122
Азық-түліктерді салудың жалпы реті:
–
Сұйық заттар (жұмсақ май, сұйық май, жұмыртқа, су, сүт)
–
Тұз
–
Қант
–
Ұнның бір бөлігі
–
Ұнтақ сүт
–
Қатты азық-түліктер
–
Ұнның екінші бөлігі
–
Ашытқы
6. Электр қуаты 7 минуттан аз уақытқа өшсе, қайта
берілгенде, құрылғы қойылған бағдарламаны
жалғастырады.
7. Бір нанды пісіріп алғаннан кейін, екіншісін салмас
бұрын 1 сағаттай күте тұру керек. Жұмысына әсері
тимеуі үшін, салқындап алғаны дұрыс.
8. Нанды төңкергенде, араластыратын қалақ нанның
ішінде қалып қоюы мүмкін. Оны ілгекпен ақырын
шығарып алыңыз.
Ол үшін ілгекті қалақтың ойығына кіргізіп, тартып
шығарыңыз.
Глютенсіз нан бағдарламаларын пайдалануға
қатысты ескертулер
Глютенсіз нан немесе кекс пісіру үшін, 1, 2 және 3-мәзірді қолданыңыз. Әр
бағдарламадағы салмақ параметрі әр түрлі.
Глютенсіз нандар мен кекстер түрлі дәнді дақылдарда (бидай, арпа, қарабидай,
сұлы, камут, борай бидай, т.б.) болатын глютенге төзімсіз (іш ауруларымен
ауыратын) адамдарға арналған.
Глютені бар ұнмен араласып кетпеуін қадағалау қажет. Глютенсіз нан мен кекс
дайындар алдында, пішін, араластыратын қалақ, қолданылатын басқа да
құралдар мұқият тазалануы керек. Салынатын ашытқыда да глютен болмауы
керек.
Глютенсіз рецептілер Schär немесе Valpiform түріне жататын глютенсіз нан
пісіретін дайын қамырлар негізінде құрастырылған.
• Қамырда кесектер болмауы үшін, араласқан ұнды ашытқымен бірге електен өткізу
керек.
• Бағдарлама қосылғанда темір емес қасықпен шетте тұрып қалған заттарды
табаның ортасына қарай итеріп жіберу керек.
• Глютенсіз нан дәстүрлі нан сияқты қатты көтерілмейді.
Кәдімгі нанға қарағанда
тығыз әрі ақшыл болады.
• Түрлі дайын қамырлардың нәтижелері де әр түрлі болады: рецептілерді бейімдеу
керек. Сондықтан алдымен сынап көрген дұрыс (төмендегі мысалды қараңыз).
M