30
KZ
Нұсқаулық
(шпиндельдің басындағы айналу тетігінің бағыты)
бір жақты көрсететініне көз жеткізу қажет.
∙
Шпиндель қысқышы батырмасын (3) басып,
шпиндельді қысыңыз (тек құрал толық тоқтаған кезде!).
∙
Сыртқы фланецті бұрап шығарыңыз (9).
∙
Ішкі фланецке (7) дискті орнатыңыз (8).
∙
Сыртқы фланецті бұрап кигізіңіз (9) және тесігі
бар дөңгелек гайкаларға арналған кілттің көмегімен
тартыңыз (14).
[F3]
Қосу алдында тегістейтін дисктің (8) дұрыс
орнатылғанына және еркін айналатынына көз
жеткізіңіз.
ҚОСУ / СӨНДІРУ [F4]
Абайсызда қосылып кетпес үшін машина блокадалау
батырмасымен (1) жабдықталған.
Қосу
Машинаны қосу үшін блокадалау батырмасы (1) мен
«қосулы / сөндірулі» сөндіргішін (5) басыңыз.
Сөндіру
«Қосу / сөндіру» сөндіргішін жіберіңіз (5).
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Тегістеу [F5]
30° -тан 40°-қа дейінгі бұрыштан тегістеген жағдайда
жақсы нәтижеге қол жетеді. Машинаны жеңіл баса
отырып алға және артқа қозғалтыңыз. Осылайша
дайындама қатты қызбайды, түссіздену болмайды
және қатпарланбайды.
Кесетін диск ешбір жағдайда да алғашқы өңдеу
үшін қолданылмауы қажет.
Кесу [F6]
Кесу
кезінде
баспаңыз,
еңкеймеңіз
және
шайқамаңыз. Өңделетін материалға сай келетін
берілістің төмен жылдамдығында жұмыс істеңіз.
Кесу жүргізілетін бағыт маңызды.
Машинаның айналуы қашанда қозғалысқа кері бағыт
бағытында жүргізілуі қажет, сондықтан машинаны
ешқашан кері жаққа қозғалтпаңыз. Олай етпеген жағдайда,
басқарылмай кесіктен шығып кету қаупі пайда болады.
Кескінді немесе тік бұрышты құбырларды кескен
кезде, барынша шағын қимадан бастаған дұрыс.
ЖЫЛДАМДЫҚТЫ ТАҢДАУ [F7]
Қажетті жылдамдықты дискті реттегіштің (15)
көмегімен таңдауға болады (сондай-ақ жұмыс
кезінде).
Қажетті жылдамдық материалға байланысты және
практикалық сынақтардың көмегімен анықтауға
болады. Төменгі жылдамдықта ұзақ уақыт жұмыс
істеген соң машинаны 3 минут бойына жүктеусіз
максималды жылдамдықта қосып қою арқылы оған
суынуға мүмкіндік беру қажет.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ САҚТАУ
АБАЙ
БОЛЫҢЫЗ!
Құралмен
жұмысты бастау алдында желілік
ашаны алып тасатыңыз.
∙
Құралды және желдеткіш саңылауларын (егер
болса) тазалықта ұстаңыз. Үнемі тазарту және
қызмет көрсету құралдың жоғары тиімділігін және
ұзақ уақыт қолданылуын кепілдейді.
∙
Өндіріс пен сынаудың мінсіз шарттарына
қарамастан, істен шыққан жағдайда, жөндеу
жұмыстары IVT ресми орталықтарында жүргізілуі
керек.
∙
Барлық сақиналар, болттар және бұрамалар
мұқият бұралуы керек.
∙
Ақауланған
немесе
тозған
бөлшектерді
алмастырыңыз.
∙
Тек түпнұсқалық қосалқы бөлшектерді ғана
пайдаланыңыз. Басқа тараптық өндіруші дайындаған
бөлшектер нақты сай болмайды және жарақаттану
қаупін жоғарылатады.
∙
Құралды құрғақ әрі балалардың қолы жетпейтін
жерде, тез тұтанатын материалдардан қауіпсіз
қашықтықта сақтаңыз.
∙
Құралға су тигізбеңіз!
Тазалау жөніндегі нұсқау
Техникалық қызметке жұмыс аяқталған соң
машинаны шаң мен кірден тазалау, сонымен қатар
тозған карбон щеткаларын ауыстыру кіреді.
∙
Корпусты дымқыл шүберекпен сүртіп, құралды
кептіріңіз. Еріткіштер мен өзге де агрессиялы
заттарды қолдануға тыйым салынады.
Summary of Contents for AG-180G-RC
Page 6: ...6 AG 180G RC 15 5 1 2 4 10 8 3 6 10 ...
Page 7: ...7 F2 F4 F3 F6 F5 F1 F7 4 12 11 6 7 9 4 11 12 8 14 5 1 15 ...
Page 106: ......
Page 107: ......