ҚАЗАҚ
24
МР3/CD/USB/
S
D жаңғыртатын МАГНИТОЛА
ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
Құрылғыны қосу, пайдалану немесе баптау
алдында, нұсқаулықты зейін қойып оқып
шығыңыз. Осы нұсқауда құрылғыны пайдалану
бойынша келтірілген барлық ескертулер мен
ұсыныстарды сақтау қажет.
Нұсқауды сақтаңыз, оны келешекте
анықтамалық мəліметтер ретінде
пайдаланыңыз.
Назар аударыңыз
Электр тоғы соғу қаупі!
АШПАҢЫЗ!
Ескерту: Өрттің пайда болуын немесе электр тоғы соққысын
болдырмау үшін құрылғыға жаңбырдың немесе
ылғалдың əсерін тигізбеңіз.
Электр тоғы соққысын болдырмау үшін құрылғы
қорабын өз бетіңізбен ашпаңыз.
Қызмет көрсету орталықтарының білікті мамандары
ғана сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асыруы керек.
Тең қабырғалы үшбұрыш ішіндегі
найзағай белгішесі тұтынушыға
құрылғы қорабы ішіндегі электр
тоғымен зақымдануға əкеле алатын,
қауіпті кернеудің болуын көрсетеді.
Тең қабырғалы үшбұрыш ішіндегі
леп белгісі белгішесі тұтынушыға
пайдалану бойынша нұсқаулықтағы
пайдалану жəне техникалық
қызмет көрсету бойынша маңызды
ұсыныстардың болуын көрсетеді.
CLASS 1 LASER PRODUCT
Берілген өнім 1 ТАПТЫҢ ЛАЗЕРЛІК
ҚҰРЫЛҒЫСЫ ретінде жіктеледі. Сəйкес
жапсырма құрылғының артқы панелінде
орналасқан жəне құрылғы лазерлік
сəулелерді пайдаланатынын білдіреді.
Егер аспапты ашпаса, лазерлік сəулелену
мүмкіндігі болмайды. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІЛІКТІ МАМАНДАРЫ
ҒАНА АСПАПҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ЖҮЗЕГЕ
АСЫРУЫ КЕРЕК.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Электр желісіндегі кернеудің құрылғының
•
жұмыс істеу кернеуіне сəйкес келуін тексеріңіз
Өрттің пайда болуын немесе электр
•
тоғы соққысын болдырмау үшін бұл
құрылғыны жоғары ылғалды жерлерде,
сонымен қатар жуынатын бөлмелердің,
суы бар шылапшындардың, асханалық
бақалшақтардың, кір жуатын машиналардың,
жүзу хауыздарының қасында, дымқыл
жертөлелерде жəне т.с.с. орналастырмаңыз.
Құрылғыға тамшылардың немесе
шашырандылардың тиюін болдырмаңыз.
Аспапты суға салуға тыйым салынады.
Розеткалар мен ұзартқыштарды шамадан тыс
•
жүктемеңіз, себебі бұл өртке немесе электр
тоғымен зақымдануға соқтыруы мүмкін.
Бұзылу жағдайында желілік баудың айыр
•
тетігін розеткадан тез арада ажыратуға
мүмкін болатындай етіп бұл құрылғыны
орналастырыңыз.
Құрылғыны жазық бетте желдетісі жақсы
•
жерде орналастырыңыз. Құрылғы
корпусындағы желдетіс саңылауларын
жаппаңыз.
Құрылғыны жылу көздерінің, мысалы,
•
радиаторлардың, электр жылытқыштардың,
тандырлардың жəне жылу көзі болып
табылатын басқа құрылғылардың (оның
ішінде зорайтқыштардың) қасында,
сонымен қатар тікелей күн сəулелерінің
əсеріне, шамадан тыс шаңдануға немесе
механикалық соққыларға ұшырайтын
жерлерде орналастырмаңыз.
Құрылғыны найзағай уақытында, сонымен
•
қатар Сіз оны ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын
жағдайларда қосымша қорғау үшін,
құрылғыны электрқорегі розеткасынан
ажыратыңыз. Бұл найзағай ұрғанда немесе
электр желісіндегі секірулерден құрылғының
істен шығуын болдырмайды.
Желілік бауды ажырату үшін тікелей айыр
•
тетіктен ұстаңыз, ешбір жағдайда баудан
тартпаңыз.
Егер іске қосылған құрылғының қасында
•
балалар немесе мүмкіндіктері шектеулі
тұлғалар болса аса назар болыңыз, оларды
қараусыз қалдырмаңыз.
Балалардың жəне мүмкіндіктері шектеулі
•
адамдардың қауіпсіздігі үшін жауап беретін
тұлғамен оларға құрылғыны қауіпсіз
пайдалану жəне оны дұрыс пайдаланбаған
кезде пайда болатын қауіптер туралы сəйкес
жəне түсінікті нұсқаулықтар берліген болмаса,
берілген құрылғы оларға пайдалануға
арналмаған.
4002IM.indd 24
4002IM.indd 24
30.05.2011 16:11:37
30.05.2011 16:11:37
Summary of Contents for MW-4002
Page 1: ...4002IM indd 1 4002IM indd 1 30 05 2011 16 11 35 30 05 2011 16 11 35 ...
Page 2: ...2 6 3 4 5 4002IM indd 2 4002IM indd 2 30 05 2011 16 11 36 30 05 2011 16 11 36 ...
Page 39: ...4002IM indd 39 4002IM indd 39 30 05 2011 16 11 39 30 05 2011 16 11 39 ...
Page 40: ...4002IM indd 40 4002IM indd 40 30 05 2011 16 11 39 30 05 2011 16 11 39 ...