21
ҚазаҚ
•
Шашты тегістеу үшін қайшыны (12)
пайдаланыңыз.
5-қадам. Қорытынды бөлім
Шаш үлгісін модельдеуді аяқтайтын кезеңде
машинадан саптама-тарақты шешіп алыңыз,
машинаны жүздерін шашқа қаратып аударыңыз
да, самай мен мойын тұстағы шашты абайлап
тегістеп шығыңыз. Машинаға қолдың күшін
түсірмеңіз, ашық жүздердің теріге тиген кезінде
жарақаттар алуыңыз немесе кесіп кетуіңіз
мүмкін (сур. 7).
Конус тәрізді қырқу
Қажетті саптама-тарақты орнатыңыз және
қырқуды бастың желке тұсынан төбеге қарай
бағытта бастаңыз. Бастың алдыңғы бөлігіндегі
шашты төбеге қарай бағытта және самай
шаштарды олардың өсуіне қарсы бағытта
қырқыңых (сур. 8). Төбені жайпақ етіп қырқу
үшін тарақты (11) пайдаланыңыз: шаш
бұрымдарын көтеріңкіреп, тарақтың бойымен
қырқыңыз. Шашты тегіс емес бұрымдарды
анықтау үшін тарақпен (11) тараңыз.
Ескертпе: Жұмыс арасындағы үзіліс кезінде
машинаны қуат көзінен (1) ажыратқышпен
алдын ала өшіріп, оны ілмегінен (5) іліп қоюға
болады.
Триммерді пайдалану
Құрылғыны төменгі температурада
тасымалдағаннан немесе сақтағаннан
кейін, оны бөлмелік температурада
кемінде екі сағат уақыт бойы ұстау керек.
Қуат көзі элементтерін орнату
–
Батарея бөлігінің (19) қақпағын алдын ала
сағат тіліне қарсы бағытта бұрап ашыңыз
(сур. 1).
–
1 «АА» типтес қуат қорегінің элементін
(жеткізу жинағына кірмейді), өрістілігін
қатаң сақтай отырып орнатыңыз.
–
Батарея бөлігінің қақпағын (19) орны-
на орнатыңыз және оны сағат тілінің
бағытымен түбіне дейін бұраңыз.
Құрылғыны пайдалану
–
Қорғаушы қалпақты (15) шешіп алыңыз.
–
Саптаманың (16) сенімді орнатылғанын
тексеріңіз.
–
Ажыратқышты (18) «I» күйіне ауыстыра
отырып құрылғыны қосыңыз, мұрындағы
және/немесе құлақтағы түктерді абайлап
қырқыңыз (сур. 2).
–
Ажыратқышты (18) «0» күйіне ауыстырып
құрылғыны өшіріңіз.
Күтім
Қырқуға арналған машинаның жүздерін
майлау
Жүздерді жеткізу жинағына кіретін маймен (13)
үнемі майлап отыру керек.
–
Ажыратқыштың (1) көмегімен машинаны
өшіріңіз және электр розеткасынан желілік
шнур ашасын суырыңыз.
–
Майдың (13) бір-екі тамшысын жүздердің
(3,4) тістеріне және үстіңгі жүздің (3)
артқы жағына жағыңыз, машинаны қосып,
жүздердің бірқалыпты жүріп тұрғанын
тексеріп алыңыз.
–
Приборды өшіріңіз, артық майды құрғақ
матамен сүртіп тастаңыз.
Назар аударыңыз!
Тек прибордың жеткізу
жинағына кіретін майды пайдаланыңыз.
Майлау үшін өсімдік майын, тоң майды,
еріткіштерге
қосылған
май
қоспасын
ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.
Еріткіштер булануға ұшырайды, одан қалған
қою май жүздердің жылжу жылдамдығын
баяулатуы мүмкін.
Тазалау
–
Құрылғылардың корпусын және аксессуар-
ларды әлсін ылғал матамен сүртіңіз, осы-
дан кейін оларды жұмсақ матамен сүртіп
тастаңыз.
–
Құрылғыны суға немесе басқа да кез кел-
ген сұйықтыққа батыруға тыйым салынады.
–
Тазалау үшін еріткіштерді немесе қажайтын
тазалағыш заттарды пайдалануға тыйым
салынады.
Қырқуға арналған машинаны тазалау
–
Машинаны өшіріңіз де, оны электр желісінен
ажыратыңыз.
–
Қырқылған шаш қалдықтарын қылшақты
(14) пайдаланып алып тастаңыз.
Триммерді тазалау
–
Құрылғының өшіп тұрғанына көз жеткізіп
алыңыз.
MW-2106.indd 21
15.10.2012 14:36:20