ҚАЗАҚ
10
ТЕРМОЭЛЕКТРЛІ ТОҢАЗЫТҚЫШ-СӨМКЕ CF-1221
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Coolfort фирмасының өнімін сатып алғаныңызға алғысымызды білдіреміз. Пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен
мұқият танысып шығыңыз жəне тоңазытқышты нұсқаулыққа сəйкес пайдалануға тырысыңыз. Осы
нұсқаулықтықты сақтап қойыңыз.
ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Пельтье элементтерін пайдалану арқылы термоэлектрлі технологияны қолдануға негізделген тоңазытқыш
– жүргізушілер мен спортшылар үшін ең жақсы таңдау. Сіз серуендеу, қала сыртына шығу, саяхат кезінде,
сонымен қатар жолда туындаған автомобиль тығындары кезінде салқындатылған сусындарды ішіп,
рахаттана аласыз, ал қысқы мезгілде өнімдердің температурасын сақтау функциясы сіздің көңіліңізден
шығады. Бірегей қорек тоңазытқыштың автомобильдегі тұрақты ток желісінен (DC 12 В) жұмыс істеуін жəне
айнымалы ток желісінен (AC 230 B) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
СИПАТТАМАСЫ
Тоңазытқышқа мұздатылған өнімдерді немесе салқындатылған сусындарды салған дұрыс, сонда олар ұзақ
уақыт бойы суық күйде сақталады. Бөлме температурасындағы өнімдерді жəне сусындарды суыту үшін 2-3
сағат қажет болады. Қатты жылы өнімдерді жəне сусындарды суыту үшін біршама уақыт қажет болады.
СИПАТТАМАСЫ
1. Суыту торлары
2. Жиналған қалыпта сақтау үшін батырмалары бар белдікшелер
3. Қақпақтың сөмкесі
4. Тасымалдауға арналған сап
5. Автомобильде қосуға арналған қорек сымы
6. Сөмке-тоңазытқыштың қақпағы (алуға жеңіл болу үшін арнайы тесікпен)
7. Желілік адаптер
АКСЕССУАРЛАР
Тұрақты ток көзінің қорек сымы
Машинадағы темекі тұтандырғыштың ұяшығына қосылады (кернеуі 12 В болатын тұрақты ток көзі).
220 В желіге қосылатын желілік адаптер
ТОҢАЗЫТҚЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
Қорек сымының штепселін машинаның темекі тұтандырғышының ұяшығына (12 В) салыңыз – аспап жұмыс
істей бастайды.
Аспапты өшіру үшін қорек сымының штепселін темекі тұтандырғыштың ұяшығынан шығарыңыз.
Назар аударыңыз:
- автомобильдегі қорек сымының штекері (5) қысқа тұйықталудан қорғалған.
- балқымалы сақтандырғышты айырбастау үшін қорғау қақпағын сағат тіліне қарсы бағытта
бұрап, шешіңіз
- айқыш бұранданың көмегімен бұрандалы шегені бұрап шешіңіз
- корпустың жарты бөліктерін ашыңыз
- балқымалы сақтандырғышты шығарыңыз жəне айырбастаңыз
- штекерді жинаңыз
- қорғау қақпағын кигізіңіз жəне оны сағат тілі бағытында айналдырыңыз.
Электр желісіне қосу үшін: - қорек сымының штекерін (5) желілік адаптердің ұяшығына (7) салыңыз, ал
желілік адаптердің ашасын розеткаға 220 В салыңыз. Тоңазытқышты өшіру үшін желілік адаптердің ашасын
розеткадан шығарыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
• Аспап қалыпты жұмыс істеу үшін жақсы желдету жəне ауа айналымы болуы қажет.
• Желдеткіш торының бітелуіне жол бермеңіз. Желдеткіш торы жəне басқа заттар арасындағы аралық кем
дегенде 10 см болуы қажет.
• Аспапты қатты соққылардан сақтаңыз. Қатты соққы аспаптың зақымдануына, бөлшектердің сынуына жəне
ішкі элементтер тізбектерінің үзілуіне алып келуі мүмкін.
CF-1221.indd 10
CF-1221.indd 10
04.12.2008 13:36:10
04.12.2008 13:36:10