
Металл қыздыру сақинасы уақыт өте келе түсін өзгертуі мүмкін. Бірақ бастапқы түсті қалпына келтіруге
болады. Металл қыздыру сақинасын губканың бүдір жағымен, азғантай тазалағыш затпен тазалаңыз. Бұл
кезде жанындағы беттерге тимеңіз. Олар зақымдалуы мүмкін.
Түймелер
Жуғыш заттың азғантай мөлшерімен және ылғалды шүберекпен сүртіңіз. Құрғақ шүберекпен құрғатыңыз.
Әйнек
тақта
Әйнектерге арналған жуғыш затпен тазалауға болады. Күшті тазалағыш заттарды немесе үшкір металл
заттарды пайдаланбаңыз. Олар әйнектің бетін зақымдауы және сызат түсіруі мүмкін.
Тығыздағыш
Ылғалды сүлгімен сүртіңіз. Құрғақ шүберекпен құрғатыңыз.
Духовка
,
төбе
және
бүйірлік
қабырғалар
үшін
Таза, жылы сумен немесе сірке суы қосылған сумен. Қатты ласталғанда: Духовкаларға арналған тазалағыш
заттарды тек суыған беттерде пайдаланыңыз. Ешқашан артқы қабырғаға жақпаңыз.
Духовка
шкафындағы
шамның
шыны
плафоны
Жуғыш заттың азғантай мөлшерімен және ылғалды шүберекпен сүртіңіз. Құрғақ шүберекпен құрғатыңыз.
Құралдар
Жылы сабынды суда жібітіңіз. Щеткамен немесе губкамен тазалаңыз.
Алюминий
таба
(
опция
)
Ыдыс жуу машинасында тазаламаңыз. Ешқашан духовкаға арналған тазалағышты пайдаланбаңыз.
Сызаттарды болдырмау үшін металл беттерге пышақпен немесе сол сияқты үшкір затпен тимеңіз. Жуғыш
заттың азғантай мөлшерімен және ылғалды шүберекпен сүртіңіз. Құрғақ шүберекпен құрғатыңыз. Абразивті
тазалағыш заттарды, сызат түсіретін губкаларды немесе тазалауға арналған қатты шүберектерді
пайдаланбаңыз. Табаға сызат түседі
Балалардан
қорғау
(
опция
)
Духовка есігінде балалардан қорғау орнатылған болса, оны тазаламай тұрып алу керек. Бүкіл пластик
бөлшектерді жылы сабынды суда жібітіңіз және губкамен жуыңыз. Құрғақ шүберекпен құрғатыңыз. Қатты
ласталса, балалардан қорғау дұрыс қызмет ете алмайды.
Ашылмалы
астыңғы
жәшік
(
опция
)
Жуғыш заттың азғантай мөлшерімен және ылғалды шүберекпен сүртіңіз. Құрғақ шүберекпен құрғатыңыз.
Құралдар
Жылы сабынды суда жібітіңіз. Щеткамен немесе губкамен тазалаңыз.