6
7
Сипаттама
1. Тірек табан
2. Негіз бекіткіші
3. Түтік
4. Ұзартқыш түтік
5. Түтік биіктігін реттегіш
6. Артқы торы
7. Сомын
8. Тұрқы
9. Қалақтар
10. Ось
11. Қалақтарды бекіткіш
12. Алдыңғы тор
13. Қысқыш
14. Тұрқының айналу тетігі
15. Сақина
16. Бұрама
17. Басқару тетіктері
Қауіпсіздік шаралары
Пайдаланғаннан кейін жəне тазалар алдында құралды желіден сөндіріңіз.
Құралды желіден сөндіргенге дейін, жылдамдық ажыратқышын «0» қалпына
орнатыңыз.
Электр тогымен жарақаттанбау үшін, құралды суға немесе басқа сұйықтықтарға
салмаңыз жəне оған су тимегенін қадағалаңыз.
Құралды арнаулы жерде сақтаңыз.
Желіге қосылған құралды қараусыз қалдырмаңыз.
Құралды балалар, мүгедектер, үй жануарларының жанында қалдырмаңыз.
Құралды нұсқаулықта көрсетілгендей мақсаты бойынша ғана пайдаланыңыз.
Сымы немесе айыры зақымдалған немесе жерге құлаған құралды пайдаланбаңыз.
Желдеткішті жазық бетке қойыңыз.
Желдеткіш қосылып тұрғанда оның айналатын бөліктерін ұстамаңыз.
Бөгде заттар құралдың тесіктері немесе оның торларына кірмегенін қадағалаңыз.
Мотор тұрқындағы желдету тесіктерін жаппаңыз.
Торсыз желдеткішті пайдаланбаңыз.
Жинау
Бірін екіншісіне орнатып, тірек табанды (1) жинаңыз.
Түтікті (3) тірек табанға (1) орнатыңыз жəне оны 4 бұраманың көмегімен бекітіңіз.
Түтіктің (3) қажетті биіктігін реттеңіз, оны бұрамамен (5) бекітіңіз.
Артқы торын (6) тұрқына (8) орнатыңыз. Мотор тұрқындағы дөңестер тордың
тесіктеріне сəйкестігін тексеріңіз. Торды сомынның (7) көмегімен бекітіңіз.
Қалақтарды (9) оське (10) шегіне дейін орнатыңыз. Қалақтарды бекітуге арналған
сомынмен (11) сағат тіліне қарсы бұрып бекітіңіз.
Алдыңғы торын (12) артқысымен (6) біріктіріңіз, олардың биіктігін реттеңіз жəне
тордың жанында орналасқан қысқыштармен сенімді бекітіңіз.
Қалақтар (9) жəне торлармен (6,12) жиналған тұрқыны (8) ұзартқыш түтікке орнатыңыз.
Тұрқыны (8) ұзартқыш түтікке (4) бұраманың (16) көмегімен бекітіңіз.
Жұмыстың жылдамдық режімдері
0
- сөндірілген
1
- төменгі айналу жылдамдығы
2
- орташа айналу жылдамдығы
3
- жоғары айналу жылдамдығы
Айналу жылдамдығы тетіктердің көмегімен реттеледі (17)
Стационарлық қалыпта жəне 90
º
айналып жұмыс жасау мүмкіндігі бар.
Тұрқының айналуы
Тұрқының үстіңгі жағында орналасқан тұрқының айналу тетігіне (14) басыңыз, айналу
басталады немесе тоқтатылады.
Сіз кез-келген бағытқа абайлап бұрып, тұрқыны қажетті бұрышқа орната аласыз.
Егер тұрқы қажетті қалыпта бекітілмесе, онда оның астындағы бұрама тарту қажет.
Тазалау
Тазалар алдында желдеткішті желіден сөндіріңіз.
Тұрқының шаңын құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
Кетпейтін дақтарды спиртпен дымқылдатылған шүберекпен сүртіңіз.
Егер қалақтарды тазалау қажет болса, алдыңғы торды шешіңіз, ал содан кейін
қалақтарды бекітетін бұраманы шешіңіз. Содан кейін қалақтарды жылы сабын сумен
жуыңыз жəне кептіріңіз.
Желдеткішті суға жəне басқа сұйықтықтарға салмаңыз. Сұйықтық моторға тимегенін
бақылаңыз.
Желдеткіштің электр моторы майлауды қажет етпейді.
Сіздің бұйымыңызды мерзімінде тазалау ұсынылады.
Желдеткішті тазалау үшін күшті ерітінділерді пайдаланбаңыз.
Тазалаудан басқа ешқандай күтім қажет емес.
Техникалық сипаттама
Жұмыс кернеулігі: 220В/50Гц
Жұмсалатын қуат: 40Вт
Қызмет мерзімі: 2 жыл.
Назар аударыңыз:
өндіруші осы Пайдалану жөніндегі нұсқаулық ережелерін, қауіпсіздік
техникасының жалпы ережелерін сақтамау немесе осы бұйымның құрылымын өздігінен
жөндеу нəтижесінде болған тура немесе жанама зиян үшін жауапты емес.
Жеткізушінің сатып алушының келісімінсіз тауардың сыртқы түрін немесе
жиынтығын өзгертуге құқығы бар.
Құралды тек тұрмыстық мақсатта пайдалануға болады.
Қараусыз қалдырмаңыз!
Диаметрі
:
43 см
Биіктігі
:
104 см