kk
203
6.2.1 Жаңа аккумуляторды бірінші рет зарядтау
Пайдалану алдында жаңа аккумуляторды толығымен зарядтау
керек.
6.2.2 Бұрын пайдаланылған аккумуляторды зарядтау
Аккумуляторды тиісті зарядтағыш құрылғыға зарядталуға қою
алдында аккумулятордың сыртқы беті таза және құрғақ екенін
тексеріңіз.
Зарядтағыш құрылғыны пайдалану бойынша нұсқаулықта
аккумуляторды зарядтау бойынша нұсқауларды оқыңыз.
Литий-иондық аккумуляторлар пайдалануға кез келген уақытта
дайын болады, тіпті жарым-жартылай зарядталған күйде де.
Зарядтау барысы жарық диодтарының көмегімен көрсетіледі
(Зарядтағыш құрылғыны пайдалану бойынша нұсқаулықты қа-
раңыз).
6.3 Аккумуляторды орнату
АБАЙЛАҢЫЗ
Аккумуляторды орнату алдында аспаптың өшірілгеніне
және қосуды бұғаттау белсендірілгеніне (оңға/солға
айналу ауыстырып қосқышы ортаңғы күйде) көз жеткізіңіз.
Тек сіздің аспабыңыз үшін рұқсат етілген түпнұсқа Hilti
аккумуляторын қолданыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Аккумуляторды аспапқа орнату алдында аккумулятор
контакттары және аспаптағы контакттар таза екенін
тексеріңіз.
1. Аккумуляторды аспапқа өзіне тән қос шырт еткен дыбыспен
бекітілетіндей салыңыз.
2.
АБАЙЛАҢЫЗ Өз қауіпсіздігіңіз және басқа адамдардың
қауіпсіздігі үшін аккумуляторлардың құлауын болдыр-
маңыз.
Аккумулятордың берік бекітілгенін тексеріңіз.
6.4 Аккумуляторды алу
2
1. Бір немесе екі бұғаттаудан шығару түймесін басыңыз.
2. Аккумуляторды аспаптан артқа қарай шығарыңыз.
6.5 Аккумуляторды тасымалдау және сақтау
Аккумуляторды бұғаттау күйінен (жұмыс күйі) бірінші күйге
(тасымалдауға арналған күй) шығарыңыз.
Егер аккумуляторды аспаптан одан әрі аспапты тасымалдау
немесе сақтау үшін алсаңыз, аккумулятор контакттерін қысқа
тұйықталудан қорғаңыз. Чемоданнан, аспаптар жәшігінен
немесе тасымалдау контейнерінен бос металл заттарды алып
тастаңыз, мысалы: винттер, шегелер, скобалар, биталар, сым
бөліктері немесе металл жоңқалары – және бұл заттардың
аккумуляторға тиюін болдырмаңыз.
Аккумуляторларды жібергенде (көлік, темір жол, теңіз немесе
әуе транспортымен) күшіне енген халықаралық тасымалдау
ережелерін сақтау керек.
6.6 Белдікке ілуге арналған ілгек
3
АБАЙЛАҢЫЗ
Жұмысты бастау алдында белдік ілгегі берік бекітілгенін
тексеріңіз.
Ілгек аспапты белдікке ілуге мүмкіндік береді.
Егер
пайдаланушы солақай болса, белдікке ілуге арналған ілгекті
құрылғының басқа шетінде орнатуға болады.
1. Аккумуляторды аспаптан ажыратыңыз.
2. Монтаждық пластинаны осы мақсатқа арналған тесікке
салыңыз.
3. Белдікке ілуге арналған ілгекті екі винтпен бекітіңіз.
Printed: 30.09.2013 | Doc-Nr: PUB / 5152675 / 000 / 01