27
KZ
Нұсқаулық
респираторларды пайдаланыңыз.
∙
Құралдың астына бөгде заттар түскен жағдайда
құралдың ақаусыз екендігін тексеріңіз және қажетті
жөндеу жұмыстарын жүзеге асырыңыз.
∙
Шамадан тыс діріл пайда болса жедел арада
қозғалтқышты сөндіріңіз және себебін анықтаңыз.
Діріл ақаудың белгісі болып табылады.
∙
Жұмыс орнынан кетпес бұрын, құралды жөндеу,
тексеру немесе тазарту алдында оны сөндіріңіз және
толығымен тоқтағанша күте тұрыңыз.
∙
Құралдың ішкі бөлшектерін алып тастауға
немесе өзгертуге тыйым салынады.
Қауіпсіздік
техникасы
бойынша
ерекше
ережелер
∙
Жұмыс барысында кескіш құралдың жасырын
тоқ сымдары мен өткізгіштермен жанасуы мүмкін
болғандықтан,
мұндай
жұмыстарды
атқару
барысында оны оқшауланған, тоқ өткізбейтін
тұтқасынан ұстаңыз. Кернеулі тоқ сымына
жанасқанда электрлік құралдың ашық металл
бөлшектері электрлік қуатқа ие болады, осылайша
оператор тоқ соққысына шалдығады.
∙
Құралмен ұзақ уақыт бойы жұмыс істейтін
болсаңыз құлаққап пайдаланыңыз. Қарқынды
шудың ұзақ уақыт бойына әсер етуі есту қабілетіне
жағымсыз әсер етеді.
∙
Дулыға (қорғаушы қалқан), саусаққап және/
немесе
қорғаушы
бетперде
пайдаланыңыз.
Қарапайым көзілдіріктер мен күннен қорғаушы
көзілдіріктер қорғаушы болып ТАБЫЛМАЙДЫ.
Сондай-ақ қатаң түрде респиратор мен қалың
жабынды саусаққап пайдаланған жөн.
∙
Жұмыс басталмас бұрын тескіштің мұқият
бекітілгендігін көз жеткізіңіз.
∙
Қалыпты жұмыс кезінде құрал дірілдейді.
Бұрамалар жеңіл босатылады, бұл бұзылуға немесе
апатты жағдайға әкеліп соғады. Жұмыс басталмас
бұрын бұрамаларды мұқият тексеріңіз.
∙
Ауа райы салқын болғанда немесе ұзақ
уақыт бойы сақтағаннан кейін құралды шамалы
қыздырыңыз, бұл үшін бірнеше минут бойы қосулы
күйде сақтаңыз. Бұл майлауыштарды жібітеді.
Балғамен алдын-ала қыздырусыз жұмыс істеу қиын.
∙
Тұрақты қалып сақтаңыз. Құралмен жоғары
биіктікте жұмыс істейтін болсаңыз, төменде
адамдардың жоқ екендігіне көз жеткізіңіз.
∙
Құралды екі қолыңызбен мықтап ұстаңыз.
∙
Қолыңызды қозғалмалы бөлшектерге жақын
жерде ұстамаңыз.
∙
Қосулы құралды қараусыз қалдырмаңыз. Қосулы
ұрған құралды қолмен ұстап тұру керек.
∙
Қосулы тұрған құралды қандай да бір тұлғаға
бағыттамаңыз. Тескіш ұшып кетіп, жарақаттауы
мүмкін.
∙
Тескішке
немесе
тескіштің
маңындағы
бөлшектерге тесу аяқталғаннан соң бірден
жанаспаңыз, себебі олар жұмыс кезінде қатты
қызады және күюге әкеліп соғуы мүмкін.
∙
Кейбір материалдардың құрамында улы болып
саналатын химиялық заттар болуы мүмкін. Шаңның
тыны салу жолдарына және теріге түсуіне жол
бермеңіз. Жеткізуші ұсынатын материалдардың
қауіпсіздігі туралы мәліметтермен танысыңыз.
∙
Құралды балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
∙
Электр сымы болуы мүмкін тексеруге келмейтін
қабырғаларды немесе өзге жерлерді балғамен
теспеңіз және сындырмаңыз. Дегенмен, мұндай
жұмысты жасау қажет болған жағдайда, жұмыс
жүргізілетін аймаққа электр қуат көзі жіберілетін
барлық
тежегіштерді
және
сөндіргіштерлі
ажыратыңыз және суырып тастаңыз.
∙
Жұмыстың алдында металл іздегіштің көмегімен
жұмыс жүргізетін жерде газ немесе су құбырларының
бар-жоғын
тексеріңіз,
немесе
инженерлік
коммуникацияға жауап беретін жергілікті компанияны
шақырыңыз. Қашаудың соққысы немесе газ желісін
ойып кесу жарылысқа соқтырады. Электр құралына
судың кіруі электр тогымен ұруды тудыруы мүмкін.
∙
Мұқалған немесе зақымданған қашауды және
жабдықтарды қолданбаңыз. Мұқалған немесе
зақымданған қашаудың жұмыс объектісінде
қысылып қалу мүмкіндігі жоғары.
ҚОРАПСЫЗДАНДЫРУ
Қаптан алу кезінде барлық бөлшектердің түгел
екендігіне көз жеткізіңіз. Соңғы беттегі жинақтау
сызбасын қараңыз. Қандай да болмасын бөлшектер
бомаған жағдайда немесе ақаулы болған жағдайда
IVT қызмет көрсету орталығына жүгініңіз.
ҚОЛДАНУДЫ БАСТАУ
Қоректендіргіш кернеуінің мәні құралдың құжаттық
мәліметтерінде көрсетілген төлқұжаттық деректерге
сай болу керек.
ҚОСЫМША ТҰТҚА (4)
Құралға қосымша тұтқаны (4) орнату керек. Айналмалы
тұтқаны пайдалана отырып қауіпсіз қалыпты сақтауға
болады.
Summary of Contents for RHM-1050 BMC
Page 4: ...4 RHM 800 BMC RHM 1050 BMC 1 3 6 5 4 7 8 2 1 3 6 5 7 2 8 4 ...
Page 5: ...5 F5 F4 F6 F1 F3 F2 F7 2 1 3 1 2 3 ...
Page 54: ......
Page 55: ......