47
ҚазаҚша
сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз адамдар (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны
қолданбауы керек.
-
Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
-
Қысқа тұйықтау болмау үшін, құралдың штепсельдік ұшына арналған ұяға темір қосылған
затты кіргізбеңіз.
Ескерту.
-
Ladyshave құралын душқа түсетін судан ыстық (ең жоғ. 40°C) сумен жумаңыз.
-
Құралды тек 10°C және 40°C температура аралығында зарядтауға, пайдалануға және
сақтауға болады.
-
Бұл құрал тек әйелдердің денесіндегі түкті қыруға және қысқартуға арналған. Құралды
бастағы шашты қыру немесе қысқарту үшін және басқа да мақсаттарда қолдануға
болмайды.
-
Құралдың қыратын басы мен дәл қысқарту басын тек аяққа, қолға, қолтыққа және бикини
тұсына қолданыңыз. Құралдың қыратын басын еш уақытта дененің басқа бөліктеріне
(мысалы, бетке) қолданбаңыз.
-
Бикини тұсынан басқа дененің ұятты жерлерін дәл қысқарту ұшымен
тарақсыз қырмаңыз. Теріні жарақаттауы мүмкін.
-
Құралды зарядтағанда, розетка жұмыс жасап тұрғанын тексеріңіз. Жуынатын бөлмедегі
жарықты сөндіргенде, қол жуатын шұңғылшаның үстіндегі айналы шкафтарға
орнатылған электр розеткаларына немесе электр ұстарасына арналған розеткаға
электр қуаты берілмей қалуы мүмкін.
-
Көзге зақым келтірмеу үшін, оптикалық жарықты көзге тура бағыттамаңыз.
-
Шу деңгейі: Lc= 65 дБ (A)
Жалпы ақпарат
-
Бұл құрал халықаралық мақұлданған IEC қауіпсіздік ережелеріне сәйкес келеді,
сондықтан ваннада немесе душта қолдануға және ағын сумен жууға болады (Cурет 2).
-
Құралда кернеудің автоматты таңдағышы бар, сондықтан, кернеуі 100 және 240 вольт
аралығындағы розеткаларға жалғауға болады.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Бұл Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сәйкес
келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми
дәлелдерге сәйкес, құрал пайдалану үшін қауіпсіз.
Пайдалануға дайындау
зарядтау
Батареялар толығымен зарядталуы үшін шамамен 10 сағат керек. Батареялардың заряды
толық болса, құралды сымсыз түрде 40 минут қолдануға болады.
Ток көзіне қосар алдында, құралды міндетті түрде өшіріп қойыңыз.
1
Құралдың қуат сымын құралға жалғаңыз (1). Адаптерді қабырға розеткасына қосыңыз
(2) (Cурет 3).
,
Адаптердің зарядталу шамы жанады.
Ескертпе. Құрал толық зарядталғанда да адаптердегі зарядталу шамы жанып тұра береді.
Summary of Contents for HP6370
Page 1: ...HP6370 ...
Page 2: ......
Page 3: ...1 ...
Page 4: ......
Page 113: ...113 ...
Page 114: ......
Page 115: ......
Page 116: ......
Page 117: ...2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 ...
Page 118: ...22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 ...
Page 119: ......
Page 120: ...4203 000 6710 2 ...