42
ПА ЙД А ЛА НУ Ж ӨНІ НД ЕГІ НҰ СҚ А УЛЫ Қ
М Ұ ЗД АТҚ Ы Ш Л А Р Ь
температурада сақтау ұсынылмайды.
• Бұрын еріген тағамдарды қатырмаңыз. Бұл олардың дәмдік және пайдалы
қоректік заттарының жоғалуына әкеледі.
• Ыстық немесе жылы тағамдар мен сусындарды ларьге салмаңыз, алдымен олар-
ды бөлме температурасына дейін салқындату керек.
• Ылғалдың булануына байланысты азық-түліктердің бұзылуына жол бермеу
үшін өнімдерді ауа өткізбейтін қаптамада (полиэтилен пленкасында, алюминий
фольгасында және т.б.) сақтаңыз.
• Азық-түліктерді мұздатқыш камерасының ішкі қабырғаларына тым жақын
қоймаңыз, өйткені олар қатып қалуы мүмкін. Салынатын азық-түліктердің
ларьдің ішкі қабырғаларына дейінгі арақашықтығы кемінде 10 см болуы тиіс.
• Шыны ыдыстағы сұйық өнімдерді, пластикалық бөтелкелер мен металл
банкалардағы газдалған сусындарды және басқа сұйықтықтарды мұздатқыш
ларьге салмаңыз, өйткені мұздату кезінде ыдыстар қысымның жоғарылауына
байланысты жарылып кетуі мүмкін.
• Электр қуатын үнемдеу үшін, мұздатқыш камера ішіне жылы ауа кірмес үшін
ларь қақпағын жиі ашуға болмайды. Егер электр энергиясы жоспардан тыс ажы-
ратылса, ішіндегі суық мүмкіндігінше ұзақ сақталуы үшін, мұздатқыш ларьдің
қақпағын ашпаңыз.
• Фармацевтикалық өнімдерді немесе температуралық режимді қатаң сақтауды
талап ететін басқа да өнімдерді мұздатқышта сақтамаңыз.
ЖҰМЫС ІСТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жұмыс істеп тұрған кезінде мұздатқыш ларьді жылжытпаңыз немесе еңкейтпеңіз.
Компрессорда шу пайда болуы мүмкін, бұл ерекшелік оның жұмысына әсер етпейді.
Салқындату жүйесінің ішінде айналатын салқындатқыш агент компрессор
жұмыс істемесе де, бәсең бүлкілдеуі мүмкін. Мұздатқыштың жұмысы кезінде мы-
налар да естілуі мүмкін: желдеткіштердің қалақшаларының шуылы; температура
хабаршысы-релесінің іске қосылу шертпелері; ауа қалқалағыштары жетегінің ды-
бысы; тоңазытқыш жүйесінің түтіктері арқылы айналатын салқындатқыш агенттің
шуылы; материалдардың температуралық деформациясы кезіндегі болмашы жа-
рылулар. Уайымдамаңыз, бұл дыбыстар ешқандай ақаумен байланысты емес және
функционалды сипатқа ие.
МҰЗДЫ ЕРІТУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
Жұмыс кезінде мұздатқыш ларьдің ішкі қабырғаларында қырау пайда болады.
Сондықтан жылына 2-3 рет немесе қырау қабатының қалыңдығы 5 мм-ден асқан
кезде, толық еріту ұсынылады.
* Егер сіз ұзақ уақытқа бір жерге кетуді жоспарласаңыз, мұздатқыш ларьді электр
желісінен ажыратыңыз, азық-түліктерді алыңыз, ерітіңіз және ішін жақсылап жуыңыз.
Жағымсыз иістің пайда болуын болдырмау үшін, есікті ашық қалдырыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Мұздатқыш ларьді ерітер және жуар алдында, оның
электр желісінен ажыратылғанына және электрлік қуат беру баусымының