7
ҚАЗАҚША
ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР
y
Өнімді тұрақсы сөрелер немесе көлбеу беттер сияқты орындарда
орнатпаңыз. Сондай-ақ, діріл бар немесе өнім толығымен тұрмайтын
орындарды пайдаланбаңыз.
Әйтпесе, өнім құлап немесе аударылып, жарақаттауы немесе өнімді
зақымдауы мүмкін.
y
Теледидарды тірекке орнатсаңыз, өнімнің аударылуын болдырмау
әрекеттерін орындау керек. Әйтпесе, өнім аударылып, жарақаттауы
мүмкін.
y
Мониторды қабырғаға орнату керек болса, VESA стандартты орнату интерфейсін (қосымша
бөлшектер) өнімнің артқы жағына бекітіңіз. Қабырғаға орнату интерфейсін (қосымша
бөлшектер) пайдаланып, теледидарды орнатқанда, түсіп кетпейтіндей мұқият бекітіңіз.
y
Тек өндіруші көрсеткен қосымша жабдықтарды қолданыңыз.
y
Антеннаны орнатқанда білікті қызмет көрсету маманнан кеңес алыңыз.
Бұл өрт шығу қаупін немесе электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
y
Теледидарды көргенде экран диагоналінің ұзындығынан 2-7 еселік
қашықтықты сақтау ұсынылады.
Теледидарды ұзақ уақыт көргеннен кейін көзіңіз бұлдырауы мүмкін.
y
Тек көрсетілген батарея түрін пайдаланыңыз.
Бұл қашықтан басқару құралын зақымдауы мүмкін.
y
Жаңа батареяларды ескі батареялармен араластырмаңыз.
Бұл батареялардың шамадан тыс қызуын және ағып кетуін тудыруы
мүмкін.
y
Батареялар шамадан тыс қызу әсеріне ұшырамауы тиіс, мысалы, тікелей күн сәулесі
түспейтін, ашық от пен электр жылытқыштардан алыс жерде сақтаңыз.
y
Зарядталмайтын батареяларды зарядтағышқа салушы БОЛМАҢЫЗ.
y
Қашықтан басқару құралы мен сенсордың арасында еш нәрсе
тұрмауын тексеріңіз.
y
Қашықтан басқару құралының сигналына күн сәулесі немесе басқа
күшті жарық кедергі тигізуі мүмкін. Бұл жағдайда бөлмені күңгірттеңіз.
y
Бейне ойын консольдері сияқты сыртқы құрылғыларды жалғау алдында
жалғау кабельдерінің ұзындығы жеткілікті екенін тексеріңіз.
Әйтпесе, өнім құлап немесе аударылып, жарақаттауы немесе өнімді
зақымдауы мүмкін.
y
Өнімді қуат сымын қабырға розеткасына қосу немесе шығару арқылы
қосып/өшірмеңіз. (Штепсельдік ұшты қосқыш ретінде пайдаланбаңыз.)
Бұл механикалық ақаулық немесе сымнан электр тогының соғуына
әкелуі мүмкін.