44
ПА ЙД А ЛА НУ Ж ӨНІ НД ЕГІ НҰ СҚ А УЛЫ Қ
М Ұ ЗД АТҚ Ы Ш Л А Р Ь
АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ
Пайдалану процесінде тұтынушы өз күшімен жоя алмайтын ақаулықтар
анықталған кезде, тоңазытқыш техникасын жөндеу жөніндегі сервистік шеберханаға
жүгіну қажет.
Бірақ жөндеу қызметіне хабарласпас бұрын осы бөлімді оқып шығыңыз.
Бұл тізімге сапасыз құрастыру немесе осы құрылғыда пайдаланылған сапасыз
материалдардың нәтижесі болып табылмайтын ең көп таралған жағдайлар кіреді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ақаулықтарды жояр алдында бұйымды желіден ажы-
рату керек. Осы Нұсқаулықта берілмеген ақауларды жоюды тек білікті элек-
трик немесе білікті маман жүзеге асыруы керек.
Ақаулық
Мүмкін болатын себеп
Шешім
Мұздатқыш ларь
жұмыс істемейді.
Аша розеткаға қосылмаған немесе толық
қосылмаған.
Электрлік қуат беру баусымының ашасын розеткаға
қосыңыз.
Сақтандырғыш жанып кеткен немесе
ақаулы.
Сақтандырғышты тексеріңіз, қажет болса ауыстырыңыз.
Аша ақаулы.
Ақаулықты электрик жояды.
Мұздатқыш ларь тым
қатты мұздатады.
Жұмыс камерасында өте төмен
температура орнатылған.
Температураны жоғары мәндерге реттеңіз.
Мұздатқыш
камерадан жағызсыз
иіс шығады.
Тағамдар дұрыс қапталмаған немесе
бұзылған.
Тағамдардың дұрыс оралуын және олардың
жарамдылық мерзімін тексеріңіз. Бұзылған тағамдарды
камерадан алыңыз.
Мұздатқыш ларьдің
есігі жабылмайды.
Салынған тағамдардың көлемі
мұздатқыш ларьдің пайдалы көлемінен
жоғары.
Аспаптың дұрыс жұмыс істеуі үшін салынған
тағамдардың көлемінің пайдалы көлемнен асып кетуіне
жол бермеңіз.
Тиімсіз салқындату.
Температура дұрыс орнатылмаған.
Қажетті температураны орнатыңыз.
Ларь қақпағы тым ұзақ уақыт ашық
болған.
Ларь қақпағын қажеттен тыс ұзақ уақыт ашық
қалдырмаңыз.
Соңғы 24 сағатта мұздатқыш камераға
жылы тағамдардың көп мөлшері
салынған.
Төменгі температураны орнатыңыз. Ларьде сақталатын
тағамдардың тым көп емес екеніне көз жеткізіңіз.
Тағамдар арасында жеткілікті орын болуы керек.
Мұздатқыш ларь жылыту көзіне жақын
орналасқан.
Мұздатқыш ларьді орнату және орналастыру туралы
нұсқаулықпен тағы бір рет танысыңыз. Ларь жылыту
құрылғыларынан жеткілікті қашықтықта екенін және
оған күн сәулесінің тікелей түспейтіндігін тексеріңіз.
Тығыздағыш таспаны
мұз қаптаған
Тығыздағыш таспа бітеу емес.
Шаш кептіргішті пайдаланып, тығыздағыш таспаны
жылы ауамен жылытыңыз. Сонымен қатар таспаны
тығыздықты қамтамасыз ету үшін қажетті пішінді
беретіндей етіп, қолыңызбен түзетіңіз.
Тән емес дыбыс
Мұздатқыш ларь биіктігі бойынша дұрыс
орнатылмаған.
Мұздатқыш ларінің аяқтарының биіктігін реттеңіз.
Мұздатқыш ларь қабырғаға немесе басқа
заттарға тығыз орналастырылған.
Мұздатқыш ларьді абайлап итеріңіз.
Мұздатқыш ларьдің бөлігі, мәселен,
түтікше қабырғаға немесе ларьдің басқа
бөлшектеріне тиіп тұр.
Қажет болса, барлық қажетті қауіпсіздік шараларын
сақтай отырып, кедергі жасайтын бөлікті мұқият бүгіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Осы нұсқаулықта жазылмаған ақаулықтарды
іздеу және жоюды тек білікті маман орындау керек.
Осы нұсқаулықта жазылмаған ақаулықтар туындаған кезде, мәселе типін
және сіздің тоңазытқыш ларіңіздің моделін көрсете отырып, авторландырылған