28
кіріспе
күн
Күн неше түрлі энергия береді. Көрінетін жарық, бізге көру мүмкіндігін береді, ультра фиолеттік (ультракүлгін) сәулесі, тотығу мүмкіндігін
береді, ал күндегі инфроқызыл (ИҚ) жарық, бізге ұнайтын жылу береді.
Тотығу құралы
Осы тотығу құралымен сіз үйіңізде ақ беймарал тотыға аласыз. Тотығу лампалары көзге көрінетін сәулелер, жылу және ультракүлгін
жарық шығарады. Олардың көмегімен сіз дәл табиғи күнге тотығып жатқандай әсер аласыз. Арнайы Ультракүлгін фильтірі тек тотығуға
арналған жарық сәулелерін ғана жібереді.
Тотығу лампалары жеткілікті түрде инфроқызыл сәулелерін шығарып, жайлы қызу қамтамасыз етеді.
Таймер сіздің қабылдап жатқан әр бір сеансыңыз 45 минуттан аспайтындығын қамтамасыз етіп отырады. Дәл табиғи күн сәулесі тәрізді,
тым көп тотығу керек емес («Тотығу және сіздің ден саулығыңыз» тармағын қараңыз).
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
A
Дөңгелектері
B
Тоқ сымы және сақтап қоятын орны
C
Ұстағыш
D
Таймер
E
Еске сақтау түймелері (екі адамға арналған)
F
Сырғымалар
G
Қондырғы
H
Биіктікті бейімдейтін бекітуші сақина
I
Лампа бөлігіне арналған бекітуші сақина
J
Ұстағыш
K
Желдеткіш (салқындатушы)
L
Лампа бөлігі
M
Ультракүлгін фильтірі
N
Тотығу лампалары (Philips HPA flexpower 400-600 түрі).
O
Рефлектор
P
Өлшегіш лентасы
Q
Қорғаныс көзілдіріктер (екі пар)
(HB071 түрі/қызмет нөмірі 4822 690 80123)
R
Табаны/негізі
S
Ерекше табан
Маңызды
Құралды қолданар алдында, осы нұсқауды ықыласпен оқып шығыңыз, әрі болашақта қолдануға сақтап қойыңыз.
Құралды қосар алдында, құралда көрсетілген вольтаж, жергілікті қамтамасыз етілетін вольтажға сәйкес келетіндігін тексеріп
алыңыз.
Құрал 16A стандартты тұйықтаумен қауіпсіздерленген жүйеге немесе қорытылған тежегіші бар автоматты жүйеге қосылуы тиіс.
Егер құралды қосып қойған қабырға розеткасы тоқпен нашар байланыста болса, онда құралдың вилкасы қызып кетеді. Дұрыс
орнатылған қабырға розеткасына құралды қосқаныңызға көзіңізді жеткізіңіз.
Егер тоқ сымы зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек Philips немесе Philips әкімшілігі берген қызмет
орталығында немесе соған тәрізді деңгейі бар маман ғана оларды ауыстыруы тиіс.
Су және тоқ өте қауіпті қиыстыру! Бұл құралды су қоршаған айналада қолданбаңыз (мысалы, ваннада, душтың немесе бассейіннің
жанында).
Егер сіз жаңа ғана суда малтыған болсаңыз немесе жаңа ғана душ қабылдаған болсаңыз, құралды қолданар алдында өзіңізді
тыянақты түрде сүртіп, кептіріңіз.
Балалар құралмен ойнамау керек.
Құралды қолданып болғаннан соң өшіріп отырыңыз.
Құралды қайтадан тасымалдау ұстанымына жинап, сақтап қояр алдында оны қолданып болғаннан соң, шамамен 15 минутқа
суытып қойыңыз.
Құралды тек тасымалдау ұстанымында ғана қозғалтуға болады.
Қолданып жатқанда лампа бөлігіндегі және негізіндегі тесiкшелер міндетті түрде ашық болуы тиіс. Лампа бөлігіндегі ауа кіретін
жерінен шашыңызды алшақ ұстаңыз.
Құрал қатты қызып кетуден сақтандыратын автоматты қорғаныспен қамтамасыз етілген. Егер құрал қажетті мөлшерде
салқындатылмаса (мысалы желдететін тесікшелері жабық болып қалса), онда ол автоматты түрде сөндіріледі. Қатты қызып кеткен
себебі жойылып, құрал суытылған кезінде, ол автоматты түрде қайтадан қосылады.
Құралда топсалы ілмектер бар, сондықтан саусақтарыңызды осы бөліктерге қысып алмас үшін, абай болыңыз.
Бұл құралды ұсынылған тотығу уақыты мен ең көп дегендегі тотығу сағаттарынан қолдануды асырмаңыз («Тотығу сеанстары:
қаншалықты жиі және қаншалықты ұзақ» тармағын қараңыз).
Тотығу аралығын 65 см.ден төмен етпеңіз.
Денеңіздің бір бөлігін күніне бір реттен артық тотықтырмаңыз. Тотыққан күні күн астында ұзақ жүрмеңіз.
Егер сіз ауырсаңыз немесе сіздің теріңіздегі сезімталшылығыңызды арттыратын дәрі-дәрмектерді не болмаса косметика қолданып
жүрген болсаңыз, онда бұл құралды қолдаңбаңыз. Егерде сіз Ультракүлгін жарығына ерекше сезімтал бослаңыз, онда өте абай
болыңыз. Күмәнданбау үшін, өзіңіздің дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Бірінші сессиядан кейін 48 сағат өткеннен соң қышыну тәрізді күтпеген әсер пайда болса, құралмен қолдануды тоқтатып,
дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Бұл құралды күнге күйместен ақ терісін күйдіріп алатын адамдарға, күнге күйгеннен зардап шегетін адамдарға, балаларға, немесе
терісінің қатерлі ісігі бар (немесе бұрында болған), не болмаса терінің қатерлі ісігіне бейімді адамдарға қолдануға болмайды.
Егер теріңізде ұзаққа созылған ісіктер немесе жаралар пайда болған болса, немесе пигментті дақтар пайда болса, дәрігеріңізбен
кеңесіңіз.
Көздеріңізді ауыртып алмас үшін, міндетті түрде қосымша берілген қорғаныс көзілдіріктерін киіңіз (сонымен бірге «тотығу және
сіздің денсаулығыңыз» тармағын қараңыз).
Тотығу сеансын алар алдында, біраз уақыт бұрын барлық косметикаңызды, ерін бояуын, кремдерді сүртіп тастаңыз.
-
,
,
,
,
,
,
,
,
,
,
,
,
,
,
,
,
,
,
,
,
,
,
ҚазаҚша
Summary of Contents for HB823/01
Page 1: ...Suncare Sun Mobile HB823 ...
Page 2: ... G B R F C F H K J A L O N E D I S M P Q 1 ...
Page 68: ...68 2 3 4 5 6 7 8 9 10 2 1 11 12 13 2 1 14 15 1 3 2 16 17 18 19 20 21 ...
Page 69: ...69 22 ...
Page 70: ...70 ...
Page 71: ...71 ...
Page 72: ...4222 002 6125 3 ...