120
Қазақ тілі
болдырмау үшін кесіп алған ашаны қоқысқа
лақтыру керек, розеткаларға қоспау керек.
•
Құрылғыны тек 30 мА тізбекті қорғау автоматы
бар розеткаға қосу ұсынылады.
•
Құрылғыны тек айнымалы тоқ желісіне қосу
керек. Кернеу түр тақтайшасындағы деректерге сай
болуы керек.
•
Ашаға немесе розеткаға ылғалды қолдармен
тимеңіз.
•
Пайдалану алдында қуат кабелінде және
ашада зақым бар-жоғын тексеріңіз. Аша немесе
қуат кабелі зақымдалған болса, құрылғыны
пайдаланбаңыз. Тұтынушыларды қолдау қызметіне
немесе тәжірибелі электрикке хабарласыңыз.
•
Ұзартқыш сым пайдаланылса, оның ашасы,
розетка және қуат кабелі толығымен оқшауланған,
шашырандыларға төзімді және сыртта пайдалануға
жарамды болуы керек.
•
Қуат кабелі және ұзартқыш сымдар шалыну, басу,
созу, т.б. арқылы зақымдалмағанын тексеріңіз. Қуат
кабельдерін жылудан, мұнай өнімдерінен және
үшкір жиектерден зақымданулардан қорғаңыз.
•
Кез келген қызмет көрсетуді немесе техникалық
қызмет көрсетуді орындағанда құрылғыны өшіріп,
ашаны розеткадан ажыратыңыз.
•
Құрылғыны қараусыз қалдырғанда әрқашан
желіден ажырату қосқышын өшіріңіз.
•
Жарамсыз ұзартқыш сымдар қауіпті болуы
мүмкін. Сыртта тек пайдалануға мақұлданған
және тиісті түрде белгіленген, жеткілікті сымның
көлденең қимасы бар сымдарды пайдалануға
болады:
•
кабель ұзындығы: 1-10 м, көлденең
қима: 1,5 мм
2
;
•
кабель ұзындығы: 10-30 м, көлденең
қима: 2,5 мм
2
;
•
кабель ұзындығы: 30-50 м, көлденең
қима: 4 мм
2
�
•
Кабельдің қызып кетуінен өрт шығуын болдырмау
үшін әрқашан кабельді толығымен шығарыңыз.
Қауіпсіз пайдалану туралы нұсқаулар
•
Құрылғыны тек мақсатына сай пайдаланыңыз.
Құрылғыны пайдаланып жатқанда маңайдағы
адамдарды ескеріп, жергілікті ережелерді сақтаңыз.
•
Балалардың құрылғыны пайдалануына қатаң
түрде тыйым салынады. Балаларға құрылғымен
ойнауға рұқсат етпеңіз.
•
Құрылғыны тек пайдалану туралы тиісті оқытудан
өткен адамдар пайдалана алады.
•
Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі
адамдар (соның ішінде балалар) құрылғыны
тек қауіпсіздігіне жауапты адам(дар) қадағаласа
немесе нұсқаулар беріп тұрса ғана пайдалана
алады.
•
Құрылғыны пайдалану кезінде әр әрекет кезінде
зейін қойыңыз және сақ болыңыз. Шаршап тұрсаңыз,
я болмаса, есірткілердің, спирттік ішімдіктердің
немесе дәрілердің әсерінде болсаңыз, құрылғыны
пайдаланбаңыз. Пайдалану кезінде зейінді жоғалту
ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін.
•
Құрылғыны күн күркірегенде немесе қатты
жаңбыр кезінде, әсіресе, найзағайлар ұрғанда
пайдалануға болмайды.
•
Желдетуді қамтамасыз ету үшін және қызып
кетуден сақтау үшін, жұмыс кезінде құрылғыны
жаппаңыз.
•
Құрылғының аударылуынан апаттық жағдайдың
немесе зақымның туындауына жол бермеу үшін,
құрылғымен қандай бір әрекеттерді орындамас
бұрын, оның тұрақты орнатылғанына көз
жеткізіңіз. Құрылғыны биік жерде, мысалы, мінбеге
немесе сатыға орнатылған немесе ілінген күйде
пайдалануға қатаң тыйым салынады.
•
Құрылғыны пайдаланған кезде сақ болыңыз.
Сығылған ауа ағынын ешқашан адамға немесе
жануарға
бағыттамаңыз.
Жеке
қорғаныс
жабдықтарын (қорғаныс көзәйнегі, респиратор,
қолғап, т.б.) пайдаланыңыз.
•
Сығылған
ауаны
киімді
тазалау
үшін
пайдаланбаңыз. Сығылған ауамен дем алмаңыз.
•
Құрылғы конструкциясын өзгерткен жағдайда
қысым максималды рұқсат етілген қысым
шамасынан аспауы тиіс. Қысымды максималды
жұмыс қысымынан асырмаңыз.
•
Құрылғыға жалғанатын жабдықта қысым
максималды рұқсат етілген мәннен аспауы тиіс.
•
Құрылғыны
5°C
төмен
температурада
пайдалануға болмайды.
•
Құрылғыны
тек
тасымалдауға
арналған
тұтқаларынан ұстап жылжытыңыз. Құрылғыны
жылжыту
үшін
ешқашан
ауа
шлангісін
пайдаланбаңыз.
•
Құрылғыны ресивердегі қысымды шығармай
тасымалдауға немесе жылжытуға болмайды.
•
Құрылғыны пайдаланған кезде абай болыңыз,
себебі оның кейбір бөлшектері қатты қызуы мүмкін.
•
Құрылғыны
тұтанғыш
немесе
агрессивті
құралдардың көмегімен тазалауға болмайды.
•
Ресивер күйін үнемі бақылап отырыңыз. Егер
ресивер зақымдалса немесе ауа шығатын жерлері
анықталса, құрылғыны дереу өшіріп, ресивердегі
ауа қысымын шығарыңыз.
•
Ресивері зақымдалған құрылғыны пайдалануға
қатаң тыйым салынады. Ресиверді жөндеп алып, әрі
қарай пайдалануға тыйым салынады. Зақымдалған
ресиверді ауыстыру қажет.
•
Техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу
жұмыстарын жүргізбес бұрын, құрылғының қуат
көзінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
•
Пайдаланғаннан кейін әрдайым ресивердегі
ауа қысымын шығарып, ішіндегі конденсатын төгу
қажет.
•
Құрылғыны қорғаныс құралдары зақымдалған
немесе
бөлшектелген
күйде
пайдалануға
болмайды. Ешқашан тиісті түрде жабдықталмаған
немесе рұқсатсыз өзгерістер енгізілген құрылғыны
пайдаланбаңыз.
•
Құрылғы
пайдаланушының
қатысуынсыз
үздіксіз жұмыс істеуге арналған, сондықтан
оның тұтанғыш заттардан алыс орнатылғанына
және оны тиісті түрде салқындатуға ешқандай
сыртқы факторлардың кедергі келтірмейтініне
көз жеткізу қажет (құрылғы мен нысандар немесе
қабырғалардың ара қашықтығы 50 см кем болмауы
тиіс).
•
Назар аударыңыз: құрылғы автоматты
түрде қосу / өшіру циклінде жұмыс істейтінін
есте сақтаңыз. Егер электр желісінде ақаулық
орын алса және электрді беру үзілсе, құрылғы
автоматты түрде сөніп қалады, сонымен
қатар қуат көзі қалпына келтірілгеннен кейін
автоматты түрде қосылады.
•
Құрылғыны шаңды жерлерде, сондай-ақ ауа
құрамында агрессивті заттардың жарылғыш
Summary of Contents for CT36073
Page 1: ......
Page 5: ...5 ...
Page 6: ...6 ...
Page 7: ...7 ...
Page 8: ...8 ...
Page 9: ...9 ...
Page 10: ...10 ...
Page 11: ...11 ...
Page 126: ...126 ...
Page 127: ...127 ...
Page 128: ...128 ...
Page 129: ...129 ...
Page 130: ...130 ...
Page 131: ...131 ...
Page 132: ...132 ...
Page 133: ...133 ...
Page 134: ...134 ...
Page 135: ...135 ...
Page 136: ...136 ...
Page 137: ...137 ...
Page 138: ...138 ...
Page 139: ...139 ...
Page 140: ......