МАҢЫЗДЫ - тазалау және техникалық қызмет көрсету
Зерделі Calc-clean жүйесі
Құрылғыда жиі қақты кетіріп, тазалауды қамтамасыз ететін зерделі қақ тазалау жүйесі бар.
Бұл буды қаттырақ шығаруға және уақыт өте келе үтік табанынан кір мен дақтардың ақпауына
көмектеседі. Тазалау процесінің орындалғанына сенімді болу үшін, бу генераторы әдетте еске
салып отырады. Бұдан басқа бу генераторында қақ жиналмауы үшін екінші қорғау әрекеті
біріктірілген: ескерту болғаннан кейін, 1 сағат бу шығарып үтіктеген соң қақты кетіру
орындалмаса, бу шығару функциясы ажыратылады. Қақ тазарту орындалғаннан кейін бу
шығару функциясы қалпына келтіріледі. Бұл қолданылған су түріне қарамастан орындалады.
Дыбыспен және шаммен қақ тазалау еске салғышы
-
1 - 3 ай пайдаланудан кейін қақ тазалау шамы жыпылықтай бастайды және құрылғы қақ
тазалау процесін орындау қажет екенін көрсету үшін дыбыстық сигнал шығара бастайды
(Cурет 4).
-
Қақ тазалау шамы жыпылықтап және құрылғы дыбыстық сигнал шығарып жатқанда бумен
үтіктеуді 1 сағат бойы жалғастыруға болады, бу функциясы автоматты түрде өшіріледі.
Бумен үтіктеуді жалғастыру үшін қақ тазалау процесін орындау керек. (Cурет 5)
Кеңес. Бу қосқышын баспай құрғақ үтіктеуді жалғастыруға болады.
Қақ тазалау ыдысының көмегімен қақ тазалау процесін орындау
Қақ тазалау процесі кезінде құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз.
Ескерту. Үтікті қақ тазалау ыдысынан көтеру арқылы процесті үзбеңіз, өйткені табаннан
ыстық су мен бу шығады.
1
Су ыдысын жартылай толтырыңыз (Cурет 6).
2
Қақ тазалау процесі кезінде құрылғы тоққа қосылып тұрғанын және ҚОСУ күйінде
екенін тексеріңіз (Cурет 7).
3
Температура дискін CALC CLEAN (ҚАҚ ТАЗАЛАУ) күйіне бұраңыз (Cурет 8).
4
Қақ тазалау ыдысын үтіктеу тақтасына немесе кез келген басқа тегіс, тұрақты жерге
қойыңыз (Cурет 9).
5
Үтікті қақ тазалау ыдысына қозғалмайтын етіп қойыңыз.
Ескертпе. Қақ тазалау ыдысы қақ тазалау процесінің барысында қақ бөлшектерін және ыстық
суды жинауға арналған. Бүкіл процесс барысында үтікті осы ыдысқа қою мүлде қауіпсіз.
6
Қысқа дыбыстық сигналдарды естігенше қақ тазалау түймесін 2 секунд басып тұрыңыз
(Cурет 10).
7
Қақ тазалау процесі кезінде қысқа дыбыстық сигналдарды және соратын дыбысты
естисіз. Құрылғының процесті аяқтауын шамамен 2 минут күтіңіз (Cурет 11).
8
Қақ тазалау процесі аяқталғанда үтік дыбыстық сигнал шығаруды тоқтатады (Cурет 12).
9
Үтікті шүберекпен сүртіп алып, негізге қойыңыз (Cурет 13).
10
Қақ тазалау процесі кезінде қақ тазалау ыдысы ыстық болатындықтан оны ұстамас
бұрын шамамен 5 минуттай күте тұрыңыз.
11
Қақ тазалау ыдысын шұңғылшаға апарып, төгіңіз де, кейін тағы пайдалану үшін сақтап
қойыңыз (Cурет 14).
ҚАЗАҚША
38
Summary of Contents for GC 6606/20
Page 1: ...GC6600 series 4239 000 9026 5 ...
Page 86: ......