KAZ
56
Пайдалану бойынша түпнұсқа нұсқаулық
Ыстық ауамен қыздырылатын гриль тұтатқышы
Мазмұны
Жұмыс алдында... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 56
Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін . . . . . . . . . . . . . . . 56
Құрылғыға шолу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 57
Басқару . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 57
Тазалау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 58
Сақтау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 58
Ақаулықтар жəне оларды жою . . . . . . . . . . . 58
Кəдеге жарату . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 58
Техникалық деректер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 59
Кепілдік картасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 65
Жұмыс алдында...
Қолдану мақсаты
Құрылғы грильдегі, ашық алауошақтардағы,
плиталық пештерде, үйдегі пештерде, таблетка-
лармен жəне ағашпен тұтандырылатын пештерде
қатты отынды тұтатуға арналған.
Құрылғы өнеркəсіптік пайдалануға арналмаған.
Жазатайым оқиғадан сақтандыратын жалпы ере-
желерді жəне қауіпсіздік техникасы бойынша
берілген нұсқауларды ұстанған жөн.
Пайдалану бойынша осы нұсқаулықта көрсетілген
əрекетті ғана жүзеге асыру қажет. Кез келген
өзгеше пайдалану тыйым салынған қате қолданыс
болып есептеледі. Өндіруші мұндай қолданыс
нəтижесінен туындаған зақымдар үшін жауапкер-
шілік көтермейді.
Қолданылған белгілер нені білдіреді?
Қауіп туралы ескертулер мен нұсқаулар пайда-
лану бойынша нұсқаулықта анық көрсетілген.
Келесі белгілер пайдаланылады:
Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін
Қауіпсіздік бойынша жалпы нұсқаулар
•
Құралды сенімді пайдалану үшін қолданушы
алғаш қолданар алдында пайдалану жөнінде
осы нұсқаулықты оқып шығуы керек.
•
Қауіпсіздік шаралары бойынша барлық
нұсқауларды орындаңыз! Егер қауіпсіздік
шараларын сақтау бойынша нұсқауларды
ескермесеңіз, өзіңіз бен басқаларға қауіп
төндіресіз.
•
Пайдалану бойынша нұсқаулық пен қауіпсіздік
бойынша нұсқауларды болашақта пайдалану
үшін сақтап қойыңыз.
•
Егер құрылғыны сатсаңыз немесе оны біреуге
берсеңіз, оған міндетті түрде пайдалану
бойынша нұсқаулықты қоса беріңіз.
•
Аспапты тек ақаусыз күйде қолдану рұқсат
етіледі. Құрылғы немесе оның бір бөлігі
бүлінген жағдайда оны қолданыстан
шығарып, ұйғарымдарға сəйкес кəдеге жарату
қажет.
•
Аспапты жарылыс қауіпті жағдайдағы жай-
ларда, сонымен қатар, жанғыш сұйықтықтар
мен газдардың жанында қолданбаңыз.
•
Өшірілген құрылғыны кездейсоқ қосылудан
бұғаттау қажет.
•
Ажыратқышы дұрыс жұмыс істемейтін аспап-
тарды пайдаланбаңыз.
•
Құрылғыға балаларды жақындатпаңыз!
Құрылғыны балалардың жəне басқа
тұлғалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
•
Құрылғыны асыра жүктемеңіз. Құрылғыны тек
тағайындалған мақсатта қолданыңыз.
•
Жұмыс істегенде сақ болу жəне жақсы күйде
болу қажет: Шаршаған, ауырған, алкогольден
немесе есірткіден мастанған күйде, сондай-ақ
дəрі-дəрмектер əсер еткенде Сіз бұйымды
қауіпсіз пайдалана алмайсыз.
•
Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шек-
теулі тұлғалар (балаларды қосқанда)/
тəжірибесі жəне/немесе білімі жеткіліксіз
адамдар олардың қауіпсіздігіне жауапты
тұлғалардың қарауында болмаған немесе
сондай тұлғадан құрылғыны пайдалану
бойынша нұсқау алмаған жағдайда
құрылғыны пайдаланбауы тиіс.
•
Балаларға аспаппен ойнауға жол бермеңіз.
•
Əрдайым қолданыстағы ұлттық жəне
халықаралық қауіпсіздік техникасының талап-
тарын, сондай-ақ денсаулық сақтау жəне
еңбек нормаларын орындау қажет.
Электрлік қауіпсіздік
•
Аспапты дұрыс қорғалатын байланыспен
жабдықталған ашалы розеткаға ғана қосуға
рұқсат етіледі.
•
Құралды 30 мА шамасынан аспайтын ток
шыққан кезде жұмыс істеп кететін дифферен-
циалды автомат арқылы қосқан дұрыс.
•
Аспапты желіге қосар алдында желідегі
электрмен жабдықтаудың аспапты электрмен
қоректендіру талаптарына сəйкес келетін-
дігіне көз жеткізу қажет.
•
Кернеу, қуаттылық жəне номиналды айналу
жылдамдығы тақтайшада көрсетілген негізгі
техникалық деректердің рұқсат етілген ең
жоғарғы мөлшерінен аспаған кезде ғана
аспапты қолдануға болады.
ҚАУIП! Өмірге төнетін тікелей қауіп
немесе жарақат алу қаупі!
Өлімге
немесе ауыр жарақатқа алып келетін
тікелей қауіпті оқиға.
ЕСКЕРТУ! Өмірге төнуі мүмкін қауіп
немесе жарақат алу қаупі!
Өлімге
немесе ауыр жарақатқа алып келетін
жалпы қауіпті оқиға.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақат алу қаупі
туындауы мүмкін!
Жарақаттарға алып
келуі мүмкін қауіпті оқиға.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құрылғының
зақымдалу қаупі бар!
Материалдық
шығынға алып келуі мүмкін оқиға.
Нұсқау:
Процестерді жақсырақ түсіну
үшін берілген ақпарат.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
Grillanzuender_Elektro_660223.book Seite 56 Donnerstag, 14. November 2019 12:04 12