113
PHS5987 01/2013
113
kk
Шашты бұйралау
Бұрым жасаудың үш тәсілінің бірін
пайдалана аласыз. Кез келген жағдайда
құрғақ шашты ені шамамен 2 см бірдей
тұтамдарға бөлу керек. Шаш тұтамдары
неғұрлым жұқа болса, бұрымдар
соғұрлым қанық болады.
Бүкіл шаштан көлемді бұрымдар жасау
(
B
суреттер қатары)
● Түзеткішті көлденең бағытта ұстаңыз,
шаш тұтамын пластиналар арасына
қойып, оларды жабыңыз.
● Шаш тұтамын жоғарғы қыздыру
пластинасын бір орау арқылы түзеткішті
180° бағытқа бұраңыз.
● Пластиналарды толық қысып, шаш
тұтамының ұшына дейін біркелкі түрде
тартыңыз. Сол кезде бос қолыңызбен
төменгі жиекті нықтап ұстаңыз.
● Енді пластиналарды ашыңыз.
Көлемді бұрымдарды ұзындық бойынша
жасау (
C
суреттер қатары)
● Түзеткішті көлденең бағытта ұстаңыз,
шаш тұтамын пластиналар арасына
қойып, оларды жабыңыз.
● Шаш тұтамын төменгі қыздыру
пластинасын бір орау арқылы түзеткішті
180° бағытқа бұраңыз.
● Пластиналарды толық қысып, шаш
тұтамының ұшына дейін біркелкі түрде
тартыңыз. Сол кезде бос қолыңызбен
төменгі жиекті нықтап ұстаңыз.
● Енді пластиналарды ашыңыз.
Спиральді бұрымдар жасау
(
D
суреттер қатары)
● Түзеткішті тік бағытта ұстаңыз, шаш
тұтамын пластиналар арасына төменгі
бөлікке қойып, оларды жабыңыз.
● Шаш тұтамын әлі шаш оралмаған
қыздыру пластинасын бір орау арқылы
түзеткішті 180° бағытқа бұраңыз.
● Пластиналарды толық қысып, шаш
тұтамының ұшына дейін қиғаш
тартыңыз. Сол кезде бос қолыңызбен
төменгі жиекті нықтап ұстаңыз.
● Енді пластиналарды ашыңыз.
Ескертпе:
Бұрымдардың түзеліп кетпеуін
қадағалаңыз.
Шаш сәнін ұзақ уақыт бойы сақтау
туралы кеңес:
Әлі ыстық бұрымды
жиырып, шаш қыстырғышпен суығанша
бекітіңіз.
Назар аударыңыз:
Анағұрлым шаш
саулығын сақтайтын және оңтайлы
шаш реттеу температурасы біріншіден
тарту жылдамдығына байланысты
(келтірілген мәндер шамамен 2 см / сек
жылдамдығымен есептелген).
● Қысқа шашты өңдегенде (ұзындығы
шамамен 10 см) әр шаш тұтамын
біркелкі тарту уақыты шамамен 5 секунд
болуы керек.
● Иыққа дейін жететін ұзындықтағы
шашты өңдегенде (шамамен 20 см) әр
шаш тұтамын біркелкі тарту уақыты
шамамен 10 секунд болуы керек.
● Ұзын шашты өңдегенде (ұзындығы
шамамен 40 см) әр шаш тұтамын
біркелкі тарту уақыты шамамен
20 секунд болуы керек.
● Жылдамырақ тарту қимылын қолдану
үшін жоғарырақ температураға орнату
керек (Дәл сол нәтижеге қол жеткізесіз,
бірақ шашыңыз қаттырақ зақымданатын
болады).