45
ПА ЙД А ЛА НУ Ж ӨНІ НД ЕГІ НҰ СҚ А УЛЫ Қ
М Ұ ЗД АТҚ Ы Ш Л А Р Ь
сервистік орталыққа дереу хабарласу керек. Жөндеу үшін тек түпнұсқалық
қосалқы бөлшектер пайдаланылу керек. Біліктілігі жоқ адам жөндеген кезде, аспап
кепілдіктік қызмет көрсетуден алып тасталады.
МАҢЫЗДЫ! Мұздатқыш ларь жұмыс істеп тұрған кезде, өзіне тән дыбы-
стар пайда болуы мүмкін (компрессор, салқындатқыш агенттің айналымы).
Бұл қалыпты және ақаулық болып саналмайды.
ТАСЫМАЛДАУ
• Құрылғының температураның күрт өзгеру жағдайына тап болуына жол бермеңіз.
Температураның тез өзгеруі (мысалы, аяздан жылы орынжайға кіргізу) құрылғы
ішіндегі ылғал конденсациясын туғызуы және оны қосқан кезде жұмыс істеу
жарамдылығын бұзуы мүмкін. Қолданар алдында, аспап жылы орынжайда
кемінде 6 сағат тұру керек
• Тасымалдау кезінде мұздатқыш ларьдің еңкею бұрышы тік сызықтан 45 граду-
стан аспау керек.
• Мұздатқышты бұруға, көлденең қоюға немесе шайқауға тыйым салынады.
Мұздатқышты жылжытқан кезде, есікті ұстап тұрып, оны бүйір қабырғаларынан
немесе түбінен ұстау керек.
• Мұздатқышты қолданар алдында барлық қаптама материалдарды алып
тастаңыз және дұрыс жойыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тұншығып қалуға жол бермеу үшін, балалардың
қаптама материалымен және пленкамен ойнауларына рұқсат етпеңіз!
КӘДЕГЕ ЖАРАТУ
Берілген мұздатқыш ларь кәдеге жаратуға және қайтадан пайдалануға болатын
жоғары сапалы материалдар мен компоненттерден жобаланған және
шығарылған. Бұл мұздатқыш аспаптың құрамында жанғыш материалдардан
жасалған компоненттер бар және қарапайым тұрмыстық қалдықтармен
бірге кәдеге жаратылуы керек. Денсаулыққа және қоршаған ортаға мүмкін
болатын қауіптің алдын алу үшін, аспап электр жабдығын кәдеге жаратудың
бекітілген үдерісі шеңберінде кәдеге жаратылуы қажет. Өнімді кәдеге жарату
процедурасы жергілікті экологиялық нормаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.
Сіз өнімді кәдеге жарату, қайта пайдалану және жою туралы толығырақ ақпаратты
уәкілетті бөлімшелерден ала аласыз.
Кәдеге жаратудың негізгі кезеңдері:
1. Электрлік қуат беру баусымының ашасын розеткадан суырып алыңыз.
2. Электрлік қуат беру кабелін мүмкіндігінше аспаптың қабырғасына барынша
жақын кесіп алып, оны бөлек жойыңыз.
3. Балалар ойнап жүріп, кілттеніп қалмауы немесе токқа соғылып қалмауы үшін,
ілмектерді сындыра отырып, ларь қақпағын ағытып алыңыз.