47
KZ
Нұсқаулық
қадағалаңыз.
4. Орнататын шпилька (17) ара шинасының
(19) қимасына түсіп, ал шынжырды тарту
тұрақтандырғышы (20) ара шинасындағы (7) өзіне
арналған саңылауға түсетіндей етіп ара шинасын
(7) орналастырыңыз; бірмезгілде ара шынжырын (6)
шынжырдың тісті дөңгелегіне (23) тағыңыз [F3].
5. Қаптаманы (4) орнатып, сомын кілтінің (16)
көмегімен бекітетін сомынды (5) жақсылап сенімді
тартып бітеңіз.
6. Ара шынжырының (6) тартылуын тексеріңіз,
қажет болса ретке келтіріңіз.
ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДАҒЫ ТЕКСЕРУ
Ара шынжырының (6) тартылуын тексеру
Ара шынжырының (6) тартылуын қолдану алдында,
бірінші кесулерден соң және жұмыс кезінде жиі (әр
10 минут сайын) тексеріп тұру қажет. Шынжырлы
араның (6) қызмет ету мерзімі тиісті майлауға және
дұрыс тартуға байланысты.
1. Машинаны тегіс жерге орнатыңыз.
2. Бекітетін сомынды (5) бұрап шығарыңыз
(қорғайтын қалпақшаның астында тұр).
3. Бұрауыштың көмегімен шынжырды тарту
(18) болтын сағат тілімен айналдыра отырып,
шынжырдың қажетті тартылуына қол жеткізіңіз.
Осыдан соң ара шинасы (7) шынжырды тарту
тұрақтандырғышының (20) көмегімен қажетті орынға
ауысады.
[F4]
4. Ара шынжырының (6) ортаңғы бөлігін 3-4 мм
көтеруге болатын болса, ол дұрыс тартылады
[F5]
.
Егер ара шынжыры (6) артық тартылса, шынжырды
тарту (18) болтын сағат тіліне қарсы айналдырыңыз.
5. Сомын кілтінің көмегімен бекітетін сомынды (5)
сенімді тартыңыз.
6. Ара шинасында (7) шынжыр тістерінің дұрыс
орналасуын қамтамасыз етіңіз.
Шынжырды (6) майлау
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
Құрал
майлаушы
сұйықтыққа
арналған пластмасса ыдыспен
жабдықталған. Құрал жұмысқа
қосылмас
бұрын
аталмыш
ыдыс
майлаушы
сұйықтыққа
толтырылуы қажет. Егер ыдысында
майлаушы сұйықтық жоқ құралды
қолданатын
болса
немесе
ыдыстағы сұйықтық белгіленген
деңгейден төмен болса құралдың
бұзылуы мүмкін.
Шынжырдың қызмет ету және қолдану ұзақтығы
және өнімділіктің төмендеуі оның тиімді майлануына
тәуелді. Сондықтан шынжырдың (6) майлануы
автоматты түрде, құрал іске қосулы тұрғанда
роторлық майлаушы подшипник (21) арқылы жүзе
асырылады.
Ыдысты майлаушы сұйықтыққа толтыру
1. Майлаушы сұйықтық ыдысының қақпағын (14)
ашып, ыдысқа арнайы түтікті салып, түтік арқылы
ыдысқа майды құйыңыз.
2. Ыдыстың қақпағының (14) маңын таза матамен
сүртіп, түтікті алып тастаңыз.
3. Ыдыс майлаушы сұйықтықпен толтырылды.
4. Ыдысқа қоқым-қоқыс түсуіне жол бермеңіз,
содан кейін май құйылған ыдыстың қақпағын (14)
мұқият жабыңыз.
Құралдың істен шығып қалмауы не болмаса
бұзылмауы үшін дайындаушы ұсынған, жоғары
ауа қысымына төзімді майды ғана қолданыңыз.
Ұсынылмаған, болмаса құралдың техникалық
сипаттамасына сәйкес келмейтін және бұрын
қолданылған майды пайдалануға тыйым
салынады. Мұндай майларды және техникалық
мақсатқа жарамсыз сұйықтықтарды пайдалану
құралға берілетін кепілдік құқығын жояды.
Шынжырдың тежегіш механизмін тексеру
Шынжыр тежегіші сақтандырғыш механизм болып
табылады, ол кері соғу кезінде шынжыр тежегішінің
(9) белсендіргішімен іске қосылады. Шынжыр тежегіші
(9) белсендіргішінің жылжуы ара шынжырын (6) әрі
кетсе 0,3 секундқа тоқтатады. Уақыт өте келе тежегіш
механизмінің дұрыстығын тексеріп тұру қажет:
∙
Шынжыр тежегіші (9) белсендіргішін «2»
жағдайына ауыстырыңыз.
[F6]
∙
Араны біраз уақытқа қосуға тырысыңыз: құрал
бұл уақытта оталмауы тиіс.
∙
Араны тежегіштен шығару үшін шынжыр
тежегіші (9) белсендіргішін өзіңізге айналдыра
отырып, «1» жағдайына келтіріңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер ара
шынжыры (6) шынжыр тежегішін
қосқан кезде тоқтамаса, шынжырлы
араны қызмет көрсетудің ресми
орталығына тапсыру қажет. Егер
шынжыр тежегіші дұрыс жұмыс
жасамаса,
шынжырлы
араны
қолданбаңыз!
Summary of Contents for CHS-2000
Page 4: ...4 4 13 15 5 6 7 8 10 2 9 1 14 11 12 3 16 CHS 2000 ...
Page 5: ...5 max 3 4 mm 20 18 11 12 15 21 18 20 23 22 23 19 17 F8 F1 F3 F5 F7 F2 F4 1 2 F6 ...
Page 6: ...6 A C B 45 F11 F12 F14 F10 F15 F13 F9 ...
Page 7: ...7 ...
Page 78: ......
Page 79: ......