24
KZ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ ПАЙДАЛА
-
НУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
Құрылғыны пайдаланар алдында пайдалану
нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз, оқыған соң,
болашақта пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
•
Құралды осы нұсқаулықта баяндалғандай оның
тікелей мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
•
Құрылғыны дұрыс қолданбау оның бұзылуына, және
пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян келтіруге
әкеп соғуы мүмкін және кепілдік жағдайы болып
саналмайды.
•
Мультистайлер тек құрғақ және аздап дымқыл
шашты реттеу үшін арналған суланған шашты
немесе синтетикалық парикті реттеу үшін құрылғыны
пайдаланбаңыз.
•
Заттаңбада көрсетілген құрылғының жұмыс кернеуі
электр желісінің кернеуіне сәйкес екеніне көз
жеткізіңіз.
•
Егер сіз ұйқылы-ояу күйде болсаңыз, құрылғыны
пайдаланбаңыз.
•
Құрылғыны үй-жайдан тыс жерде пайдалануға
тыйым салынады.
•
Найзағай кезінде құрылғыны пайдалану
ұсынылмайды.
•
Құрылғыны соққыдан, құлаудан, дірілден және басқа
да механикалық әсерлерден сақтаңыз.
•
Желіге қосылған мультистайлерді қараусыз
қалдырмаңыз.
•
Құрылғыны жылытатын аспаптардың, ашық
оттың немесе жылу көздерінің тікелей қасында
пайдаланбаңыз.
•
Құрылғыны аэрозольдар пайдаланылатын немесе
шашырайтын жерлерде, сондай-ақ тез тұтанатын
сұйықтықтарға жақын жерлерде пайдалануға
тыйым салынады.
•
Құрылғыны ас үй раковинасына жақын, жуынатын
бөлмеде, бассейндер немесе басқа да су
толтырылған сиымдылықтарға жақын жерде
пайдаланбаңыз.
•
Құрылғыны ванна қабылдау кезінде
пайдаланбаңыз.
•
Суға толы ваннаға немесе қолжуғышқа түсіп
кете алатын жерлерде құрылғыны іліп қоймаңыз
және сақтамаңыз, құрылғы корпусын, желі бауын
немесе желі бауының ашасын суға немесе кез-
келген басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
•
Егер құрылғы суға құлап кетсе, дереу қуаттандыру
баусымының ашасын электр розеткасынан
суырыңыз, осыдан кейін ғана құрылғыны судан
алып шығуға болады.Құрылғыны тексерту немесе
жөндету үшін рұқсаты бар сервис орталығына
жүгініңіз.
•
Желі бауыының ыстық беттерге және жиһаздың
өткір жиектеріне тиюін болдырмаңыз.
•
Құрылғыны пайдаланып болғаннан кейін немесе
тазалау алдында электр желісінен ажыратыңыз.
Құрылғыны электр желісінен ажыратқан кезде тек