ЖАЛПЫ ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Өнімде немесе осы пайдалану нұсқаулығында берілген ескертулер мен қауіпсіздік шаралары орындалуы тиіс.
Қауіпті әсерлерден қорғану үшін берілген ескертулер мен қауіпсіздік шараларын орындамау жарақатқа немесе
жазатайым оқиғаға себеп болуы мүмкін. Мазмұнымен танысу және өнімді тиісті түрде басқару үшін осы пайдалану
нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз. Сондай-ақ, қажет болған кезде оңай анықтама алу үшін бұл нұсқаулықты
қауіпсіз жерде сақтаңыз.
Осы пайдалану нұсқаулығында жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталу арқылы сізді және басқаларды
қорғау мақсатында қауіп-қатерлерді анықтау үшін келесі таңбалар мен терминдер қолданылады.
ЕСКЕРТУ
Ескерілмеген жағдайда сіздің не басқалардың өліміне немесе қатты
жарақаттануына әкеліп соғатын ықтимал қауіпті жағдайды білдіреді.
Әрқашан қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету үшін ескерту жазбаларының
барлығына назар аударыңыз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ
Ескерілмеген жағдайда сіздің не басқалардың өліміне немесе кішігірім
не орта жарақат алуына, мүліктің зақымдалуына әкеліп соғатын ықтимал
қауіпті жағдайды білдіреді.
ЕСКЕРТПЕ
Ескерілмеген жағдайда өнімді жұмысқа жарамсыз күйге келтіретін немесе
оның дұрыс жұмыс істемеуіне әкеліп соғатын маңызды ақпаратқа көңіл
аударады. Сондай-ақ, басқару үшін пайдалы ақпаратпен қамтамасыз етеді.
ӨНІМДІ ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ
1. Өнімнің ішіне су тиюіне немесе оның үстіне су төгілуіне ешқашан жол бермеңіз. Егер өнімнің ішіне су тисе,
пайдалануды бірден тоқтатыңыз. Болмаса, өрт шығу немесе электр тогының соғу қаупі туындайды.
2. Күнге немесе басқа күшті жарық көзіне объектив арқылы қарамаңыз. Ол көздердің жарақаттануына әкеліп соғуы
мүмкін.
САҚ БОЛЫҢЫЗ
1. Өнімді тасымалдау кезінде немесе фотокамера таяуышына бекіту не ажырату кезінде түсіріп алмаңыз. Өнім
құлап, жарақат алуға әкеліп соғуы мүмкін.
2. Барлық бекіткіштердің мықтап бекітілгендігіне көз жеткізіңіз. Егер бекіткіштердің бірі босап қалса, өнім құлап,
жарақат алуға әкеліп соғуы мүмкін.
3. Кабельді жалғау немесе ажырату кезінде қосқыштың өзінен ұстаңыз. Кабель бойынан тарту сымдардың
жұлынуы сияқты кабель зақымдалуына әкеліп соғуы мүмкін. Зақымдалған кабельден қуаттың шығуы өрт
немесе электр тогының соғу қаупін тудыруы мүмкін.
4. Барлық бекіткіштердің мықтап бекітілгендігіне көз жеткізу үшін кезеңді түрде (жылына шамамен әр 6 ай сайын)
тексеріп, босап қалған бөліктерін бекітіңіз. Болмаса, өнім құлап, жарақат алуға әкеліп соғуы мүмкін.
5. Егер осы өнімді жөндеу немесе осы пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілмеген жұмыстар мен баптауларды
орындау қажет болса, Canon өкілі немесе бастапқыда өнімді жеткізген дилермен хабарласыңыз.
6. Бұл өнім тікелей күн көзінде пайдаланылған кезде құралдың ішкі бөліктері жоғары температураға дейін қызуы
мүмкін. Құралдың жоғары температура әсеріне ұшырауы күтілген кезде тұтынушы тарапынан тиісті қызып
кетуді болдырмау шараларын орындаңыз.
Summary of Contents for HD XS HJ14ex4.3B
Page 2: ......
Page 4: ......
Page 6: ......
Page 26: ...MEMO ...
Page 27: ...ENGLISH VERSION The English version is the operation manual for counties other than Japan ...
Page 32: ......
Page 50: ...MEMO ...
Page 51: ...中 文 版 中文版为中华人民共和国用使用说明书 ...
Page 56: ......
Page 74: ...MEMO ...
Page 76: ......