48
| Қазақ
Өшу автоматикасын өшіру үшін (өлшеу құралы қосулы
болғанда) жұмыс түрлері пернесін
(4)
кемінде 3 сек.
басып ұстаңыз. Өшу автоматикасы өшкен болса, лазер
сәулелері растау үшін қысқа уақыт жыпылықтайды.
Автоматты өшуді белсендендіру үшін өлшеу құралын
өшіріп, қайта қосыңыз.
Пайдалану түрлері
Өлшеу құралында бірнеше жұмыс режимі бар, оларды
әркез ауыстыруға болады:
– Қиылысу режимі (
A
суретін қараңыз): бір көлденең
лазер жазықтығын және алға қаратылған бір тік лазер
сызығын шығарады,
– Көлденең режим (
B
суретін қараңыз): көлденең лазер
жазықтығын шығарады,
– Тік жұмыс режимі (
C
суретін қараңыз): алға
қаратылған бір тік лазер сызығын шығарады.
Жұмыс режимін ауыстыру үшін лазер жұмыс режимінің
түймесін
(4)
лазер сәулелері қалаулы жұмыс режимінде
шыққанша басыңыз.
Барлық жұмыс режимдері нивелирлеу автоматикасымен
да, еңіс функциясымен да орындалуы мүмкін.
Нивелирлеу автоматикасы
Өлшеу құралы жұмыс барысында әрдайым күйді
қадағалайды. ±
4
° шамасындағы өздігінен нивелирлеу
аймағының аясында орнатқан кезде, ол нивелирлеу
автоматикасымен жұмыс істейді. Өздігінен нивелирлеу
аймағынан тыс ол автоматты түрде еңіс функциясына
ауысады.
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу (A–
C суреттерін қараңыз)
Өлшеу құралын көлденең, берік бетке қойып,
ұстағышқа
(10)
немесе штативке
(17)
бекітіңіз.
Нивелирлеу автоматикасы ±
4
° шамасындағы өздігінен
нивелирлеу аймағында тегіс емес жерлерді автоматты
түрде тегістейді. Лазер сәулелері үздіксіз жанып
тұрғанда, өлшеу құралы нивелирленген болады.
Автоматты түрде нивелирлеу мумкін болмаса, мысалы,
өлшеу құралы тұрған бет көлденең сызықтан
4
°
шамасынан артық ауытқыған болса, лазер сызықтары
алдымен 2 секунд ішінде жылдам ырғақпен
жыпылықтайды. Сонан соң лазер сызықтары 5 секунд
жанып тұрады да, содан кейін әр 5 секунд сайын жылдам
ырғақпен жыпылықтайды. Өлшеу құралы еңіс
функциясында тұрады.
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеуді жалғастыру
үшін өлшеу құралын көлденеңінен қойып, өздігінен
нивелирлеу аяқталғанша күтіңіз. Өлшеу құралы ±
4
°
шамасындағы өздігінен нивелирлеу аймағында тұрса,
лазер сәулелері үздіксіз жанады.
Пайдалану кезінде қағылыстар болса немесе күй өзгерсе
өлшеу құралы автоматты ретте өзін нивелирлейді.
Нивелирлеуден соң өлшеу құралының жылжуы арқылы
пайда болуы мүмкін қателердің алдын алу үшін лазерлік
сызықтардың күйін негізгі нүктелерге салыстырып
тексеріңіз.
Еңіс функциясымен жұмыс істеу (K суретін қараңыз)
Өлшеу құралын еңіс бетке қойыңыз. Еңіс функциясымен
жұмыс істеген кезде, лазер сәулелері алдымен 2 секунд
жылдам ырғақпен жыпылықтайды. Сонан соң лазер
сызықтары 5 секунд жанып тұрады да, содан кейін әр
5 секунд сайын жылдам ырғақпен жыпылықтайды.
Еңіс функциясында лазер сызықтары бұдан былай
нивелирленбейді және бір-біріне тігінен өтпейді.
Өлшеу құралының дәлдігін тексеру
Дәлдік әсерлері
Қоршау температурасы ең күшті әсер етеді. Еденден
жоғарыға болған температура өзгерістері лазер сәулесін
ауытқуы мүмкін.
Температура айырмашылығы еденге жақын аймақта
үлкен болғаны үшін, өлшеу құралын мүмкіндігінше
штативке орнатып, жұмыс аймағының ортасына
орналастыру қажет.
Сыртқы әсерлерден тыс аспаптық әсерлер де (мысалы
қағылыс немесе қатты соққылар) ауытқуларға алып келуі
мүмкін. Сол үшін әр жұмыстан алдын нивелирлеу дәлдігін
тексеріңіз.
Егер өлшеу құралы тексеру кезінде максималды
ауытқудан асырса, оны
Bosch
сервистік орталығында
жөндетіңіз.
Көлденең сызықтың биіктік дәлдігін тексеру
Тексеру үшін
5
м бос өлшеу қашықтығы қатты жерде A
мен B екі қабырғаның арасында керек болады.
– Өлшеу құралын А қабырғасының жанындағы штативке
немесе берік әрі тегіс бетке орнатыңыз. Өлшеу
құралын қосып, қиылысу режимін таңдаңыз.
A
B
5 m
– Лазерді жақын A қабырғасына бағыттап, өлшеу
құралын нивелирлеңіз. Лазер сызықтары қабырғада
айқыш-ұйқыш нүктесінің ортасын белгілеңіз
(
Ⅰ
нүктесі).
1 609 92A 607 | (14.01.2021)
Bosch Power Tools