*2361799*
2361799
Қазақ
139
6.3
Нығыздау жұмыстарын орындау
Оңтайлы нәтижеге қол жеткізу үшін батырылған діріл корпусын әрдайым тігінен ұстап тұрыңыз және
бүйірге қозғалыстарға жол бермеңіз. Өнімді, діріл корпусы жаңадан жасалған бетонға толықтай
батырылғанда ғана қосыңыз.
1. Діріл корпусын жаңадан жасалған бетонға батырған кезде өнімді бір қолыңызбен корпусынан
(қараңыз → Бет 136) ұстап тұрыңыз.
2. Іске қосылудан қорғайтын құлыпты
күйіне орнатып, негізгі сөндіргішті іске қосыңыз. → Бет 138
3. Діріл корпусын жаңадан жасалған бетонда бірнеше секундқа қалдырыңыз.
4. Өнімді өшіріп, іске қосылудан қорғайтын құлыпты
күйіне орнатыңыз.
5. Діріл корпусын жаңадан жасалған бетоннан тартып шығарыңыз.
6. Әрекететрді барлық жұмыс орындарында қайталаңыз.
7
Күтім және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Аккумулятор енгізілген кезде жарақат алу қаупі бар
!
▶
Күтім және техникалық қызмет көрсету бойынша кез келген жұмыстарды орындамас бұрын
әрдайым аккумуляторды шығарыңыз!
Өнімге қызмет көрсету
• Қатты жабысып қалған кірді абайлап кетіріңіз.
• Бр болса, желдету саңылауларын құрғақ, жұмсақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
• Корпусты сәл суланған шүберекпен ғана тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, себебі олар пластик бөлшектерге зақым келтіруі мүмкін.
• Өнімнің контактілерін тазалау үшін таза, құрғақ шүберекті қолданыңыз.
Литий-иондық аккумуляторға қызмет көрсету
• Еш жағдайда желдету саңылаулары бітелген аккумуляторды қолданбаңыз. Желдету саңылауларын
құрғақ, жұмсақ қылшақпен жақсылап тазалаңыз.
• Аккумуляторға шаңның немесе кірдің қажетсіз тиюіне жол бермеңіз. Аккумуляторға қатты ылғалдың
тиюіне ешқашан жол бермеңіз (мысалы, суға батыру немесе жаңбыр астына қою арқылы).
Аккумулятор су болса, оны зақымдалған аккумулятор ретінде қарастырыңыз. Оны тұтанбайтын
контейнерге оқшаулап,
Hilti
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Аккумуляторды бөгде май мен майлағыштан таза ұстаңыз. Аккумуляторда шаң не кірдің қажетсіз жи-
налуына жол бермеңіз. Аккумуляторды құрғақ, жұмсақ қылшақпен немесе таза, құрғақ шүберекпен
тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын пайдаланбаңыз, себебі олар пластик
бөліктерге зақым келтіре алады.
Аккумулятордың контактілеріне тимеңіз және зауыттан тыс қолданылған майды контактілерден
кетіріңіз.
• Корпусты сәл суланған шүберекпен ғана тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, себебі олар пластик бөлшектерге зақым келтіруі мүмкін.
Техникалық қызмет көрсету
• Көзге көрінетін барлық бөлшектерде зақымдардың бар-жоғын және басқару элементтерінің ақаусыз
жұмысын жиі тексеріп тұрыңыз.
• Өнім зақымдалған және/немесе ақаулы болған жағдайда, оны пайдаланушы болмаңыз. Өнімді
міндетті түрде
Hilti
қызмет көрсету орталығында жөндетіңіз.
• Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды
орнатып, олардың ақаусыз жұмыс істегенін тексеріңіз.
Қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен шығын
материалдарын қолданыңыз.
Hilti
мақұлдаған қосалқы бөлшектер, шығын материалдары мен
өнімге арналған керек-жарақтар
Hilti Store
дүкенінде немесе келесі веб-сайтта қолжетімді:
www.hilti.group
7.1
Тығыздауышқа арналған күтім көрсету бойынша нұсқаулар
• Әр пайдаланғаннан кейін діріл корпусын және қорғаныш шлангіні ағынды сумен (мысалы, су
шлангісімен) тазалаңыз.
Summary of Contents for NCV 4-22
Page 2: ...1 ...
Page 3: ...2 ...
Page 212: ...208 中文 2361799 2361799 ...
Page 213: ......
Page 214: ......
Page 215: ......
Page 216: ...Hilti registered trademark of Hilti Corp Schaan Pos 1 20220812 2361799 2361799 ...