287
ҚАЗАҚША
ПАЙДАЛАНУ
Аккумулятор картриджін орнату
немесе алу
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Аккумулятор картриджін
орнатпас немесе алмас бұрын, әрдайым құралды өшіріңіз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Аккумулятор картриджін
орнатқан немесе алған кезде құралды және аккумулятор
картриджін мықтап ұстаңыз.
Құралды және аккумулятор
картриджін мықтап ұстамау, олардың қолыңыздан сырғанап
түсіп, нәтижесінде құралдың және аккумулятор картриджінің
зақымдалуына және жарақат алуға әкеп соқтыруы мүмкін.
►
Сурет2:
1.
Қызыл индикатор
2.
Түйме
3.
Аккумулятор картриджі
Аккумулятор картриджін алу үшін картридждің
алдыңғы жағындағы түймені сырғытып, оны
құралдан сырғытып шығарып алыңыз.
Аккумулятор картриджін орнату үшін, аккумулятор
картриджіндегі тілшені корпустағы ойықпен туралап,
оны орнына сырғытып салыңыз. Сырт еткен дыбыс
естілмейінше оны орнына итеріп салыңыз. Егер
суретте көрсетілгендей қызыл индикатор көрініп
тұрса, ол толығымен құлыпталмағанын білдіреді.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Аккумулятор картриджін
әрдайым қызыл индикатор көрінбейтіндей етіп,
толығымен орнатыңыз.
Олай жасамаған жағдайда,
ол құралдан кездейсоқ түсіп қалып, сізді немесе
айналаңыздағы адамдарды жарақаттауы мүмкін.
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Аккумулятор картриджін
күштеп орнатпаңыз.
Егер картридж жеңіл
сырғымаса, демек ол дұрыс салынбаған.
Аккумулятордың қалған қуатын көрсету
Аккумулятордың қалған қуатын көрсету үшін
аккумулятор картриджіндегі тексеру түймесін басыңыз.
Индикатор шамдары бірнеше секунд жанып тұрады.
►
Сурет3:
1.
Индикатор шамдары
2.
Тексеру түймесі
Индикатор шамдары
Қалған қуат
Жанып тұру
Өшірулі
Жыпылықтау
75% - 100%
50% - 75%
25% - 50%
0% - 25%
Аккумуляторды
зарядтаңыз.
Аккумулятор
ақаулы
болуы
мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ:
Қолдану жағдайларына және
қоршаған ортаның температурасына қарай
көрсеткіш нақты қуаттан біршама ерекшеленуі
мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ:
Аккумулятордың қорғаныс жүйесі
жұмыс істегенде, бірінші (шеткі сол жақ) индикатор
шамы жыпылықтайды.
Жұмыс сипаттамасы
ЕСКЕРТУ:
Шуға қатысты қауіпті жағдай
•
Құлағыңызды шығатын шудан және
жұмыс шуынан қорғау үшін құлақ қорғау
құралдарын тағыңыз.
Ағызу клапаны
Ағызу клапаны ауа баллонының түбінде орналасқан
және әр пайдаланудан кейін конденсатты ағызуға
арналған.
Автоматты өшіру жүйесі
Компрессор әдеттегі өшірілу қысымына жеткенше
автоматты түрде өшкен жағдайда:
1. Қосу/автоматты өшіру ауыстырғышын "Өшірулі"
күйіне қойыңыз.
2. Аккумулятор картриджін шығарып алыңыз.
3. Компрессор суығанша (10 минуттай) күтіңіз.
4. Аккумулятор картриджін орнатыңыз.
5. Қосу/автоматты өшіру ауыстырғышын "Қосулы/
автоматты" күйіне қойыңыз.
ҚОСУ/АВТОМАТТЫ - ӨШІРУ ауыстырғышы
Қысым ауыстырғышына автоматты түрде қуат
берілуі үшін, осы ауыстырғышты қосулы (I) күйіне,
ал компрессорды пайдаланып болғанда немесе
компрессорды қараусыз қалдырғанда қуатты өшіру
үшін, өшірулі (0) күйіне қойыңыз.
ЕСКЕРТУ:
Пайдаланбаған кезде, қосу/
автоматты өшіру ауыстырғышын міндетті
түрде өшіріңіз (0).
САҚ БОЛЫҢЫЗ:
Құралды тасығанда,
қосу/автоматты өшіру ауыстырғышын өшіріңіз
(0).
Ауа фильтрі (ауа кірісі)
Ауа фильтрі әрдайым таза болуы тиіс. Ауа фильтрін алып
тастаған кезде компрессорды пайдалануға болмайды. Ауа
фильтрі кір болса, компрессор толық қуатты істемейді.
Компрессорды пайдалану алдында, міндетті түрде
ауа фильтрінің таза екенін тексеріңіз. Кір болса,
ауа фильтрін тазалаңыз немесе сүзу элементін
ауыстырыңыз.
Ауа компрессорының сорғысы
Ауаны сығу үшін, поршень цилиндр ішінде жоғары
және төмен қозғалады. Төмен жүргенде, ауа кіргізу
клапаны арқылы ішке ауа тартылады. Шығару
клапаны жабық күйде қалады.
Поршень жоғары жүргенде, ауа сығылады. Кіргізу
клапаны жабылады және сығылған ауа шығару
клапаны, шығыс түтік, кері клапан арқылы өтіп,
ауа баллонына шығарылады. Компрессор ауа
баллонындағы қысымды ауа шығатын тесікте
болуға тиісті деңгейден асырмайынша, пайдалануға
жарайтын ауа шықпайды.