• Кері санақ таймері белгішесі сөнеді
• басқару тақтасына бір нәрсе қойғанда
5.15 Қуатты басқару
Егер бірнеше аймақ белсенді болып,
тұтынатын қуат қуат көзінің шектеуінен
асып кетсе, бұл функция қолжетімді
қуатты барлық пісіру аймақтары арасында
бөледі. Плита тұрғын жайда орнатылған
сақтандырғыштарды қорғау мақсатында
қызу параметрлерін реттейді.
• Пісіру аймақтары пештің фазаларының
орналасуына және нөміріне сәйкес
топтастырылған. Әр фазада 3680 Вт
көлемінде максималды электрлік жүк
бар. Егер плита бір фазадағы барынша
қолжетімді қуат шегіне жетсе, пісіру
аймақтарының қуаты автоматты түрде
азаяды.
• Қуаты азайтылған пісіру алаңдары үшін
басқару панелінде ең үлкен ықтимал
қызу параметрлері көрсетіледі.
• Егер жоғары жылу параметріне
қолжетімсіз болса, алдымен басқа
пісіру алаңдарындағы жылуды
азайтыңыз.
• Функцияның қосылу-қосылмауы
ыдыстардың саны мен өлшемдеріне
байланысты.
Қуатты пісіру аймақтары арасында
таратудың ықтимал түрлері бойынша
суретті қараңыз.
6. АҚЫЛ-КЕҢЕС
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
6.1 Ыдыс-аяқ
Индукциялық пісіру алаңдары
үшін күшті электромагниттік
өріс ыдысты тез қыздырады.
Индукциялық пісіру алаңдарын тиісті
ыдыстармен қолданыңыз.
• Ыдыстың түбі мүмкіндігінше қалың
және тегіс болуы керек.
• Плитаның үстіне қоюдан бұрын
табақтың таза және құрғақ болуын
қамтамасыз етіңіз.
• Сызылуды болдырмас үшін кастрюльді
керамикалық әйнекке сырғытпаңыз
немесе ысқыламаңыз.
Ыдыс-аяқ материалы
• дұрыс: шойын, темір, эмальмен
қапталған болат, тоттанбайтын темір,
табаны көп қабаттан тұратын ыдыс
(өндіруші тарапынан дұрыс таңба
салынған).
• дұрыс емес: алюминий, мыс, жез,
шыны, керамика, фарфор.
Мына жағдайларда ыдыс индукциялық
плита үшін жарамды:
• су ең жоғары қызу параметріне
орнатылған аймақта өте тез қайнайды.
• магнит ыдыстың түбіне тартылып
түседі.
Ыдыс өлшемдері
• Индукциялық пісіру алаңдары ыдыстың
түбінің өлшеміне автоматты түрде
бейімделеді.
• Пісіру алаңының тиімділігі ыдыстың
диаметріне байланысты. Диаметрі
көрсетілген ең кіші диаметрден кіші
болған ыдыс, пісіру алаңынан бөлінетін
қуаттың бір бөлігін ғана алады.
• Қауіпсіздік мақсатында және пісірудің
оңтайлы нәтижелері үшін «Пісіру
алаңдарының сипаттамасында»
көрсетілген өлшемдерден үлкен болған
ыдысты пайдаланбаңыз. Пісіру
барысында ыдысты басқару панеліне
118
ҚАЗАҚ