27
KZ
ТУРБО РЕЖИМІ.
•
Турбо режимі (5) ауа ағынының жоғарылауына
байланысты шашты тез кептіруге арналған.
•
Қосқыштың (1) көмегімен жылдамдықты таңдаңыз,
Турбо режимі батырмасын (5) басып ұстап
тұрыңыз, осылайша ауа ағынын көбейтіңіз.
ҚЫЗЫП КЕТУДЕН ҚОРҒАНЫС
•
Қызып кетуден қорғау жүйесі шығатын ауаның
температурасы артып кеткен жағдайда фенді
ажыратады.
•
Егер фен пайдалану барысында өшіп қалса,
ауыстырғышты (1) «0» күйіне қойыңыз,
электр розеткасынан желі бауының ашасын
шығарыңыз және шығу немесе кіру тесіктері
бұғатталмағандығын тексеріңіз.
•
Құралды 5-10 минут суытып, содан кейін қайтадан
қосыңыз. Фен-қылшақты пайдалану кезінде ауа
саңылауларын бұғаттамаңыз және
•
шаштың ауа тартқыш торына (4) түсуін
болдырмаңыз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
•
Фен тек тұрмыстық пайдаланымға арналған.
•
Ауыстырғышты (1) «0» күйіне орнатыңыз,
фенді электр желісінен ажыратыңыз және оны
суытыңыз.
ҚОНДЫРМА-КОНЦЕНТРАТОР
•
Қондырма-концентраторды (3) құрғату күшін
шағын ауданда (мысалы, бұрымға немесе
толқынға) шоғырландыру қажет болғанда, немесе
сіз бұйраланатын шашты түзеткіңіз келгенде
пайдалануға болады.
•
Қондырма-концентраторды (3) аспап корпусына
қосыңыз. Қондырма-концентратор (3) сізге жоғары
қарқынды ауа ағынын белгіленген шаш тарамына
бағыттауға мүмкіндік береді.
•
Желі бауының ашасын электр розеткасына
тығыңыз. Ауыстырғыш (1) көмегімен қажетті
жұмыс режимін орнатыңыз.
•
Егер желі бауы жұмыс кезде бұралып қалса, оны
мезігілмен түзетіп отырыңыз.
«TORNADO» АУА ҚОНДЫРМАСЫ
•
«TORNADO» ауа қондырмасы (7) «ыстық нүкте»
жасамайтын айналмалы ауа ағынын жасайды, бұл
шашты үлгісін модельдеу кезінде қорғап кептіруге
мүмкіндік береді.
•
Ауа қондырмасын (7) фен корпусына қосыңыз.
•
Фенді қосыңыз және қажетті жұмыс режимін
орнатыңыз.
•
Жұмысты аяқтағаннан кейін, жұмыс режимінің
қосқышымен (1) шаш кептіргішті өшіріңіз, электр
розеткасынан қуаттандыру бауының ашасын
сурыңыз.