кілттерден, инелерден, винттерден және
басқа металл заттардан ары сақтаңыз.
Аккумулятор
контакттарының
тұйықталуы
күйіктерге немесе тұтануға әкелуі мүмкін.
d)
Аккумулятормен тиісті емес түрде жұмыс
істегенде одан электролит ағып шығуы мүмкін.
Оған тиюді болдырмаңыз. Кездейсоқ тигенде
электролитті сумен шайыңыз. Электролит
көзге тигенде дәрігер көмегіне жүгініңіз.
Аккумулятордан ағып шыққан электролит тері
тітіркенуін немесе күйіктерді тудыруы мүмкін.
5.1.6 Қызмет
a)
Электр құралды жөндеуді тек түпнұсқа
қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті
қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз.
Бұл электр
құралды қауіпсіз күйде сақтауды қамтамасыз
етеді.
5.2 Қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша
ережелер
5.2.1 Барлық аралармен жұмыс кезіндегі
қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
a)
ҚАУІПТІ
Қолдарды аралау аймағына және аралау
дискісіне жақындатпаңыз. Екінші қолмен
араны қосымша тұтқышынан немесе электр
қозғалтқышының
қаптамасынан
ұстаңыз.
Араны екі қолмен ұстасаңыз, оларды аралау
дискісі жарақаттауы мүмкін.
b)
Дайындаманы астынан ұстамаңыз.
Қорғауыш
қаптама сізді дайындама астындағы аралау
дискісінен қорғай алмайды.
c)
Аралау тереңдігін дайындама қалыңдығы бой-
ынша реттеңіз.
Дайындама астында тістің толық
ұзындығынан азырақ көрінуі керек.
d)
Ешқашан
аралап
жатқан
дайындаманы
қолмен немесе аяқта бекітпеңіз. Дайындаманы
тұрақты қыспа құрылғымен сақтандырыңыз.
Денеге тию, аралау дискісінің қысылуы немесе
бақылауды жоғалту қаупін барынша азайту үшін
дайындаманың жақсы бекітілген болуы маңызды.
e)
Кесетін аспап жасырын электр сымдарын
кесуі мүмкін жұмыстарды орындап жатсаңыз,
құрылғыны тек изоляцияланған тұтқаларынан
ұстаңыз.
Кернеу бар сымдарға тию құрылғының
металл бөліктерінде кернеу тудырады және
электр тогының соғуына әкеледі.
f)
Бойынан аралау кезінде әрқашан тіректі
немесе түзу жиектік бағыттауышты қолда-
ныңыз.
Бұл аралау дәлдігін жақсартады және
аралау дискісінің қысылу мүмкіндігін азайтады.
g)
Тек өлшемі дұрыс және отырғызу тесігі сай
(мысалы, жұлдыз тәрізді немесе дөңгелек)
аралау дискілерін ғана қолданыңыз.
Араның
құрастыру бөлшектеріне сай емес аралау
дискілері біркелкі жұмыс істемейді және
бақылауды жоғалтуға әкеледі.
h)
Ешқашан аралау дискісін орнату үшін зақым-
далған немесе сай емес астарлық шайбаларды
және бұрандаларды қолданбаңыз.
Аралау
дискісін орнатуға арналған астарлық шайбалар
және бұрандалар өнімділігі оңтайлы және
пайдалану қауіпсіз болуы үшін арнайы сіздің
араңыз үшін жасалған.
5.2.2 Барлық аралар үшін қауіпсіздік бойынша
қосымша нұсқаулар
Кері соққының себептері және оны болдырмау:
кері соққы – бұл аралау дискісінің қажалуының,
қысылуының немесе дұрыс емес реттелуінің
салдарынан
болатын
кенет
реакция.
Ол
басқарылмайтын араның дайындамадан көтеріліп,
ара операторының бағытында жылжуына әкеледі;
егер аралау дискісі жабылып қалған аралау
саңылауында
қажалса,
қысылса
немесе
бұғатталса, сөйтіп электр қозғалтқышының күші ара
операторының бағытында артқа кері соқса;
егер аралау дискісі аралау саңылауында айналып
кетсе немесе дұрыс емес ортаға келтірілсе, аралау
дискісінің артқы жиегінің тістері дайындаманың бетіне
ілінуі мүмкін, соның салдарынан аралау дискісі
аралау саңылауынан шығып, ара оператор бағытында
артқа ұшып шығуы мүмкін.
Кері соққы – бұл араны дұрыс емес және (немесе)
тиісті емес пайдаланудың нәтижесі. Төменде берілген
сақтық шараларын орындаған жағдайда мұны
болдырмауға болады.
a)
Араны екі қолмен берік ұстаңыз және оларды
кері соққы күшін ұстап қалатындай күйге
келтіріңіз. Әрқашан аралау дискісінен ары
тұрыңыз, ешқашан аралау дискісін денеңізбен
бір сызыққа келтірмеңіз.
Кері соққы кезінде
дискілік ара кері ыршуы мүмкін, бірақ тиісті
сақтық шараларын қолданғанда, оператор кері
соққы күшін жеңе алады.
b)
Егер аралау дискісі қысылса немесе сіз
жұмысты үзсеңіз, араны өшіріп, аралау дискісі
тоқтағанша материалды ұстап тұрыңыз.
Ешқашан айналып жатқанда аралау дискісін
дайындамадан алуға және артқа шығарып
алуға тырыспаңыз, әйтпесе кері соққы орын
алуы мүмкін.
Аралау дискісінің қысылуының
себебін анықтап, оны кетіріңіз.
c)
Егер дайындамаға салынған араны қайта
іске қосқыңыз келсе, аралау дискісін аралау
саңылауында ортаға келтіріп, ара тістері
дайындамада сыналанған жоқ па, соны
тексеріңіз.
Егер аралау дискісі қысылса, араны
қайта іске қосқанда, ол дайындамадан шығып
кетіп, кері соққыны тудыруы мүмкін.
d)
Аралау дискісінің қысылуы салдарынан
кері соққы қаупін болдырмау үшін үлкен
тақталарды тіректерге қою керек.
Үлкен
тақталар өз салмағының әсерінен бүгілуі мүмкін.
Тақталарды аралау саңылауының жанында да,
жиекте де екі жағынан тіреу керек.
e)
Өтпес немесе зақымдалған аралау дискілерін
қолданбаңыз.
Тістері өтпес немесе дұрыс емес
түзетілген аралау дискілері аралау саңылауы тар
kk
188
Printed: 08.07.2013 | Doc-Nr: PUB / 5142667 / 000 / 01
Summary of Contents for SCM 22-A
Page 2: ...ꨒ ꨍ ꨎ ꨟ ꨞ ꨚ ꨛ ꨜ ꨝ ꨗ ꨢ ꨑ ꨐ ꨙ ꨘ ꨖ ꨠ ꨓ ꨣ ꨏ ꨕ ꨔ ꨡ 1 Printed 08 07 2013 Doc Nr PUB 5142667 000 01 ...
Page 3: ... 4 6 2 3 5 Printed 08 07 2013 Doc Nr PUB 5142667 000 01 ...
Page 200: ...ja 197 ...
Page 201: ...ja 198 ...
Page 202: ...ja 199 ...
Page 203: ...ja 200 ...
Page 204: ...ja 201 ...
Page 205: ...ja 202 ...
Page 206: ...ja 203 ...