ЕСКЕРТПЕ
1. Өнімді қатты соққы әсерлерінен қорғаңыз. Өнімді соғу немесе құлату жарамсыздыққа әкеліп соғуы мүмкін.
2. Бұл өнім толығымен су өткізбейтін болмағандықтан, оның тікелей жаңбыр не қар әсеріне ұшырауына жол
бермеңіз. Өнімді жаңбыр не қар астында пайдалану қажет болса, оны ылғалданудан сақтайтын арнайы
шаралар орындалуы қажет.
3. Шаңды жағдайларда өнімнің ішіне шаң кірмеуі үшін ол бекіткіш үстіне қойылған қаптамамен бекітілуі не алынуы
тиіс.
4. Салқын орта температурасында сақталған өнімді жылы бөлмеге алып келмеңіз, себебі конденсация түзілуі
мүмкін.
Бұндай жағдайда өнімді осы мәселелер шешілмегенше пайдалану мүмкін болмайды.
Егер өнімді осындай жағдайларда қолдану қажет болса, қарсы шаралар ұсынылады. (Мәселен, өнімді жылы
бөлмеге алып келместен бұрын, оны тиімді ылғалжұтқыш бар винил қалтаға салыңыз да, бөлмеге алып келіңіз.
Өнім температурасы бөлме температурасымен бірдей деңгейге жеткенде, оны винил қалтадан шығарыңыз.)
5. Егер өнім химиялық құрам толтырулары бар орта сияқты қолайсыз орталарда пайдаланылатын болса, Canon
өкілімен алдын ала кеңесіңіз.
АУЫТҚУЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ
ЕСКЕРТУ
1. Егер төменде сипатталған ауытқулардың бірі орын алса, кабельді фотокамерадан дереу ажыратыңыз да, одан
кейін Canon өкіліне немесе өнімді сатып алған дилерге хабарласыңыз.
・
Түтін, бөгде иіс не бөгде шу.
・
Бөтен заттардың (металл мен сұйықтықтарды қосқанда) өнім ішіне енуі.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ТЕКСЕРУ
ЕСКЕРТУ
1. Өнімді тазалаудың алдында өнімнің кабелін ажыратып, оны фотокамерадан шығарып алыңыз. Тазалау үшін
ешқашан бензол не басқа еріткіштер сияқты тез тұтанғыш заттарды пайдаланбаңыз, себебі ол қауіпті өрт
немесе электр тогының соғу қаупін тудырады.
ЕСКЕРТПЕ
1. Өнім бетіндегі шаң немесе саусақ іздері. Өнім бетіндегі шаң немесе кірді желдеткіш немесе жұмсақ щетка
көмегімен ақырын тазалап кетіріңіз. Кез келген саусақ іздерін не басқа кір дақтарын сатылатын жуғыш затпен
суланған таза мақта шүберекпен немесе тазалағыш қағазбен кетіріңіз. Өнім бетін шүберек не тазалағыш
қағазбен ақырын айналдыра сүртіңіз. Шаңды сүрткенде абайлап ысқылаңыз, себебі өнім беті тырналуы мүмкін.
2. Жылына шамамен бір рет кезеңді түрде тексеру ұсынылады. Тексеру және техникалық қызмет көрсету
аралықтары жұмыс шарттарына, пайдалану жиілігіне және қоршаған ортаға байланысты болады. Қажет болса,
өнімді мұқият қарап шығыңыз.
САҚТАУ
САҚ БОЛЫҢЫЗ
1. Өнімді сақтауға қоймастан бұрын әрқашан берілген қақпақтарды бекітіңіз. Өнім объективін осы қақпақтарсыз
сақтау өрт қаупін тудыруы мүмкін. (Күн сәулесі сияқты күшті жарық объектив арқылы шоғырланып, өрт шығаруы
мүмкін.)
ЕСКЕРТПЕ
1. Егер өнім тұман не жаңбырда пайдалану себебінен ылғалданса, жұмсақ құрғақ шүберекпен ылғалды сүртіңіз
де, ішіне енген ылғалды кетіру үшін винил қалтаға тиімді ылғалжұтқышпен бірге буып салыңыз.
Summary of Contents for HD XS HJ14ex4.3B
Page 2: ......
Page 4: ......
Page 6: ......
Page 26: ...MEMO ...
Page 27: ...ENGLISH VERSION The English version is the operation manual for counties other than Japan ...
Page 32: ......
Page 50: ...MEMO ...
Page 51: ...中 文 版 中文版为中华人民共和国用使用说明书 ...
Page 56: ......
Page 74: ...MEMO ...
Page 76: ......