98
it
98
kz
ШЫРЫН РЕЦЕПТТЕРІНІҢ КІТАБЫ
ЛИМОН ШЫРЫНЫ
4 порцияға арналған ингредиенттер: 3 үлкен лимон, 1 алма, қоңыр қант.
Лимондарды жуып, аршып, кішкене текшелерге тураңыз. Алманы жуып, аршыңыз. Ингредиенттерді
шырынсыққышқа салып, 1 стақан су қосыңыз. Өңделіп болғаннан кейін қажетінше қоңыр қант қосыңыз.
Дастарханға 1 шай қасық шағылған мұз қосып қойыңыз.
ЖАНДАНДЫРАТЫН КОКТЕЙЛЬ
4 порцияға арналған ингредиенттер: 1 қарбыз (1 кг), жаңа терілген райхан, арақ.
Қарбыздың қабығы мен дәндерін алып тастап, кішкене текшелерге тураңыз. Райхан жапырақтарын
жуып, 1 уыс таңдап алыңыз. Қарбыз бен райханды шырынсыққышқа салып, сығыңыз. 4 шай қасық
арақ пен шағылған мұз қосып, шырынды шайқаңыз да, 4 шарап стақанына бірнеше райхан жапырағын
салып, коктейльді құйыңыз.
ҚАРАЖИДЕК ДЕСЕРТІ
4 порцияға арналған ингредиенттер: 1 кг қаражидек, 500 г көпіршітілген қаймақ, 70 г ұнтақ қант.
Қаражидектерді жуып, құрғатыңыз, одан кейін ас үй комбайнына салып, шырын жасаңыз. Көпіршітілген
қаймақты, қаражидек шырынын және 50 г ұнтақ қантты ақырындап араластырып, қоспа жасаңыз.
Қаражидек етін қалған қантпен араластырып, қоспаны 4 стақанға құйыңыз. Көпіршітілген қаймақ пен
қаражидек шырыны қоспасын үстіне құйып, дайын болғанша тоңазытқышта сақтаңыз.
АЛМА МЕН ФЕНХЕЛЬДЕН ЖАСАЛҒАН ГАСПАЧЧО
4 порцияға арналған ингредиенттер: 3 алма, 4 фенхель баданасы, 1 лайм, таңқурай сірке суы, жаңғақ
майы, тұз.
Лаймды, алмаларды және фенхель жуып, тураңыз. Оларды шырынсыққышқа салып, сығыңыз.
Шырынға 4 ас қасық жаңғақ майы мен 1 шоқым тұз қосып, бұлғағышпен араластырыңыз. 4 стақанға
құйып, бірнеше алма тілімімен безендіріңіз.
ЖАСЫЛ ШЫРЫН
4 порцияға арналған ингредиенттер: 1 қияр, 2 фенхель баданасы, 1 балдыркөк сабағы, 2 сәбіз, ерте
жұлынған саумалдық, ақжелкен, 1 алма, 5 г жаңа жиналған зімбір.
Қиярды, фенхельді, балдыркөкті, сәбіздерді және алманы жуып, аршып, тураңыз. Зімбір тамырын
аршыңыз. Ақжелкен жапырақтарын және ерте жұлынған саумалдықты жуып, 1 уыстан таңдап алыңыз.
Көкөністерді аз-аздан өңдеп, шырынын алыңыз. Бірден араластырып, дастарханға қойыңыз.
Summary of Contents for SJ 15XL UP0
Page 2: ...220 240V 150W SJ 15 EU 1 6 2 3 4 13 14 5 12 7 8 9 10 11 7 ...
Page 3: ...A B C ...
Page 113: ...113 it bg ...
Page 114: ...114 it bg ...
Page 115: ...115 it bg ...