20
ҚазаҚ
Қондырмалар ұстауышы (13)
Әртүрлі қондырмаларды сақтау ыңғайлығы үшін
жинақта қондырмалар ұстауышы (13) көзделген.
Ұстауышты
телескопиялық
түтікке,
сур.14
көрсетілгендей, бекітетін сомын арқылы бекітіңіз.
Жиһаз қаптауын тазалауға арналған қондырма
(22)
Қондырма жұмсақ жиһаздың мата беттерін
тазалауға арналған.
Кіші қылшақ (23)
Қылшақ жиһаз бетінен шаң жинауға арналған,
қылшықтары жылтыратылған беттердің бүлінуіне
жол бермейді.
Саңылауларға арналған қылшақ (24)
Қондырма
радиаторларды,
саңылауларды,
бұрыштарды және дивандардың жастықтарының
арасын тазалауға арналған.
Пайдалану бйоынша нұсқаулықтар
• Жұмыс істеу алдында желілік бауды қажетті
ұзындыққа шығарыңыз және желілік баудың
айыртетігін ашалыққа салыңыз.
• Желілік бауды қызыл белгіден әрі шығаруға
тыйым салынады.
Назар аударыңыз!
Әрқашан шаңсорғышты қоқыс пен шаң
жинауға арналған контейнерді (19) орнатып
іске қосыңыз, оған су толытру, сүзетін
блок (20), шығаратын HEPA сүзгіш (21),
шығаратын
және
кіргізетін
поролон
сүзгіштер салу керек. Әрқашан сүзгіштердің
дұрыс орнатылуын тексеріңіз
.
• Шаңсорғышты іске қосу үшін іске қосу/сөнд. (6)
батырмасын басыңыз.
• Жұмыс істеу уақытында сіз сорғызу қуатын
электронды қуат реттегіші (5) көмегімен (сур.
12) немесе иілгіш құбыршектің сабында (12)
орналасқан механикалық реттегішпен (11) рет-
тей аласыз (сур.13).
• Бөлмені жинастыруды аяқтағаннан кейін
құрылғыны сөндіріңіз және желілік баудың
айыртетігін ашалықтан суырыңыз.
• Желілік бауды орау үшін оның шатасуы мен
бүлінуіне жол бермеу үшін оралып жатқан
бауды қолмен ұстаңқырап, пернені (1) басыңыз
(сур.17).
• Жұмыс уақытындағы үзілістерде қылшақ
«тұрағы» орнын (16) пайдаланыңыз.
• Шаңсорғышты тасу үшін сапты (2)
пайдаланыңыз.
Үрлеу қызметі
• Иілгіш құбыршектің ұштамасын (8) үрлеу
саңылауына (4) салыңыз.
• Құбыршекті бағыты бойынша бекітілгенге
(шыртылға) дейін салыңыз (сур.18).
• Жұмыс істеу уақытында сіз сорғызу қуатын
электронды қуат реттегіші (5) көмегімен (сур.
12) немесе иілгіш құбыршектің сабында (12)
орналасқан механикалық реттегішпен (11)
реттей аласыз (сур.13).
Ескерту: берілген қызметті пайдалану үшін
қоқыс пен шаң жинауға арналған контейнерге
су толтырылмағанын байқаңыз.
Шаңсорғышқа жұмыс процесінде қызмет
көрсету
Жұмыс процесінде суы ластанған кезде, оны
айырбастау керек. Бұл рәсім «Қоқыс пен шаң
жинауға арналған контейнерге су толытру»
тарауында сипатталған. Сорғызу қуаты азайғанда
сүзгіштерді тазалауды жүргізу керек. Бұл рәсім
«Шаңсорғыш күтімі» тарауында сипатталған.
Ескерту: Шаңсорғышты әр пайдаланған
сайын контейнердегі лас суды төгіңіз
және қоқыс пенн шаң жинауға арналған
контейнерді жуыңыз.
• Қоқыс пен шаң жинауға арналған контейнерді
шешу алдында, әуелі батырмаға (6) басып
шаңсорғышты сөндіру керек, ал содан кейін
желілік баудың айыртетігін ашалықтан суыру
керек.
Шаңсорғыш күтімі
Сүзетін блокты (20) тазалау
• Қақпақтың (3) шетінен тартып, қақпақты
ашыңыз (сур.1).
• Блоктағы шығыңқыдан ұстап, және жоғары
бағытта тартып, сүзетін блокты (20)
шығарыңыз (сур.2).
• Кконтейнерді (19) шығарыңыз және контей-
нерден лас суды төгіңіз.
• Алдын-ала сүзгіштің қақпағын шешіп, поролон
сүзгішті (25) шешіңіз (сур. 15).
• Ауа түтікшесін төмен бағытта тартып, оны
шешіңіз.
• Түтікше мен поролон сүзгішті (25) сәл жылы
ағын сумен жуыңыз, жақсылап құрғатыңыз
және орнына орнатыңыз (сур.16).
• Контейнерді (19) жуыңыз және құрғатыңыз.
Ескерту: Тығындайтын резеңке оқшаулағыш
таза болуын және оған кір жиналмауын
қадағалаңыз, себебі кірлену жағдайында
сорғызу қуаты қатты азаюы мүмкін (сур.19).
mw-3250.indd 20
31.01.2013 15:27:42