*2121692*
2121692
Қазақ
69
▶
Жеке қорғану құралдарын пайдаланыңыз және әрқашан міндетті түрде қорғауыш көзілдірікті
киіңіз.
Электр құралының түріне және пайдалану жағдайларына байланысты жеке қорғану
құралдарын, мысалы, шаңнан қорғайтын респираторды, сырғымайтын аяқ киімді, қорғауыш шлемді,
естуді қорғау құралдарын қолдану жарақаттану қаупін азайтады.
▶
Электр құралының кездейсоқ қосылуын болдырмаңыз. Электр қуатына қосу және/немесе
аккумуляторды қою, көтеру немесе тасымалдау алдында электр құрал өшірілгеніне көз
жеткізіңіз.
Электр құралды тасымалдағанда саусақтар сөндіргіште болатын немесе қосылған
электр құрал желіге қосылатын жағдайлар сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
▶
Электр құралды қосу алдында реттеуші құрылғыларды және гайка кілтін алыңыз.
Электр
құралдың айналатын бөлігіндегі аспап немесе кілт жарақаттарға әкелуі мүмкін.
▶
Жұмыс кезінде ыңғайсыз қалыптарға тұрмауға тырысыңыз. Үнемі тұрақты күйді және тепе-
теңдікті сақтаңыз.
Бұл күтпеген жағдайларда электр құралды жақсырақ басқаруға мүмкіндік
береді.
▶
Арнайы киімді киіңіз. Өте бос киімді немесе әшекейлерді кимеңіз. Шашты, киімді және
қолғапты электр құралдың айналатын түйіндерінен сақтаңыз.
Бос киім, әшекейлер және ұзын
шаш оларға ілінуі мүмкін.
▶
Егер шаңды жинау және кетіруге арналған құрылғыларды қосу қарастырылған болса, олар
қосылғанына және мақсаты бойынша қолданылып жатқанына көз жеткізіңіз.
Шаңды кетіру
модулін пайдалану шаңның зиянды әсерін азайтады.
Электр құралды қолдану және оған қызмет көрсету
▶
Аспапқа шамадан тыс жүктеме түсуін болдырмаңыз. Нақ осы жұмысқа арналған электр
құралды қолданыңыз.
Бұл ережені сақтау көрсетілген қуат диапазонында жоғарырақ жұмыс
сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
▶
Сөндіргіші бұзылған электр құралды қолданбаңыз.
Қосу немесе өшіру қиын электр құрал қауіпті
және оны жөндеу керек.
▶
Электр құралды реттеуге, саймандарды ауыстыруға кірісу алдында немесе жұмыстағы үзіліс
алдында розеткадан айырды және/немесе электр құралдан аккумуляторды шығарыңыз.
Бұл
сақтық шарасы электр құралдың кездейсоқ қосылуын болдырмайды.
▶
Қолданылмайтын электр құралдарды балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Электр құралды
оны пайдалана алмайтын немесе осы нұсқауларды оқып шықпаған тұлғаларға бермеңіз
.
Электр құралдар тәжірибесі жоқ пайдаланушылардың қолында қауіпті болады.
▶
Электр құралдарына ұқыпты қараңыз. Айналмалы бөліктердің мүлтіксіз қызмет ететінін,
олардың жүрісінің жеңілдігін, барлық бөліктердің тұтастығын және электр құралдың
жұмысына теріс әсер етуі мүмкін зақымдардың жоқтығын тексеріңіз. Аспаптың зақымдалған
бөліктерін оны қолдану алдында жөндеуге өткізіңіз.
Электр құралға техникалық қызмет көрсету
ережелерін сақтамау көп сәтсіз жағдайлардың себебі болып табылады.
▶
Кескіш аспаптардың үшкір және таза болуын қадағалау керек.
Жұмыс күйінде сақталатын
кескіш аспаптардың сыналануы сиректеу болады, оларды басқару жеңілдеу.
▶
Электр құралды, саймандарды, көмекші құрылғыларды және т.б.
нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Бұл кезде жұмыс жағдайларын және орындалатын жұмыстың сипатын
ескеріңіз.
Электр құралдарды басқа мақсаттарда қолдану қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін.
Қызмет
▶
Электр құралды жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті
қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз.
Бұл электр құралды қауіпсіз күйде сақтауды қамтамасыз
етеді.
2.1.2 Перфораторлармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
▶
Қорғауыш құлаққапты киіңіз.
Шу әсерінің нәтижесінде есту қабілеті жоғалуы мүмкін.
▶
Аспап жинағына кіретін қосымша тұтқыштарды қолданыңыз.
Аспапты басқаруды жоғалту
жарақаттарға әкелуі мүмкін.
▶
Аспаптың жасырын электр сымдарын немесе желілік кабельді зақымдау қаупі болғанда
аспапты оқшауланған беттерінен ұстаңыз.
Электр сымдарына тигенде аспаптың қорғалмаған
металл бөліктері кернеу астында болады. Бұл электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
2.1.3 Қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша нұсқаулар
Адамдардың қауіпсіздігі
▶
Аспап конструкциясына өзгертулер енгізуге және оны модификациялауға тыйым салынады.
▶
Майланған тұтқыштарды дереу тазалаңыз, олар құрғақ және таза болуы керек.
▶
Бүйірлік тұтқыш дұрыс орнатылғанын және берік бекітілгенін тексеріңіз. Әрқашан аспапты
екі қолмен тұтқыштарынан берік ұстаңыз.
Printed: 07.01.2019 | Doc-Nr: PUB / 5279069 / 000 / 04
Summary of Contents for TE 3-CL
Page 2: ...1 Printed 07 01 2019 Doc Nr PUB 5279069 000 04 ...
Page 3: ...2 3 4 Printed 07 01 2019 Doc Nr PUB 5279069 000 04 ...
Page 4: ...5 6 7 8 Printed 07 01 2019 Doc Nr PUB 5279069 000 04 ...
Page 5: ...9 10 11 Printed 07 01 2019 Doc Nr PUB 5279069 000 04 ...
Page 81: ...Printed 07 01 2019 Doc Nr PUB 5279069 000 04 ...