99
it
99
kz
АЛМА ҚҰЙМАҒЫ
4 порцияға арналған ингредиенттер: 5 алма, 2 жұмыртқа, 100 г ұн, майы алынған сүттен жасалған
200 г йогурт, даршын ұнтағы, қант, май.
4 ас қасық қант қосып, жұмыртқаларды бұлғағышпен бұлғап, жеңіл көпіршітілген қоспа жасаңыз.
Еленген ұн, 1 шоқым даршын ұнтағын қосып, араластырыңыз. Алмаларды жуып, оларды
сығыңыз. Шырынды шыны шөлмекте құйып, тоңазытқышта сақтап, кейін ішуге болады. Өңделген
алма етін жұмыртқа, ұн және қанттан жасалған қоспаға ағаш қасықпен батырыңыз. Йогурт қосып,
араластырыңыз. Қоспа жұмсақ болуы керек, қасықтан оп-оңай түсуі керек. Тым қою болса, біраз сүт
қосыңыз. Табада 1 бөлік май ерітіп, оның үстіне бірнеше қасық қоспа құйыңыз. Қалақшамен аударып,
құймақтардың әрбір жағын 2 минут пісіріңіз. Ұнтақ қант сеуіп, бірден дастарханға қойыңыз.
АЛМА ТҰЗДЫҒЫ
Шамамен 300 г тұздық жасауға арналған ингредиенттер: 4 алма, 1 пияз, мамыргүл балы, даршын
ұнтағы, қалампыр ұнтағы, құрғақ ақ шарап, май, тұз.
Алмалар мен пиязды жуып, аршып, текшелерге тураңыз. Өңдеп, шырын мен жеміс етін табаға
құйыңыз. 1 ас қасық бал қосып, 10 минуттай пісіріңіз. Қажетінше тұз, 1 шоқым даршын ұнтағын және
1 шоқым қалампыр ұнтағын қосыңыз. Ыстық қоспаны қақпағы бар шыны ыдысқа құйыңыз, қақпақты
жауып, ауасы шықпауы үшін ыдысты аударып, салқындағанша күтіңіз. Тұздықты тоңазытқышта 1
айдай сақтауға болады.
Қуырылған немесе буға пісірілген етке қосқан жөн.
Summary of Contents for SJ 15XL UP0
Page 2: ...220 240V 150W SJ 15 EU 1 6 2 3 4 13 14 5 12 7 8 9 10 11 7 ...
Page 3: ...A B C ...
Page 113: ...113 it bg ...
Page 114: ...114 it bg ...
Page 115: ...115 it bg ...