6
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар (жалғасы)
панельдерді жаңасымен не жөнделгенімен
ауыстыру жұмыстары кіруі мүмкін. Бөлшектердің
функциясы ауыстырылатын бөлшекпен бірдей
болу керек.
• Теледидар, радио және компьютер сияқты электр
жабдықтарынан алшақ жерде ұстаңыз.
• Құрылғыны жылу батареясы немесе пеш сияқты
жылу көздерінен аулақ жерде сақтау керек.
• Түсіріп алмаңыз.
• Бұл құралды шайқамаңыз және соғып алмаңыз.
• Ерекше ережелермен талап етілген жерлерде
телефонды сөндіріңіз. Мысалы, телефонды
емханаларда пайдаланбаңыз, өйткені ол
медициналық жабдықтарға әсер етуі мүмкін.
• Зарядталып жатқанда, телефонды ылғалды
қолмен ұстауға болмайды. Бұл ток соғуына себеп
болып, телефонды қатты зақымдауы мүмкін.
• Телефонды тез өртенетін заттар жанында
зарядтамаңыз, өйткені гарнитура қызып, өрт
шығу қаупін төндіруі мүмкін.
• Құрылғының сыртын құрғақ шүберекпен сүртіңіз
(бензол, еріткіш немесе спирт қолданбаңыз).
• Телефонды жұмсақ жиһаздардың үстінде
зарядтамаңыз.
• Телефонды жақсы желдетілетін жерде зарядтау
керек.
• Бұл құрылғыны шамадан тыс түтінге немесе
шаңға шығармаңыз.
• Телефонды кредит картасы немесе көлік
билеттері жанында ұстамаңыз, ол магнитті
жолақтағы ақпаратқа әсер етуі мүмкін.
• Экранға үшкір немесе өткір зат тигізбеңіз, өйткені
бұл телефонды зақымдауы мүмкін.
• Телефонға сұйықтық төгіп алмаңыз және оны
ылғалды жерге қоймаңыз.