116
Қазақ
Жұмыс орны
▶
Тесіп өтетін бұрғылау кезінде қауіпті аймақты қабырғаның қарама-қарсы жағынан қоршаңыз.
Сыртқа шығатын немесе төмен түсетін сынықтар жарақаттауы мүмкін.
Жеке қауіпсіздік
▶
Қорғауыш қолғаптарда жұмыс істеңіз.
Перфоратор қолдану барысында қызып кетуі мүмкін.
Құралды алмастырған кезде құралға тию жараларға не өртке апарып соғуы мүмкін.
3 Сипаттама
3.1 Өнімге шолу
@
Шаңнан қорғау қабы
;
TE-C Click құрал бекіткіші
=
Функцияны таңдау қосқышы
%
Негізгі сөндіргіш
&
Тұтқыш
(
Оңға/солға айналу бағытын ауыстырып-
қосқыш
)
Желілік кабель
+
TE DRS-M шаңсорғыш модуліне арналған
қосылым
§
Тереңдік шектегіші бар бүйірлік тұтқыш
3.2 Мақсатына сай қолдану
Сипатталған өнім электрлік перфоратор болып табылады. Ол бетон, кірпіш қалау, гипсокартон, ағаш,
пластик пен металда бұрғылау жұмыстарына арналған. Бұған қоса, перфораторды кірпіш қалау
бойынша жеңіл қашау жұмыстарын және бетон бойынша өңдеу жұмыстарын орындау үшін қолдануға
болады.
▶
Аспапты пайдалану тек зауыттық кестеде көрсетілгенге сәйкес электр желісінің кернеуі болғанда
мүмкін.
3.3 Жеткізілім жинағы
Перфоратор, бүйірлік тұтқыш, тереңдік шектегіші, пайдалану бойынша нұсқаулық.
Оған қоса, өніміңіз үшін рұқсат етілген жүйелік өнімді
Hilti Store
дүкенінде немесе келесі веб-сайтта
табуға болады:
www.hilti.group
| АҚШ:
www.hilti.com
4 Перфоратор
Нұсқау
Номиналды кернеу, номиналды ток, жиілік және/немесе номиналды тұтынылатын қуат туралы
ақпарат елге тән фирмалық тақтайшада берілген.
Генераторда немесе трансформаторда жұмыс істеген кезде, осы шығыс қуат аспаптың фирмалық
тақтайшасында көрсетілген номиналды тұтынылатын қуаттан кем дегенде екі есе жоғары болуы керек.
Трансформатор немесе генератордың басқару кернеуі әрдайым аспаптың номиналды тұтынылатын
қуатының +5% және -15% аралығында болуы керек.
TE 7C
EPTA 01 процедурасы бойынша салмағы
3,5 кг
Ø үлкен тесіктерге арналған бұрғы
5 мм …28 мм
Ø ағаш бойынша бұрғы
3 мм …20 мм
Ø металл бұрғысы
≤ 13 мм
4.1 EN 60745 стандарты бойынша шуыл туралы ақпарат және діріл мәні
Осы нұсқауларда көрсетілген дыбыс қысымы мен діріл деңгейі стандартты өлшеу әдісімен өлшенген
және оны басқа электр құралдарымен салыстыру үшін пайдалануға болады. Сонымен бірге, ол
экспозицияны алдын ала бағалау үшін жарайды.
Берілген деректер электр құралының негізгі жұмысын көрсетеді. Алайда, егер электр құралы басқа
мақсаттарда, басқа жұмыс аспаптарымен қолданылса немесе оған қанағаттандырмайтын техникалық
қызмет көрсетілсе, деректер өзгеше болуы мүмкін. Осының салдарынан аспаптың бүкіл жұмыс істеу
кезеңінде экспозиция айтарлықтай артуы мүмкін.
Printed: 10.10.2017 | Doc-Nr: PUB / 5071226 / 000 / 06
Summary of Contents for TE 7-C
Page 2: ...1 Printed 10 10 2017 Doc Nr PUB 5071226 000 06 ...
Page 3: ...2 3 4 5 Printed 10 10 2017 Doc Nr PUB 5071226 000 06 ...
Page 4: ...6 7 8 Printed 10 10 2017 Doc Nr PUB 5071226 000 06 ...
Page 6: ...Printed 10 10 2017 Doc Nr PUB 5071226 000 06 ...
Page 153: ...Printed 10 10 2017 Doc Nr PUB 5071226 000 06 ...