алғаш қолданар алдында
Бұл бу генераторы тек маталарды үтіктеуге және
жаңартуға арналған.
Бүкіл орама материалы мен жапсырмаларды алыңыз.
Бу генераторын пайдаланбай тұрып тақтадан қорғағыш
қақпақты алыңыз.
Бу генераторын әрдайым тұрақты және көлденең жерге
қойыңыз.
Әр пайдалану алдында су ыдысын толтырыңыз («Бу
генераторын пайдалану» тарауы, «Су ыдысын толтыру»
бөлімін қараңыз).
Бу генераторын пайдалану
Су ыдысын толтыру
Әрбір қолданыстан бұрын және «су ыдысы бос» шамы
жыпылықтағанда су ыдысын толтырыңыз.
1
Су ыдысын бу генераторынан шығарып алыңыз.
2
Су ыдысын ағынды сумен MAX («Ең жоғары»)
көрсеткішіне дейін толтырыңыз.
3
Су ыдысын бу генераторына орнына түскенше
сырғытыңыз.
Тек дистиллирленген суды пайдаланбаңыз, себебі ол
аздап қышқыл және құралға зақым келтіруі мүмкін.
Кеңес Құрал ағын сумен пайдалануға арналған. Суы қатты
аймақта тұратын болсаңыз, жылдам қақ тұруы мүмкін.
Бұл жағдайда құралдың қызмет мерзімін ұзарту үшін 50%
дистиллирленген суды және 50% ағын суды араластыру
ұсынылады.
ҚазаҚша
117