Ақаулық
Келел мәселе мүмкін себептері мен шешімдері
Менің жаңа үтіктеу
жүйемнен, оны алғаш
қосқанда, түтін
шығып жатыр.
Құралдың кей бөлшектері зауытта кішкене майлатылған, сондықтан
алғаш рет қыздырғанда кішкене түтіндеуі мүмкін. Бұл құбылыс әбден
нормалы нәрсе, және кішкене уақыттан соң ол жойылады.
Құрылғы еш бу
шығармайды.
Су ыдысында су жеткіліксіз болуы мүмкін. Су ыдысына су
толтырыңыз.
Бу шығарушы керекті мөлшерде қызбаған болар, шамамен 2
минуттай күтіңіз.
Бумен үтіктеу үшін алдын ала орнатылған температура тым төмен
болар.
2
немесе одан жоғары температураны таңдаңыз.
Су ыдысы бу шығарушыға дұрыстап орнатылмаған болар. Су ыдысын
бу шығарушыға дұрыстап орнатыңыз («сырт» ете түседі).
Температура түймесі өте жоғары нұсқауға орнатылғанда,
шығарылатын бу кебу болады, және оны көру қиын болады. Егер
сыртқы температура дегендей жоғары болса, ол одан да бетер
көрінбейді, ал егер температура MAX-ға орнатылған болса, ол мүлде
көрінбейді. Температура түймесін төменірек бағанаға орнатыңыз,
мәселен, үтік бу шығарып жатқандығын тексеру үшін
2
қойыңыз.
Автоматты Қақтан Тазалау процессі белсендірілді. Шамамен 4
минуттай күте тұрыңыз, содан соң құрал бумен үтіктеуге дайын
болады.
Астыңғы табаннан су
тамшылары шығып
жатыр.
Сіз бумен үтіктеуді бастаған болсаңыз, және бумен үтіктеуді шамалы
уақыттан соң жалғастырған болсаңыз, онда жабдықтау шлангісіндегі
бу суып, суға айналуы мүмкін. Соның себебінен астыңғы табанынан
біраз су тамшылары шығады. Бұл жағдай жаңадан үтіктеу бастағанда
немесе шамалы үзілістен кейін үтіктеуді жалғастырғанда орын алады.
Үтікті ескі киім үстінен ұстап тұрып, бу ілмегін тартпасын басыңыз.
Астыңғы табанынан судың орнына бу шыққанша күте тұрыңыз.
Бумен үтіктеу үшін алдын ала орнатылған температура тым төмен
болар,
2
немесе одан жоғары температураны таңдаңыз.
Біраз уақыт бумен үтіктегеннен кейін киіміңізде пайда болатын
суланған жерлер үтіктеу тақтасында суға айналған будың нәтижесі
болуы мүмкін. Суланған жерлерді бусыз үтіктеп, құрғатыңыз. Егер
үтіктеу тақтасы суланған болса, оны құрғақ шүберекпен сүртіп
құрғатыңыз.
Мүмкін бу шлангта жиналып қалған болар, температура
3
-ден
төмен қойылған болар, немесе құрал әлі бумен үтіктеуге дайын емес
шығар.
Үтіктің табанынан
қалдықтар мен
қоқыстар шығып
жатыр немесе үтіктің
табаны лас.
Суда бар болатын қосындылар мен химикаттар бу тесікшелерінде
немесе/және астыңғы табанында тұрып қалған болар. Астыңғы
табанын дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
ҚазаҚша
46
Summary of Contents for GC9140
Page 1: ...GC9140 ...
Page 2: ...2 ...
Page 3: ...3 OFF ON 22 23 24 1 2 4 5 3 6 7 26 27 28 8 13 14 15 16 12 11 10 9 17 21 18 19 20 25 1 ...
Page 4: ...4 ...
Page 104: ...104 ...
Page 105: ...105 ...
Page 107: ...107 22 23 24 25 26 ...
Page 108: ...4239 000 7502 2 ...