Қа
зақша
Қа
зақша
161
160
ЕСКЕРТУ
Үтік қуат тұғырында тұрған кезде буды
пайдалануға болмайды.
- Олай етсеңіз, күйіп қалуға себеп болуы мүмкін.
Қуат тұғырын тым қатты қисайтуға немесе
алға-артқа қозғауға болмайды.
- Олай етсеңіз, су ағуына себеп болуы мүмкін.
Пайдалану барысында ыстық беткі қабатын
(үтік табанының беті, үтіктің кез келген бүйірі,
сымды құбыршек, ыстық оқшаулағыш төсем
жəне оның айналасындағы ыстық жерлер
сияқты) қолмен ұстамаңыз.
- Олай етсеңіз, күйіп қалуға себеп болуы мүмкін.
• Үтіктеу тақтасының
астына қолыңызды,
аяғыңызды т.с.с.
қоймаңыз.
• Үтікті қолыңызға,
тізеңізге немесе
денеңіздің кез келген
басқа жеріне қоймаңыз.
• Үтік үтіктеу тақтасынан
жартылай шығып тұрған
кезде буды пайдалануға
болмайды.
Пайдалану барысында буды ұстамаңыз.
• Буды қолыңызға, тізеге немесе
дененің кез келген басқа
бөлігіне бағыттамаңыз.
• Үстіңізге киген киіміңізді
үтіктеуге болмайды.
- Олай етсеңіз, күйіп қалуға
себеп болуы мүмкін.
Қуат тұғырын бір бүйіріңізге
қоймаңыз.
- Олай етсеңіз, су ағуына
себеп болып, еден мен
кілемдерді бүлдіруі мүмкін.
Үтікті кілемге немесе еденге қоймаңыз.
- Олай етсе, бұйымға, кілемге
немесе еденге нұқсан келуі
мүмкін.
Астыңғы дөңгелек тетікті ашпас бұрын
бұйымның əдбен суығанына көз жеткізіңіз.
- Олай істемеу күйіп қалуға себеп болуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ
Қуаты ашасын қуат сымынан емес, қуат
ашасынан ұстап суырыңыз.
- Олай етпесеңіз, қуат сымы үзіліп кетіп, күйіп
қалуға, электр тоғы соғуына немесе қысқа
тұйықталуға байланысты өрт шығуына себеп
болуы мүмкін.
Бұйымды пайдаланған кезде сақ болу керек.
- Будың шығуы жарақат алуға себеп болуы
мүмкін.
Бұйымды өзінің арналған мақсатында,
матаны үтіктеу үшін пайдаланыңыз.
- Олай етпесе, жарақат алуға себеп болуы
мүмкін.
Төмендегі мата түрін пайдаланған кезде
байқалмайтын жерінен тексеріп көріңіз
немесе мата бүлінбеуі үшін үстіне шүберек
қойыңыз.
• Қымбат не арнайы өңделген маталар (барқыт,
акрил, нейлон, кашимир т.б.)
• Затбелгісінде “төмен температурада қыздыру”
немесе “орташа температурада қыздыру” деген
көрсеткіштер болатын жоғары температураға
төзімсіз маталар немесе қара түсті маталар.
- Олай етпесе, матаның бүлінуіне себеп болуы
мүмкін.
Үтікке су құйған, суын төккен, тазалаған жəне
пайдаланбаған кезде қуат ашасын əрдайым
суырып қойыңыз.
- Олай етпесеңіз, оқшаулағыштың нашарлауынан
электр тоғының шығуының салдарынан тоқ
соғуына немесе өрт шығуына себеп болуы
мүмкін.
Дымқыл маталарды үтіктеген кезде құрғақ
үтіктеу əдісін қолдану керек.
- Олай істемеу корпустан ыстық судың
шашыруының салдарынан күйіп қалуға себеп
болуы мүмкін.
Пайдаланып болғаннан кейін үтікті нұсқауға
сəйкес дұрыс орналастырыңыз.
- Олай істемеу бұйымның аударылып кетуіне
себеп болып, жарақат алуға немесе күйіп
қалуға себеп болуы мүмкін.
NI-GT500 series-08 KAZ.indd 6
2021/8/20 14:43:24