70
Қазақ
2121692
*2121692*
▶
Аспап шаңсорғышсыз пайдаланылған кезде респираторды қолданыңыз.
▶
Жұмыс уақытында қолдар терлемеуі үшін саусақтарды босату және жаттықтыру үшін
үзілістер жасаңыз.
▶
Аспапты әлсіз адамдарға нұсқаусыз пайдалануға тыйым салынады.
▶
Аспапты балалардан алшақ ұстаңыз.
▶
Аспаптың айналатын бөлшектеріне тимеңіз. Аспапты тек жұмыс аймағына әкелгеннен кейін
ғана қосыңыз.
Айналатын түйіндерге, әсіресе айналатын қондырмаларға тию жарақаттарға әкелуі
мүмкін.
▶
Жұмыс кезінде желілік және ұзартқыш кабельдердің әрқашан аспаптың артында болуын
бақылаңыз.
Бұл жұмыс уақытында оларға шалыну қаупін азайтады.
▶
Құрамында қорғасын бар материалдарды, ағаштың кейбір түрлерін, минералдарды және
металдарды өңдеу кезінде пайда болатын шаң денсаулыққа қауіп тудыруы мүмкін. Мұндай шаңның
бөлшектерімен дем алу немесе оларға тию аллергиялық реакциялардың және/немесе дем алу
жолдары ауруларының пайда болуына әкелуі мүмкін. Кейбір шаң түрлері (мысалы, еменді немесе
шамшатты өңдеу кезінде пайда болатын шаң) канцерогенді деп есептеледі, әсіресе ағашты өңдеу
үшін қолданылатын қосымша материалдармен (хром қышқылының тұзы, ағашты қорғау заттары)
тіркесімде. Құрамында асбест бар материалдарды өңдеуді тек мамандар орындауы керек.
Мүмкін болса, жарамды шаңсорғыш аппаратты қолданыңыз. Ол үшін бұл электр құралды
Hilti компаниясы ағаш үгінділерін және/немесе минералдық шаңды тазалау үшін ұсынылған
тиісті тасымалды шаңсорғышпен тіркесімде қолданыңыз.
Жұмыс аймағының жақсы
желдетілуін қамтамасыз етіңіз. Өңделетін материалдар бойынша еліңізде қолданылатын
нұсқауларды орындаңыз.
▶
Электр қамтуды беруді өшіргенде аспапты өшіріңіз және желілік кабель ашасын розеткадан
шығарыңыз. Қажет болғанда негізгі сөндіргішті бұғаттаудан шығарыңыз.
Бұл электрмен қамту
қалпына келтірілгенде аспаптың өздігінен қосылуын болдырмайды.
Электр қауіпсіздігі
▶
Жұмысты бастау алдында жұмыс орнында жасырын электр сымдарының, газ және су жүргізу
құбырларының бар-жоғын тексеріңіз, мысалы, металл іздегіш көмегімен.
Электр сымдарына
кездейсоқ тиіп кетсе, аспаптың ашық металл бөліктері электр тогының өткізгіштеріне айналуы
мүмкін. Бұл кезде электр тогының соғу қаупі пайда болады.
▶
Аспаптың желілік кабелін тұрақты түрде тексеріңіз және зақымдалған кабельді ауыстыру
үшін тәжірибелі электрші маманды шақырыңыз. Электрлік құралдың байланыс кабелі
зақымдалған жағдайда оны арнайы дайындалған және рұқсат етілген кабельге ауыстыру
керек. Оған клиенттерге қызмет көрсету бөлімі арқылы тапсырыс беруге болады. Ұзартқыш
кабельдерді тұрақты түрде тексеріңіз және зақымдар бар болғанда оларды ауыстырыңыз.
Жұмыс кезінде желілік немесе ұзартқыш кабель зақымдалған жағдайда оған тиюге тыйым
салынады. Желілік кабельді розеткадан шығарыңыз.
Ақаулы электр қуаты кабельдері және
ұзартқыш кабельдер электр тогының соғу қаупін тудырады.
Жұмыс орны
▶
Тесіп өтетін бұрғылау кезінде қауіпті аймақты қабырғаның қарама-қарсы жағынан қоршаңыз.
Сыртқа шығатын немесе төмен түсетін сынықтар жарақаттауы мүмкін.
Жеке қауіпсіздік
▶
Қорғауыш қолғаптарда жұмыс істеңіз.
Өнім қолдану барысында қызып кетуі мүмкін. Құралды
алмастырған кезде құралға тию жараларға не өртке апарып соғуы мүмкін.
Printed: 07.01.2019 | Doc-Nr: PUB / 5279069 / 000 / 04
Summary of Contents for TE 3-CL
Page 2: ...1 Printed 07 01 2019 Doc Nr PUB 5279069 000 04 ...
Page 3: ...2 3 4 Printed 07 01 2019 Doc Nr PUB 5279069 000 04 ...
Page 4: ...5 6 7 8 Printed 07 01 2019 Doc Nr PUB 5279069 000 04 ...
Page 5: ...9 10 11 Printed 07 01 2019 Doc Nr PUB 5279069 000 04 ...
Page 81: ...Printed 07 01 2019 Doc Nr PUB 5279069 000 04 ...