112
Қауіпсіз орын
Киімді қайта орналастыру кезінде үтікті қалдыру
Киімді қайта орналастыру кезінде үтікті түпқоймаға немесе көлденеңінен үтіктеу тақтасына (сурет 2)
қоюға болады. OptimalTEMP технологиясы үтіктің табаны үтіктеу тақтасының жабынын бүлдірмейтінін
қамтамасыз етеді.
Қуатты үнемдеу
Эко режимі
ECO режимін пайдалану арқасында (будың шығуын азайтады) үтіктеу нәтижесіне әсер етпестен
энергияны үнемдеуге болады.
1
ECO режимін белсендіру үшін ECO түймесін (сурет 14) басыңыз. Жасыл ECO шамы қосылады.
2
ECO режимін тоқтату үшін ECO түймесін қайта басыңыз. Жасыл ECO шамы өшеді.
Қауіпсіз автоматты өшіру режимі (yлгілерге арналған GC7833, GC7842,
GC7844, GC7846)
-
Энергияны үнемдеу үшін құрал 5 минут қолданылмай тұрса, автоматты түрде өшіп қалады. Қосу/
өшіру түймесіндегі автоматты өшетін шам жыпылықтай бастайды.
-
Құралды қайта іске қосу үшін қосу/өшіру түймесін басыңыз. Содан соң, құрал қайта қыза бастайды.
Абайлаңыз! Құрал розеткаға қосылып тұрса, оны бақылаусыз қалдырмаңыз. Қолданып болған
соң құрылғыны міндетті түрде розеткадан ажыратыңыз.
Тазалау және техникалық қызмет көрсету
Смарт қақ тазалау жүйесі
Құралда жиі қақты кетіріп, тазалауды қамтамасыз ететін зерделі қақ тазалау жүйесі бар. Бұл буды
қаттырақ шығаруға және уақыт өте келе үтік табанынан кір мен дақтардың ақпауына көмектеседі.
Тазалау процесінің орындалғанына сенімді болу үшін, бу генераторы әдетте еске салып отырады.
Дыбыспен және шаммен қақ тазалау еске салғышы
1–3 ай пайдаланудан кейін қақ тазалау шамы жыпылықтай бастайды және құрал қақ тазалау процесін
(сурет 15) орындау қажет екенін көрсету үшін дыбыстық сигнал шығара бастайды.
Бұдан басқа бу генераторында қақ жиналмауы үшін екінші қорғау әрекеті біріктірілген: қақты кетіру
орындалмаса, бу шығару функциясы ажыратылады (сурет 16). Қақ тазарту орындалғаннан кейін бу
шығару функциясы қалпына келтіріледі. Бұл қолданылған су түріне қарамастан орындалады.
Ескерту: Қақ тазалау процесі кез келген уақытта орындалуы мүмкін, тіпті дыбыс және шам еске
салғышы белсендірілмеген кезде.
Қақ тазалау ыдысының көмегімен қақ тазалау процесін орындау
Абайлаңыз! Қақ тазалау процесі кезінде құралды қараусыз қалдырмаңыз.
Абайлаңыз: Қақ тазалау ыдысының көмегімен қақ тазалау процесін үнемі орындаңыз. Үтікті қақ
тазалау ыдысынан көтеру арқылы процесті үзбеңіз, өйткені табаннан ыстық су мен бу шығады.
1
Су ыдысын жартылай (сурет 17) толтырыңыз.
Ескерту: Қақ тазалау процесі кезінде құрал тоққа қосылып тұрғанын және ҚОСУ күйінде екенін
тексеріңіз.
2
Қақ тазалау ыдысын үтіктеу тақтасына немесе кез келген басқа тегіс, тұрақты жерге қойыңыз.
3
Үтікті қақ тазалау ыдысына (сурет 19) қозғалмайтын етіп қойыңыз.
Қазақша