38
ПА ЙД А ЛА НУ Ж ӨНІ НД ЕГІ НҰ СҚ А УЛЫ Қ
М Ұ ЗД АТҚ Ы Ш Л А Р Ь
пайдаланбаңыз. Егер сіз қызған сымды сезсеңіз, бөліп таратқыш қалқанда
электрлік қуат беруді ажыратыңыз, ашаны розеткадан суырып алыңыз және
сервистік орталыққа хабарласыңыз.
• Күйіп қалу және өрт шығу мүмкіндігін болдырмау үшін, мұздатқыш ларьдің
қызған бөліктерін (компрессор, конденсатор) қолмен және заттармен ұстаудан
сақтаныңыз.
• Мұздатқыш ларьді жылу көздерінен және қыздыру аспаптарынан алыс
орнатыңыз, жану көздерінен сақтаныңыз.
• Мұздатқыш ларь орнатылған орынжайды жақсылап желдетіңіз, өйткені аспап
айналасындағы ауа айналымының жеткіліксіздігі оның қызуына әкелуі мүмкін.
ЖАРЫЛУ ҚАУІПТІЛІГІ
• Мұздатқыш ларьдің қасында эфир, бензин, спирт, сұйытылған мұнай газын (про-
пан-бутан), бүріккіштерді, дәрі-дәрмек препараттары немесе косметика сияқты
жанғыш материалдарды пайдаланбаңыз және сақтамаңыз. Бұл жарылысқа,
өрттің шығуына, сақталып тұрған азық-түліктердің бұзылуына немесе химиялық
реакцияға әкелуі мүмкін.
• Мұздатқыш ларь жүйесінің ішіндегі хладагент (R600, изобутан) қоршаған орта-
мен анағұрлым үйлесімді және қауіпсіз, дегенмен, жанғыш, жоғары қысымдағы
табиғи газ.
БҮЛІНУ ҚАУІПТІЛІГІ
• Мұздатқыш ларьдің құлауының алдын алу және адамдардың жаралануы-
на немесе өліміне жол бермеу үшін, оны тегіс құрғақ бетке орнатқан жөн.
Мұздатқыш ларьді тасымалдау және орнату кезінде салқындату жүйесінің
бұзылмағандығына көз жеткізіңіз.
• Мұздатқыш ларьді жылжытқан кезде, қауіпсіздік шараларын сақтау керек. Оны
кемінде екі адам жылжыту керек және бұл ретте оны есігінен көтермеу керек,
себебі ілмектері мұздатқыш ларьдің салмағына есептелмеген және олар сынып
қалуы мүмкін. Мұздатқыш ларьдің үстіне ауыр заттарды қоймаған жөн. Оны бір
нәрселер үшін үстелшелер ретінде қолданбаңыз.
• Мұзтақыш ларьдің ішіне балаларды, үй жануарларын және электр аспаптарын
салмаңыз. Олардың мұздатқыш ларьді немесе электрлік қуат беру баусымын
бүлдірмейтіндігін қадағалаңыз.
• Газды сусындары бар бөтелкелерді мұздатқыш ларьге салмаңыз, себебі
сұйықтықтың мұздауы кезінде ыдыстағы қысым көтеріледі, бұл жарылуға және
мұздатқыш ларьдің бүлінуіне әкелуі мүмкін.
• Мұздатқыш ларьді электр желісінен ажыратқаннан кейін, компрессордың
бұзылуына жол бермеу үшін, оны қайтадан 5 минуттан кейін ғана қосу керек.
• Мұздатқыш ларь ішіндегі азық-түліктерді дымқыл немесе сулы қолмен
ұстамаңыз, мұзды мұздатқыш ларьдің ішінен тікелей қолданбаңыз, бұл терінің
үсуіне және зақымдануына әкелуі мүмкін.
• Мұздатқыш ларьдің ішкі қабырғаларынан мұзды сындырып алу үшін,
механикалық аспаптарды немесе еріту үдерісін тездететін басқа да әдістерді
пайдаланбаңыз.
!