42
Қазақ тілі
• Аппаратты жоғары температураның әсеріне
түсірмеңіз, өйткені бұл құрылғының бүлінуіне әкелуі
мүмкін.
• Жанарғы кәбілін мен жерлендіру кәбілін бүкіл
ұзындығы бойына бір-біріне жақын ұстаңыз.
Кәбілдердегі ілмектерді жазыңыз. Бұл мәселен,
кардиынталандырғыштың жұмыс істеуіне кедергі
келтіруі ықтимал зиянды магнитті өрістердің әсерін
азайтады.
• Денеңіздің айналасындағы кәбілдерді орамаңыз.
• Қауіпті жұмыс жағдайында тек idie қауіпсіз кернеу
деңгейі мен S-таңбаланымы бар пісіру аппаратын
пайдаланыңыз. Мұндай жұмыс жағдайына мәселен,
асқан ылғалдылық, жоғары температура немесе
тұйықталған кеңістік жатады, мұнда пайдаланушы
ток өткізгіш материалдармен тікелей жанасады.
• Ерітілетін түтікшелерді доғалық пісіруге арналған
аппаратты пайдаланбаңыз.
Ұшқын шашырату және өрт қауіпсіздігі
• Пісіру әркез қыздыруға немесе жалынды
пайдалануға
байланысты
жұмыстарға
жатқызылады, сондықтан пісіру кезінде және
жұмыс аяқталғаннан кейін өрт қауіпсіздігіне аса
көңіл бөліңіз.
• Өрт ұшқыннан тіптен пісіру жұмыстары
аяқталғаннан соң да бірнеше сағаттан кейін
басталауы мүмкін.
• Пісіру жұмыстарын атқарған кезде металл
ұшқындарынан төңіректегі кеңістікті қорғауды
қамтамасыз етіңіз. Жанғыш сұйықтық секілді тез
жанатын материалдарды пісіру аймағынан алып
кетіңіз, және пісіру алаңында тиісті өрт сөндіру
сайманының болуын қарастырыңыз.
• Арнаулы пісіру жұмыстары кезінде өрттің немесе
контейнер тұрпатты өңделетін бөлшектерді пісірген
кезде жарылыстың шығу мүмкіндігіне дайын
болыңыз.
• Тегістеу мәшинесінің ұшқынын немесе кескіш
ағынын пісіру аппаратына немесе тез тұтанатын
материалдарға бағыттамаңыз.
• Апараттың астында жатып, жұмыс істегенде
мәшинеге қарай құлайтын жанғыш заттар мен
ұшқынның шашырандыларынан сақ болыңыз.
• Өздігінен жанатын немесе жарылыс қауіпті
жерлерде пісіруга үзілді-кесілді тыйым салынады.
Жалпы электр қауіпсіздігі
• Пісіру аппаратын жерлендірілген электр желісіне
қосу қажет.
• Іске қосу сақтандырғышының кепілдендірілген
мөлшеріне назар аударыңыз.
• Пісіру аппаратын контейнердің, автомобильдің
ішінде немесе соған ұқсас жұмыс кеңістігінде
пайдаланбаңыз.
• Пісіру аппаратын ылғал бетке қоймаңыз және
ылғал бетте жұмыс істемеңіз.
• Желілік кәбілге су тиіп кетпеуін қадағалаңыз.
• Кәбілдердің немесе пісіру жанарғыларының
ауыр затпен бастырылып қалмағанына және
қандай да бір заттардың өткір бұрыштарына не
болмаса өңделген ыстық бөлшектерге жабысып
қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Ақаулы немесе бүлінген пісіру жанарғыларының
айырбасталғанына көз жеткізіңіз, өйткені бұл қазаға
ұшыратуы мүмкін, және электр тогымен зақымдауы
немесе өрт туғызуы ықтимал.
• Кәбілдерді, айырғылар мен басқа да электр
құрылғыларды орнатуға немесе тек осындай
операцияларды жүргізуге маманданған білікті
электршінің немесе инженер-механиктің атқаруына
рұқсат етіледі.
• Пайдаланылмайтын болса, пісіру аппаратын
өшіріңіз.
• Құрал-жабдықтың
қалыпты
жұмысынан
ауытқығанда, мәселен, қалыпты пайдаланылған
аппараттан түтін шыққанда, оны
CROWN
сервистік
қызметінің өкіліне тексеруге жіберіңіз.
Электр қуат көзінің пісіру желісі
• Құрғақ әрі бүтін киім киіп, өзіңізді пісіру тізбегімен
жанасудан оқшаулаңыз.
• Өңделетін бөлшекке және пісіруге арналған
электродқа, пісіру сымына, пісіру электродына
немесс түйіспе ұштығына ешқашан бірден
тиіспеңіз.
• Пісіру жанарғысын, жерлендіру кәбілін немесе
қандай да бір басқа электр жабдығын пісіру
аппаратына қоймаңыз.
• Электр тізбегінің қандай да бір бөлшегіне,
мәселен, электродты немесе түйіспе ұштықты
айырбастағанда немесе жерлендіргіш қысқышты
жылжытқанда тиместен бұрын желілік ажырат-
қыштың көмегімен әркез аппаратты өшіріңіз.
Пісіру азрозолдары
• Тиісті желдетуді қамтамасыз етіп, газды
иіскемеуге тырысыңыз.
• Әсіресе, жабық бөлмеге таза ауаның жеткілікті
түсуіне көз жеткізіңіз. Сіз сондай-ақ тыныс алу үшін
жеке өзіңізді ауамен қамтамасыз ететін дулығаның
көмегімен таза ауаның келуін қамдай аласыз.
• Қорғасыны, кадмийі, мырышы, сынабы немесе
бериллий бар түрлендірілген бетті металлдармен
және материалдармен жұмыс істегенде айрықша
сақтық шараларын қолға алыңыз.
Тасымалдау, көтеру және ілу
• Ауыр аппаратты көтергенде оның дұрыс күйіне
назар аударыңыз арқаңызды зақымдау қаупі бар.
• Аппаратты пісіру жанарғысының кәбілінен
немесе басқа кәбілінен тартуға немесе көтеуге
тыйым салынады. Әркез осы мақсатқа арналған
көтеру нүктесін немесе тұтқаны пайдаланыңыз
• Құрал-жабдықты
тасымалдауға
арналған
тасымалдау механизмін пайдаланыңыз.
• Егер бұл мүмкін болса, аппаратты тік күйінде
тасымалдаңыз.
• Газ баллоны мен пісіру аппаратын бір мезгілде
көтермеңіз. Газ баллонын тасымалдау үшін
төменде келтірілген жекелеген қағидаларды
ұстаныңыз
• Егер арнайы көтеу құрылғысы әзірленбесе,
немесе осы мақсатқа арнап бекітілмесе, пісіру
аппаратын ешқашан ілінген күйі пайдаланбаңыз.
• Аппаратты көтерген немесе тасымалдаған кезде
сымды катушканы шешуге кепілдік бермейміз.
Сыртқы жағдайлар
• Пісіру аппараты ашық ауада пайдалануға және
сақтауа болғанымен оның электрмен жабдықтау
көзін жаңбырда, қарда пайдалануға болмайды.
Аппаратты жаңбырдан немесе тікелей күн
сәулелерінің түсінен сақтаңыз.
Summary of Contents for CT33131
Page 1: ......
Page 3: ...3 ...
Page 4: ...4 ...
Page 5: ...5 ...
Page 6: ...6 ...
Page 7: ...7 ...
Page 8: ...8 ...
Page 9: ...9 ...
Page 49: ...49 ...
Page 50: ...50 ...
Page 51: ...51 ...
Page 52: ...52 ...
Page 53: ...53 ...
Page 54: ...54 ...
Page 55: ...55 ...
Page 56: ...56 ...
Page 57: ...57 ...
Page 58: ...58 ...
Page 59: ...59 ...
Page 60: ...60 ...
Page 61: ...61 ...
Page 62: ...62 ...
Page 63: ...63 ...
Page 64: ......