24
– орнықты жерге тұрыңыз, әйтпесе құлап
кетсеңіз, аспапты бұзып алуыңыз немесе өзіңізді
жарақаттауыңыз мүмкін;
– алдыңғы панельді шешіп алу кезінде жарақат
алып қалмау үшін, корпустың металл бөлшектеріне
жақындамаңыз;
– аспаптың алдыңғы панелін және қа шықтан
басқару тетігін тазалау ке зін де, ласты құрғақ
майлықмен сүртіп алу мүмкін болмаған жағдайда,
ылғал майлықты қолданыңыз.
Ескерту
– Аспап пен ҚБТ-ны сумен жумаңыз!
– Тазалау үшін құрамында спирті бар
сұйықтықтарды, бензинді, майды не ме се
жылтыратқыш құралдарды қол данбаңыз.
– Алдыңғы панельдің бетіне қатты қы сым
түсірмеңіз, бұл оның түсіп ке туіне әкелуі мүмкін.
– Тазалау кезінде аспап корпусының бетін
бүлдірмеу үшін абразивті таза лау құралдарын не-
месе металл қыр ғыштарды қолданбаңыз.
– Су температурасы 45 0С-ден аспау керек. Бұл
пластиктің майысуына немесе түсінің кетуіне
әкелуі мүмкін.
АУА СҮЗГІСІН ТАЗАЛАУ
– Аспаптың алдыңғы панеліндегі қорға ныш тор-
ларын шешіп алыңыз. Ауа сүзгі лерін шығарып
алыңыз.
– Сүзгіні шаңсорғыш арқылы тазалаңыз немесе
сумен жуыңыз. Егер сүзгі қат ты ластанған болса,
оны жұмсақ жуғыш затты қолдану арқылы жылы
сумен жуыңыз. Сүзгілерді мұқият кептіріңіз.
– Сүзгілерді орнына орнатыңыз және қор ғаныш тор-
ларын жабыңыз.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Маусымның аясында
Келесідей іс-әрекеттерді орындау керек:
– сплит-жүйені ұзақ уақытқа «Желдету» режиміне
қосыңыз;
– осыдан кейін аспапты желіден айыр ыңыз;
– ауа сүзгілерін тазартыңыз;
– ішкі және сыртқы блокты жұмсақ құрғақ
майлықпен сүртіңіз;
– ҚБТ-дан батареяларды алып тастаңыз.
Маусымның басында
Келесідей іс-әрекеттерді орындау керек:
– қоршау орны мен ішкі және сыртқы блоктардағы
ауа шығатын жер бұғат талмағандығына көз
жеткізіңіз;
– сыртқы блокты тот пен коррозия бас пағанына көз
жеткізіңіз;
– ауа сүзгілерінің тазартылғандығына көз жеткізіңіз;
– аспапты желіг қосыңыз;
– ҚБТ-ға батареяларды орнатыңыз.