18
19
АСПАПТЫҢ МАҚСАТЫ
LOVI HL-0893 электр стерилизаторы бөтелкелерді, емізіктерді және сәбилер мен олардың аналарына
арналған басқа да заттарды бумен стерилизациялауға арналған. Бір уақытта әр түрлі көлемдегі 4 бөтелкені
өңдеуге арналған. Қарапайым, қолайлы және тиімді! Сондай-ақ кептіру қызметі де бар.
ТОПТАМАСЫ
A – қақпақтың ұстағышы
B – будың шығуына арналған тесіктері бар қақпақ
C – майда заттарға арналған кәрзеңке
D – стерилизацияға мен кептіруге арналған жүктеу кәрзеңкесі
E – электр жылытқышы мен қоректену бауы бар стерилизатордың негізі
F – суға арналған резервуары бар электр жылытқыш
G – ішіне орнатылған кір ұстағыш сүзгіш
H – ДИСПЛЕЙДІҢ СЫРТҚЫ ТҮРІ
ҚҰРАЛДЫ ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
• Стерилизатордың барлық оралған материалдарын алып тастап, оны шығарыңыз. Қауіптілік туындатпау
үшін балалардың араласуына жол бермеңіз.
• Жұмсақ жуғыш құрал салынған жылы сумен барлық тетіктерді жуыңыз (стерилизатордың негізін суға
батырмаңыз!) және құрғатып сүртіңіз. Онан соң, құралдың ішкі қабырғаларын стерилизациялау үшін,
бірінші заттарды салмай стерилизацияны жасаңыз. Ол үшін:
• Электр жылытқышты резервуарына (F) 100 мл су құйыңыз (қақтың түзілуінің алдын алу үшін қайнатылған
немесе сүзілген су құю ұсынылады).
• Стерилизатордың негізіне (E) жүктеу кәрзеңкесін орнатыңыз (D) да оған майда заттарды (C) салыңыз және
қақпақпен жауып қойыңыз (B).
• Стерилизаторды розеткаға тығыңыз. Бұл кезде дыбыстық белгі беріледі және «- -» индикаторы жанады.
басқышын бас отырып, стерилизациялау режімін таңдаңыз. Стерилизациялау циклы 10 минутке
созылады, дисплейде уақыттың кері есептелуі көрініп тұрады.
• Стерилизациялау циклы аяқталғанда үш мәрте дыбыстық белгі беріледі де өшеді.
• Стерилизаторды 3 минуттей суытыңыз. Сонан соң оны розеткадан суырыңыз да қақпағын (B) алыңыз.
• Майда заттарға арналған кәрзеңкені (С) суырып алыңыз және әкті қақ қалмау үшін, стерилизатордың
барлық тетіктерін құрғақтатып сүртіңіз.
СТЕРИЛИЗАЦИЯ
• НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Стерилизациялау алдында стерилизацияланатын заттардың барлығын жуыңыз және
шайыңыз; стерилизаторларда өңдеуге жол берілетін заттарды ғана стерилизациялаңыз (оларға берілген
нұсқаулықты қараңыз).
• Бөтелкелерді алып қақпақтарын, емізіктерін және т.б. майда заттарға арналған кәрзеңкеге салыңыз (C).
• Электр жылытқыштың резервуарына (F) 100 мл су құйыңыз (қақтың түзілуінің алдын алу үшін қайнатылған
немесе сүзілген су құю ұсынылады).
• Стерилизацияланған эаттарды жүктеу кәрзеңкесіне (D) орналастырыңыз және стерилизаторды қақпақпен
(B) жабыңыз. Бөтелкелерді 4 данадан мойындарын арнайы ұстағыштарға төмен қаратып салады.
Майда заттарға арналған кәрзеңке (C) ортасына салынады. Егер майда заттарға арналған кәрзеңкені
орналастырмайтын болса, тағы да 1–2 бөтелке салуға болады. Будың стерилизацияланатын заттардың
арасында еркін айналуына назар аударыңыз, сондықтан оларды бір-біріне тығыз жақындатып салмаңыз.
• Стерилизаторды розеткаға тығыңыз. Бұл кезде дыбыстық белгі беріледі және «- -» индикаторы жанады.
басқышын бас отырып, стерилизациялау режімін таңдаңыз. Стерилизациялау циклы 10 минутке
созылады, дисплейде уақыттың кері есептелуі көрініп тұрады.
• Байқаңыз, ыстық суға немесе буға күйіп қалмаңыз! Стерилизация кезінде қақпақты ашпаңыз.
• Стерилизациялау циклы аяқталғанда үш мәрте дыбыстық белгі беріледі және өшеді.
• Стерилизаторды 3 минуттей суытыңыз. Сонан соң оны розеткадан суырыңыз да қақпағын (B) алыңыз.
• Бөтелкелерді және майда заттар бар кәрзеңкені алыңыз. Стерилизаторды пайдаланғаннан кейін әкті қақ
қалмау үшін, стерилизатордың барлық тетіктерін құрғақтатып сүртіңіз.
КЕПТІРУ
• Қажет жағдайда стерилизацияланған заттарды кептіруге болады. Ол үшін (оларды стерилизатордан
алмай) . басқышын баса отырып, кептірудің керекті режімін таңдаңыз: 50, 30 немесе 10 минут. Цикл
аяқталысымен стерилизатор үш мәрте дыбыстық белгі береді және өшеді.
• Стерилизаторды кемінде 3 минуттей суытыңыз. Сонан соң оны розеткадан суырыңыз да қақпағын (B)
алыңыз.
• Бөтелкелерді және майда заттар бар кәрзеңкені алыңыз. Стерилизаторды пайдаланғаннан кейін әкті қақ
қалмау үшін, стерилизатордың барлық тетіктерін құрғақтатып сүртіңіз.
СТЕРИЛИЗАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ АРТЫНАН КЕПТІРУ
• Құрал автоматты түрде стерилизацияланған заттарды кептіре алады. Ол үшін
AUTO
. басқышын
басып, артынан суытатын стерилизациялау режімін таңдаңыз. Цикл 1 сағатқа жуық созылады,
дисплейде кезеңдер кезегімен көрсетіледі: , (стерилизация) және . (кептіру). Цикл аяқталысымен
стерилизатор үш мәрте дыбыстық белгі береді және өшеді.
• Стерилизаторды кемінде 3 минуттей суытыңыз. Сонан соң оны розеткадан суырыңыз да қақпағын (B)
алыңыз.
• Бөтелкелерді және майда заттар бар кәрзеңкені алыңыз. Стерилизаторды пайдаланғаннан кейін әкті қақ
қалмау үшін, стерилизатордың барлық тетіктерін құрғақтатып сүртіңіз.
ЖҰМЫСТЫ АЯҚТАУ
• Стерилизаторды кемінде 3 минуттей суытыңыз. Сонан соң оны розеткадан суырыңыз да қақпағын (B)
алыңыз.
• Стерильденген заттарды алуға асықпаңыз. Олар өте ыстық!
• Оларды алар алдында қолыңызды әбден жуыңыз.
• Жинау алдында қажет болса, стерильденген заттардағы судың қалдығын сілкіп тастаңыз.
• Алынған заттарды бірден пайдалану керек немесе қайталап стерильдеу керек. Ескерту: емшек
сүтін стерильденген контейнерде 48 сағатқа дейін (тоңазытқышта сақтағанда) немесе 3 айға дейін
(мұздатқышта сақтағанда) сақтауға болады. Сүт қоспаларын тікелей тамақтандырар алдында
дайындайды.
• Стерилизаторды пайдаланғаннан кейін судың қалдығын төгіңіз, жүктеу кәрзеңкесін шайыңыз және әктің
қағы қалмас үшін, барлық тетіктерді құрғақтатып сүртіз (әсіресе жүктеу кәрзеңкесінің ішкі қабатын және
электр жылытқышты мұқият сүртіңіз).
• Қажет болғанда электр жылытқыштың қағын ылғал шүберекпен сүртіп немесе уксус немесе лимон
қышқылының сумен ерітіндісімен өңдеңіз («Құралды күту» бөлімін қараңыз).
• Стерилизаторды цикл аяқталғаннан кейін шамамен
1 сағаттан кейін
қайталап пайдалануға болады.
САҚТАУ
• Жұмыс аяқталғанда стерилизаторды розеткадан суырыңыз, барлық тетіктерін нұсқаулыққа сәйкес
тазалаңыз және құралды сақтауға қойыңыз.
• Стерилизаторды қорабында таза және құрғақ жерде сақтаңыз.
• Стерилизаторды таза және құрғақтай сақтаңыз.
• Қоректену бауын бұрап тастамаңыз және оны құралдың корпусына орамаңыз.
ҚҰРАЛДЫ КҮТУ
• Стерилизаторды пайдаланғаннан кейін судың қалдығын төгіңіз, жүктеу кәрзеңкесін шайыңыз және әктің
белгілері қалмау үшін, барлық тетіктерді құрғатып сүртіңіз (әсіресе жүктеу кәрзеңкесінің ішкі қабатын және
электр жылытқышты мұқият сүртіңіз). Сүзгішті (G) алуға және ағып тұрған сумен жууға болады.
• Қажет болғанда электр жылытқыштағы қақты ылғал шүберекпен сүртіп немесе уксус немесе лимон
қышқылының сулы ерітіндісімен өңдеп кетіріңіз (төменге қараңыз).
• Қақты үнемі (ай сайын немесе керек болып жатса одан да жиірек) кетіру құралдың сенімді жұмыс істеуі
үшін өте маңызды. Профилактика үшін қайнатылған немесе сүзілген суды пайдаланыңыз.
KZ
Summary of Contents for HL-0893
Page 45: ......